З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


Диалогты қарым-қатынасқа сипаттама



Pdf көрінісі
бет42/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Диалогты қарым-қатынасқа сипаттама
Білімалушылардың 
диалогтік 
қарым-
қатынастағы 
тұлғалық 
қасиеттерінің 
дамыту міндеттері
Өзгені өзімен тең санап, тұлға ретінде қабылдауға 
қалыптасу;
Қарым-қатынас процесінде қарым-қатынасқа, 
икемділікке жəне өзін-өзі ұстай білуге тəрбиелей 
білу;
Өз-өзін сыни талқылауға дайындығын дамыту.
Диалогтік қарым-қатынас бұл педагогикалық қарым-қатынаста 
мəдениеттіліктің жоғарғы деңгейін қалыптастырушы жəне оқушылардың 
белгілі бір білім теориясымен қарулануы болып табылады.
3.12-кесте 
Дəрістік қарым-қатынасқа сипаттама
Дәрістік 
қарым-қатынаста 
оқушылардың танымдық әрекетінде 
белсенділікке жетелеу тәсілі
Тыңдаушылардың 
қатысуымен 
мəселе туындатып, оны шешу.
Танымдық əрекетінің əдіс-тəсілін 
қолдана білу.
Сұрақты ойлану уақытын ұтымды 
таңдау.
Ойын жəне нақты мəселені қолдану;
Іштей, ойша ойлау.
Болашақ кəсіби қызметке маңызды 
ақпаратқа ерекше көңіл аудару.
Дауыс ырғағын басқара білу.
Педагогтың шығармашылығындағы қарым-қатынас балаға өте 
дəлдікпен əсер ете алу іскерлігі. Міне, осында педагогтың жеке тұлғасында 
педагогтың жеке тұлғалық қасиеттері, шығармашылығы жақсы аңғарылады 
жəне қарым-қатынаста белсенді болуы тиіс. Педагогикалық қарым-қатынас 
сонда ғана тиімді болады.
Педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жалпы 
мəдениетінің бір қыры мұғалім тек сөйлеуші емес сонымен қатар жақсы 
тыңдаушы да бола алуы керек. Мұғалімдердің өз шəкірттеріне үлкен 
құрметпен жəне сеніммен қараулары, оқу-тəрбие процесінде балалар 
жауабын тыңдауда оларды қолдап, құптап, олардың ойларына, жауаптарына 
ризашылығын білдіріп отырса, педагогикалық қарым-қатынас əсерлі де 
тиімді болып, табысты нəтижесін көп күттірмейтін болады.
Педагогтың мəдениетілігі
оның педагогикалық əрекеттеріне 
адамгершілік тұрғыдан реттейді. Барынша толыққанды кəсіби-этикалық 
сипаты мен мақсатқа сəйкестігі педагогикалық тəртіптің (мінез-құлықта) 
келесі сипаттарында көрсетіледі:
- талапшылдық, жеке бастың қасиетін қорламау, түртпектей


64
бермеуінде;
- қарым-қатынас барысында табиғилық, қарапайымдылық танытып,
өрескелдікке жол бермеуінде;
- бірбеткейліксіз ұстанымшылдығы жəне табандылығында;
- зеректік пен сезімталдығында;
- тұлғаның жеке басын қорламайтын əзіл-сықақ қолдана білуінде;
- иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау жəне қысымшылық пен
қорлықсыз жазалай білуінде;
- өз білімі мен кəсіби даярлық деңгейіңнің артықшылығын атап айтпай-
ақ білімалушыларды оқыту жəне тəрбиелей білу қабілетінде; 
- білімалушыларды тыңдай білуі, оның жəне өзгелердің сұрақтарға
берген жауаптарына тыңғылықты қарай білуінде.
Педагогикалық қарым-қатынастың адамгершілік мəдениеті жəне оны 
қалыптастырудың жолдары адамгершіліктің бес құндылығы арқылы іске 
асыруға болады:
1. Сүйіспеншілік - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным
тұғыры, риясыз, ынтық, нəзік сезім,махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа 
бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік 
сезім. 
2. Дұрыс іс-əрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде
беріледі жəне іс-жүзіне асырылады. Дұрыс əрекет ету қағидасы – өзіңе де, 
басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу. 
3. Қиянат жасамау - ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық жəне жан
тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тəтті жеміс. Рақымдылық,
мейірбандық, əр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай 
оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына 
көнсе, жалған шықпайды.
4. Жан тыныштығы, адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның
отбасында да тыныштық болады. Ал, отбасында тыныштық болса, қоғамда 
да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық 
болады. 
5. Ақиқатты тану, рухани кəусар бұлақ көзінен жолды іздеп табу - бұл
əрбір жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың жəне 
өмірге жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндет[21].
Жоғарыда атап көрсеткендей, педагогикалық қарым-қатынас 
педагогтың адамгершілік мəдениеті жəне оны қалыптастырудың жолдары 
адамгершіліктің бес құндылығы арқылы түрлі оқу-тəрбиелік міндеттерін 
шешу барысында көрініп, олардың кəсіби қызметіндегі мəдениетінің 
тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет