З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Б: Мен туралы ма? Не болды? А



Pdf көрінісі
бет13/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Б: Мен туралы ма? Не болды?
А: Бізге сенің кеңесің керек.
Сіз – көмек;
Ол – консультация;
Сен – сурет;
Ол – жаңа адрес;
Сіз – қолыңыз.
Барыс септігі
 Барыс септігінің мағыналарына назар аударыңыз:
(оқытушымен бірге талқылаңыз)
- әрекет мекені 
- бір қалып-күйді басынан 
өткеруші жақ, тұлға
- адресат (тақырыптарда, адрестерде)
- жақ, тарап қозғалыс
Күнде әкеме хабарласамын.
Маған өте көңілді.
Дастанға футбол ұнайды.
Жастарға, жас ақынға
Ертең ректорға кіремін.


12
- мақсаты ретінде
- қозғалыс бағыты 
- қозғалыстың аяқталу нүктесі
 - әрекет мезгілі, уақыты 
Кешке шешеме барамын.
Таңертең университетке барамын.
Қалаға барамын.
Театрға дейін қалай баруға болады?
Түске дейін келді.
1-тапсырма. Барыс септігі жалғауларын есіңізге түсіріңіз.
2-тапсырма. Барыс септігін меңгеретін етістікке назар аударыңыз, барыс септікті, сөз 
тіркесін, жай сөйлем құраңыз. Кестені пайдалануға болады. 
а) 
телефон соғу (звонить)      
(звондау)         
сену кімге? неге?      
кімге? оқытушы
хатшы
саясаткерлер, газеттер
президент, банктер
б) не?
беру          
кімге? 
дос
сәлем айту
кімге? 
достар
кітап беру     
кімге? 
аспирант
сувенир сыйлау      
кімге? 
қонақ
ақша қайтару      
кімге? 
кредитор
хат қалдыру         
кімге? 
көрші
сыйлық әкелу      
кімге? 
балалар
ашық хат жіберу     
кімге? 
туыстар
жеделхат салу      
кімге? 
ата-ана
велосипед сатып алу      
кімге? 
қыз
ереже түсіндіру         
кімге? 
студенттер
хат жазу         
кімге? 
тәте, аға
көрнекті орындарды көрсету     
кімге? 
туыстар
Қазақстан туралы әңгіме айту      
кімге? 
студент
кездесу туралы хабарлау     
кімге? 
тыңдаушылар
келіссөз туралы есіне салу    
кімге? 
директор
в)
көмектесу кімге? шеше       
кедергі келтіру кімге? аға     
тыйым салу кімге? спортсмен     
уәде беру кімге? әже       
тамақ дайындау
сабақ оқу
темек шегу
кіріп шығу
г)
таңдану неге?    
қуанау неге?   
Жаңалық
әкемнің келуі


13
е)
дайындау неге    
бару кімге     
емтихан
дәрігер
3-тапсырма. Модель бойынша сұқбаттасу (диалог) құрыңыз.
а) 
А: Алмасқа әкесіне хабарлассын деп 
айтыңызшы!
Б: Кімге? Әкесіне ме?
Жақсы. Айтамын.
Маржан – күйеуі;
Назым – ата-анасы;
Үміт – қызы;
Жеңіс – Айдос Ғалымұлы;
Жанар – баласы
б)   
А: Қайда болдың?
Б: Ата-анама сыйлық сатып алдым
А: Сатып алдың ба? Көрсетші.
А: Шешеме білезік,
ал әкеме галстук алдым.
Туыстар тәте – ваза;
Аға – шарф;
Ағалар – Нұрлан-кроссовка;
Ерлан – сағат;
Әпкелер: Сәуле – домбыра
Ғалия – моншақ;
Достар: Рахым – фотоальбом;
Раушан – сырға
Әріптес: Аманкүл –духи;
Ақмаржан – сөздік.
4-тапсырма. Модель бойынша сұқбаттасу (диалог) құрыңыз.
А: Сен Айгүлге, туған күніне барасың ба?
Б: Жоқ, бара алмаймын.
Мен ағама үйде күтемін деп уәде берген 
едім.
Балжан – кеш - әке;
Сәуле, Айжан – қоныс той;
Данияр – қорғау - әпке;
Илияс – көрме - аға
5-тапсырма. Жіктеу есімдігінің барыс септігіндегі тұлғасын есіңізге түсіріңіз.
Жіктеу есімдігінің барыс септігіндегі тұлғасы
Мен – маған        
Сен – саған       
Сіз – сізге        
Ол – оған         
Біз – бізге
Сендер – сендерге
Сіздер – сіздерге
Олар - оларға
6-тапсырма. Модель бойынша сұқбаттасу құрыңыз.
а)   
А: Сен ағама телефон соғасың ба? 
Б: Жоқ ол өзі маған хабарласады.
Ол – шеше;
Ол – ата-ана;
Олар – Жеңіс;
Сіз – Маржан;
Назым - әке;
Сіз - әпкелер.


14
б)   
А: Шешеме хабарласа алмай отырмын. 
Телефоны  үнемі  бос  емес.  Сен  кейінірек 
хабарласа аласың ба?
Б: Иә. Не айтайын?
А: Оған мені әжесіне кетті деп 
айтыңызшы.
әке –дәрігер;
ата-ана –ата;
директор – заңгер;
Айдос – проректор;
Айман – директор;
Айжан – декан.
в)
А: Кімге хат жазып отырсың?
Б: Серік Байболұлына.
А: Оған менен сәлем айт.
Жанат, Мақсат;
Айгүл, Назгүл;
Марат, Нұрбол;
Ербол, Ерсайын Серікұлы
г) 
А: Шуламашы.
Б: Не болды?
А: Әкем жұмыс істеп отыр, ал сен оған 
кедергі жасап отырсың (мешаешь).
Мен – дайындалу;
балалар – ұйықтау;
ата –телевизор көру;
біз – мақала аудару;
көрші – демалу
д) 
А: Сен бүгін Дастанға барасың ба?
Б: Иә.
А:  Ертең  оған  мені  кіріп  шығады  деп 
сәлем айт.
Зәуре,  Күләш,  Раушан,  Бақыт,  Толқын, 
Қарлығаш.
е)
А: Сен кабинетіңдесің бе? Мен саған бірер 
минутқа кіріп шыққым келеді.
Б: Не болды?
А: Жай, мен саған қарызымды бергім келеді.
Б: Қандай қарыз?
А: Мен саған бес мың теңге қарызбын.
Сіз, ол, олар, көрші, Назым, Жанна.
Кімге не ұнайды? Кімге не ұнады?
Оларға мына картина 
ұнайды.
Маған мына кітап ұнады.
Саған фильм ұнады ма?
Бізге осы ғимарат ұнады.
Мына ән сізге ұнады ма?
!
7-тапсырма. Модель бойынша сұқбаттасу құрыңыз.
А: Сен өзіңнің жұмысыңды Бақытқа 
көрсеттің бе?
Б: Иә. Оған өте ұнады. 
Ол – оқытушы – аударма;
Назым – олар –суреттер;
Дайыровтар – ол – пәтер;
Сіз – редактор – мақала;
Дулат Исабеков – сен – повесть;
Олар – директор – жоба;


15
б)
А: Саған оның өлеңдері ұнады ма?
Б: Иә. Маған ұнады,
Маған оның жазғандары ұнайды.
Саят – оның суреттері – сурет салуы;
Сіз – менің аудармам – аударуы;
Ата-ана – оның ойыны – ойнауы;
Нұрлытай – оның сөзі – сөйлеуі
Менің хабарлауым
керек
қажет
!
8-тапсырма. Модель бойынша сұқбаттасу (диалог) құрыңыз.
а) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет