Ілік септігі
Ілік септігінің мағыналарына назар аударыңыз:
(оқытушымен бірге талқылаңыз)
- бір нәрсе тиесілі жақ тұлға
- зат/жақ анықтамасы
- бүтіннің бөлшегі
- жыл мезгіліндегі ай және жыл
- әрекет немесе оқиға
- анықтауыш
Дастанның машинасы бар.
Мынау ағамның үйі
Мынау қаланың орталығы
Романның бірінші тарауы
Бүгін 2006-шы жылдың 15 наурызы
Бұл 1986-ші жылдың
16 желтоқсанында болған.
Бұл - қазақ тілінің оқулығы
Мынау университеттің ғимараты.
Біз Ш.Айматовтың әңгімесін оқыдық.
!
1-тапсырма. Модель бойынша сұқбаттасулар (диалог) құрыңыз.
а)
А: Неге кешіктіңіз?
Б: Мен аудиторияның номерін ұмытып
қалдым.
номер – үй, пәтер, автобус;
аялдама, станция, көше аты;
мұражай – мекен-жай.
б)
А: Мына кісі кім?
Б: Факультеттің деканы ғой, білмейсің
бе?
фирма – директор;
теледидар – диктор;
«Егемен Қазақстан» - тілші;
оркестр – дирижер;
мәжіліс – депутат;
директор – хатшы;
министр – орынбасар.
в)
А: Кеше не тыңдадыңыздар?
Б: Шәмші Қалдаяқовтың әндерін.
Нұрғиса Тілендиев – күйлер;
Роза Рымбаева – концерт;
Бибігүл Төлегенова – екінші концерт;
Моцарт – опера.
2-тапсырма. Модель бойынша сұқбаттасулар (диалог) құрыңыз.
а)
Достарыңызбен бөлісу: |