§24 Лексикалық минимум
I септеу зат есімдер
bursa,ae f қалта
pleura,ae f плевра
valvula,ae f қақпақша
vena portae қақпақты көктамыр
II септтеу зат есімдер
cerebellum, i n мишық
cerebrum,i n үлкен бас ми
encephalon,i n бас ми
nervus,i m жүйке
|
oculus,i m көз
ostium,i n саға
I топ сын есімдер
cavus,a,um қуысты
laryngeus,a,um көмейлік
magnus,a,um үлкен
parvus,a,um кіші
pharyngeus,a,um жұтқыншақ
profundus,a,um терең
|
Тақырып: Сын есімдердің күшейтпелі шырайы. Сын есімдер туралы мәліметтердің қорытындысы. Кейбір префиксальді күрделі және зат есімге айналған сын есімдер туралы мәліметтер.
§25.Сын есімнің күшейтпелі шырайы.
Күшейтпелі шырай жай шырайдың негізіне қосылатын жұрнақ -issim- және -us, -a, -um
жалғаулар арқылы құрылады.
жай шырайдың
Nom.sing.
|
негізі
|
-issim- жұрнақ
|
Род түрлерінің жалғаулары
-us(m), -a(f), -um(n)
|
longus
longa
longum
|
long-
|
-issim-
|
longissimus
longissima
longissimum
|
-er жалғауға аяқталатын сын есімдерде күшейтпелі шырайда -rim- жұрнақ және род жалғаулары us, a, um атау септікте қосылады.
Жай шырай түрдегі -er жалғауға аяқталатын сын есімнің Nom.sing.
|
негізі
|
-rim- жұрнақ
|
Род түрі жалғаулар
-us(m), -a(f), -um(n)
|
ruber
rubra
rubrum
|
ruber-
|
-rim-
|
ruberrimus
ruberrima
ruberrimum
|
NB! Қосарлы дауыссыз дыбыс -ss- және -rim- күшейтпелі шырайдың белгісі. Күшейтпелі шырайдың жалғаулары 1 топ сын есімнің жалғауларына сәйкес келеді.
Шырайлары басқа түбірден құралған сын есімдер
қазақша
|
жай шырай
|
салыстырмалы шыр.
|
күшейтпелі шырай
|
үлкен
кіші
жақсы
жаман
жоғарғы
|
magnus,a,um
parvus,a,um
bonus,a,um
malus,a,um
-
|
major, jus
minor, us
melior,ius
pejor, jus
superior,ius
|
maximus,a,um
minimus,a,um
optimus,a,um
pessimus,a,um
supremus,a,um
|
Күшейтпелі шырайдағы сын есімдер зат есіммен жалпы ережелер бойынша қиысады. Мыс.: musculus longissimus - ең ұзын бұлшықет, linea longissima - ең ұзын сызық. Күшейтпелі шырай сын есімдер 1 топ сын есімдей септелінеді.
Nom.sing. -us,-a, -um
Gen.sing. -i, -ae, -i
§26 Жаттығу
Арқаның ең жалпақ бұлшықеті, арқаның ең жалпақ бұлшықетінің қалтасы, желкенің ең жоғарғы сызығы, ең үлкен бөкселік бұлшықет, кеуде қуысының ең ұзын бұлшықеті, ін жоғарғы мұрындық кеуелжір ең кіші бөкселік бұлшықет, мойынның ең ұзын бұлшықеті, ең кіші саусақ, шынашақтың ең қысқа бұлшықеті.
§27.Аффикстер(приставкалар) туралы мәліметтер.
Анатомиялық терминдердің орнын анықтау үшін префиксальді сын есімдер жиі қолданылады.
Төмендегі аффикстерді(приставкалар) және олардың мағынасын есте сақтаңыз:
inter - аралық intercostalis,e -қабырға аралық
intra - ішінді intravenosus,a. um - тамыр ішінде
infra - астында infraclavicularis,e - бұғана астындағы
sub - астыңғы sublingualis,e тіл асты
hypo -астыңғы hypoglossus,a,um(грек) - тіл асты
epi - үстінгі epigastricus,a,um - құрсақ үсті
pre(prae) - алдыңғы precаecalis,e - соқыр ішек асты
post - артқы postcentralis,e орталық артқы
retro - артқы retroauricularis,e - құлақ арты
para - жанында paravaginalis,e - қынап жанындағы
peri - айнала pericardialis,e - жүрек айнала
supra - үстіңгі supraspinatus,a,um - қылқан үстінгі
§28 Күрделі сын есімдер туралы мәліметтер.
Бір органнан басқа органға немесе екі органдарға жайылатын анатомиялық органдарды (жүйке, тамыр, өзек) атау үшін екі-үш негізден(түбірден) тұрған күрделісын есімдер қолданылады. Күрделі сын есімдерденегіздердауысты -о- арқылы байланысады, мыс.: nervus musculocutaneus - тері-бұлшықеттік жүйке, musculus brachioradialis - көрі жілік-иықтық бұлшықет, canalis humeromuscularis - бұлшықеттік-иықтық өзек
§29 Жаттығулар.
1. Сәйкес аффикстерді қойыңыз:
...costalis,e қабырға асты, ...osseus сүйек аралық, ...mucosus,a,um кілегейлі асты, ...orbitalis,е көз шарасы асты , ...pharyngeus,a,um жұтқыншақ артқы, ...clavicularis,e бұғана үстінгі, ...muscularis,e бұлшықет ішкі, ...mandibularis,e төменгі жақ асты, ...lingualis,e тіл асты(лат).
2.Аударыңыз:
spatium intervaginale, plexus hypogastricus superior, ramus superclavicularis medialis, ganglion submandibulare, spatium perivasculare, ganglion intervertebrale, ductus sublingualis major, vena retromandibularis, sutura intermaxillaris.
3.Терминдерді оқып аударыңыз:
plexus lumbosacralis,ganglion pterygopalatinum, sutura zygomaticomaxillaris, nervus nasociliaris, ductus nasolacrimalis, sutura sphenoparietalis, sinus sphenoparietalis, arteria gastroduodenalis, ligamentum sacrococcygeum dorsale profundum.
Достарыңызбен бөлісу: |