З. Б. Молдашева Латын тілі және медициналық


§ 22.Сын есім салыстырмалы шырайдың септелуі және зат есіммен қиысуы



бет11/27
Дата09.01.2024
өлшемі0.79 Mb.
#488715
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Анатомиялық терминология оқу құрал

§ 22.Сын есім салыстырмалы шырайдың септелуі және зат есіммен қиысуы.
Салыстырмалы шырай сын есімдер 3-ші септеу бойынша септелінеді:
Nom.sing. longior, ius
род түрі m,f n
cептеу III
Gen.sing. longior+is = longioris(m,f,n)
Nom.sing. Gen.sing.
major(m)
major(f) majoris
majus(n)
1. Cын есімнің салыстырмалы шырайының түбірі Gen,sing. бойынша анықталады.
2. Үш род түрінің түбірі бірдей болады.
3. Nom.sing, Gen.sing. негізі формалары бірдей
Мыс.: Nom.sing. major(m,f) majus(n)
Gen.sing. majoris(m,f,n)
негізі major-
Сын есімдердің салыстырмалы шырайы жай шырай сияқты зат есімдермен род түрде, жекеше,көпше түрде, септікте қиысады. Мысалы: arcus anterior - алдыңғы доға, fossa anterior - алдыңғы шұңқыр, tuberculum anterius - алдыңғы төмпешік.
§23. Жаттығулар.
1. Сын есім салыстырмалы шырайының сөздік түрін құрастырыңыз, ілік септікке қойыңыз:
minor, major, anterior, inferior, posterior, superior, longior, brevior, albior.
2. Аударыңыз:
anterius, superius, inferior, minus, major, anterius, inferior, posterius, longior.
3. Терминдерді құрастырыңыз:
жоғарғы (өсінді, тілік, тесік); артқы (доға, беткей, жалғама); үлкен (жүйке, қанат, бас); үлкен және кіші мүйіз, алдыңғы (төмпешік, жалғама, тесік, жүлге); төменгі (қуыс, бөлік, қылқан); кіші (төмпешік, тесік, шұңқыр)
4. Аударыңыз:
Spina nasalis anterior, sulcus palarinus minor, fissura orbitalis superior, vena laryngea inferior, facies articularis anterior, linea temporalis superior, tuberculum posterius atlantis, processus articularis superior ossis, linea nuchae superior, fossa cranii anterior, musculus pectoralis minor, facies posterior partis petrosae, ala major ossis sphenoidalis, musculus rectus superior bulbi oculi.
5.Ереже бойыншы аударыңыз:
Үлкен таңдайлық канал, трахея және үлкен кеңірдек, төменгі мұрындық қалқан, алдыңғы көз жас қыр, кіші тастақты нерв, төменгі қалқанша төмпешік, артқы бойлық жалғама.
6. Терминдерді Gen.sing. қойыңыз:
Processus superior, incisura superior, foramen superius, arcus posterior, facies posterior, ligamentum posterius, sulcus major, ala major, caput majus, cornu majus et minus, incisura ischiadica major, tuberculum posterius.
7.Терминдерді латын тіліне аударыңыз:
Үлкен таңдайлық жүлге, жоғарғы көлденең жалғама, үлкен таңдайлық тесік, жоғарғы көлденең артерия, алдыңғы бойлық жалғама, жоғарғы мойындық ганглий, үлкен тастақты нерв, артқы торлы тесік, төменгі буынды өсінді, жоғарғы артқы қылқын, алдыңғы сегізкөздік тесік, алдыңғы терілік тармақ, алдыңғы тілдік без, үлкен тіластылық өзек, төменгі ерін.
8.Тиісті жалғауларды жалғаңыз, аударыңыз:
Fissura orbital... inferi..., foramen thmoidal... anteri..., processus articular... inferi..., ligamentum longitudinal... anteri..., plexus hypogastric... superi....
Нақыл сөздер: 1. Status localis - жергілікті жағдай. 2.Status quo - бір қалыпты. 3.Tabula rasa - таза тақта. 4. Respublica est res populi - республика -қалық ісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет