З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет37/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Баланың адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру туралы
отбасындағы адамгершілік-психологиялық ұстанымдарын анықтап, түсінік 
беріңіз. 
2. «Мұғалім-оқушы-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық қарым-
қатынастың нормаларын сақтауда мұғаліміге қойылатын қандай міндеттер 
мен талаптарды айта аласыз? 
1-тапсырма. Оқушы отбасымен педагогтың қарым-қатынасындағы
проблемалық жағдаяттардың себептері мен оларды шешу тəсілдері туралы 
«Ашық жəне жабық сұрақтар» құрастырыңыздар жəне топта талдау 
жасаңыздар. 


58
3.5. Көпмəдениетті ортадағы педагогикалық қарым-қатынас
Мəдениеттер арасындағы қарым-қатынас деген ұғымға тоқталар 
болсақ, ғылыми əдебиеттерде көрсетілгендей, ол əртүрлі тілде сөйлейтін 
жəне əртүрлі мəдениет иелері арасындағы қатынастар жиынтығы болып 
табылады. Яғни мəдениетаралық қарым-қатынас дегеніміз - ол əртүрлі 
мəдениет өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауы. 
Австриялық ғалым Х.Ю.Крумның мəдениетаралық қарым-қатынас 
жайлы еңбектеріне сүйенер болсақ, ол факторлар төмендегідей: жеке бастың 
қарым-қатынас біліктілігі, сұхбаттасқан адамның жан дүниесін тануға деген 
құлшыныс, сол халықтың мəдени құндылықтары жайлы білім .
Мəдениетаралық қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастырудың
дамытудың алғы шарттары: 
а) жат мəдениетті түсініп, өз мəдениетін саналы түрде меңгеру, яғни 
рецептивтік іскерліктер: басқа мəдениет өкілдерінің вербальды жəне 
вербальды емес əрекеттерін түсіне білу; 
б) басқа мəдени орталарда дұрыс əрекеттену іскерлігін дамыту,яғни 
продуктивті іскерліктер: сөз туындылары мен вербалды емес əрекеттерді 
дұрыс жəне белсенді түрде туындата білу; 
в) жаңа заманның талаптарына орай, бəсекеге қабілетті, 
мəдениетаралық қарым-қатынас құзіреттілігі қалыптасқан, кəсіби маман 
даярлау бүгінгі білім беру жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет