З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет38/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Көпмәдениеттi тұлға деп өз мəдениетi арқылы өзге мəдениеттерге 
бағыт ұстаған адам ұғынылады. Төл мəдениеттi терең бiлуде ол өзге 
мəдениеттерге қызығушылықтың iргетасын қаласа, көп мəдениетпен танысу -
рухани баю мен дамудың негiзi болады. (3.8-кесте)
3.8-кесте
Көпмəдениеттілік туралы ілімді зерттеген ұлы ғалымдар мен 
ағартушылар, ғалым-философтар, педагог-ғалымдар
Көпмəдениеттілік 
туралы 
ілімді алғаш зерттеген ұлы 
ғалымдар мен ағартушылар
Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, 
М.Х. Дулати, Ш. Уəлиханов, Ы. 
Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов
Көпмəдениеттілік білім беру 
идеясын алғаш көтергендер 
ғалым- философтар
М.М. Бахтин, Н.А. Бердяев, 
Н.О. Лосский
Тəуелсіздік алған кезден бері
зерттеген педагог-ғалымдар
М.А. Абсатова, М.Х. Балтабаев, Р. 
Башарұлы, Қ.Б. Бөлеев, Б.А. Жетпісбаева,
К.Ж. Қожахметова, Ш.М. Мұхтарова, С.У. 
Наушабаева, В.В. Сергеева, С.А. Ұзақбаева
Көпмəдениетті білім берудің 
теориясы мен практикасына 
шетелдік ғалымдар
В.С. 
Библер, 
Дж. 
Бэнкс, 
Р. Гарсия, К. Грант, Д. Голлник, А.Н. 
Джуринский, Г.Д. Дмитриев, В.А. Ершов,
Л.В. Колобова, М. Коул, Д. Ли, В.В. 
Макаев, З.А. Малькова, Л.Л. 


59
Бүгінгі таңда əлемде кең өріс алып отырған көпмəдениетті білім 
берудің басты мақсатын айқындауды ғалымдар бірнеше тұрғыда 
қарастырады. Американдық ғалымдар, мысалы, ең бастысы, американдық 
қоғамның əрбір мүшесі өздерінің нəсілдік, ұлттық, əлеуметтік, гендерлік, 
мəдени жəне діни айырмашылықтарына қарамастан, білім берудің барлық 
деңгейінде сапалы білім алуы деп санайды. Ресейлік зерттеушілер мұндай 
білімнің негізгі мақсаты өскелең ұрпақты мəдени өзгешеліктерге құрметпен 
қарауға тəрбиелеу жəне көпмəдениетті ортада өмір сүруге даярлау деп 
есептейді.
Отандық ғалым-педагогтар көпмəдениетті білім берудің басты 
мақсаты:
- ұлттық құндылықтарға (ана тілі, төл мəдениеті, тарихи жады, салт-
дəстүрлері жəне т.б.) ұқыпты қарауға тəрбиелеу; 
-тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ететін
мəдени ерекшеліктерге деген оң қарым-қатынасқа тəрбиелеу; 
-əлем мəдениетінің негіздеріне бейімдеу жəне басқа халық өкілдеріне
құрметпен қарауға тəрбиелеу; 
Тағы бір ерекшелік: Қазақстанда көпмəдениетті тұлғаны қалыптастыру 
мен дамыту міндеттерін көпмəдениетті білім беру жүйесімен қатар, 
этностық-мəдени бiлiм беру саласы да атқарады.
Көпмəдениеттi тұлғаны қалыптастыруға бiлiм беру жүйесi арқылы 
барынша тиiмдi қол жеткiзуде. Бұл міндетті орындауда көпмəдениеттi білім 
жəне этностық-мəдени бiлiм жүйелері үлкен рөл атқарады (3.9-кесте). 


60
3.9-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет