8. Кеңістіктік қатынастың берілуі
(выражение пространственных отношений)
148-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіз университетте әлде институтта оқисыз ба? Ал сіздің жолдасыңыз ше? Сіздің ініңіз
техникумда оқи ма? Әлде училищеде ме? Ал қарындасыңыз ше? Қай курста? Қай класта?
Сіздің жолдасыңыз химия факультетінде ме? Әлде физика факультетінде ме? Мына аспи-
рант теориялық физика кафедрасында ма? Әлде қолданбалы физикада ма? Ал оның досы
ше? Сіздің танысыңыз бос уақытында демала ма? Немесе компьютер курсында оқи ма? Ал
сіз ше?
149-жаттығу.
а) Диалогты оқыңыз. б) Диалог материалын пайдалана отырып, төменде
берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- Дастан, әдетте сен сәрсенбі күні не істейсің?
- Сағат тоғызда мен қазақ тілін оқимын, ал сағат он бірде матанализден семинар.
- Мүмкін, семинардан кейін асханаға барайық. Түс кезіндегі үзілісте үлгірмеймін бе деп
қорқамын, сағат бір жарымда физикадан лекция бар. Түскі үзіліс сағат бірден екіге дейін-ақ.
- Сағат үште бос болатын шығарсың?
- Жоқ, сағат үште химиядан консультация болады. Сәрсенбіде мен үшін жұмыс көп.
Сұрақтар. Дастан сәрсенбіде сағат тоғыздан он бірге дейін қайда болады? Он бірден бір
жарымға дейін қайда болады? Факультетте түскі үзіліс бар ма? Дастан неге сәрсенбіде түскі
үзіліс кезінде асханаға барып үлгермейді? Дастан сағат үштен беске дейін қайда болады?
Достарыңызбен бөлісу: |