З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет121/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

143-жаттығу.  Оң  жақта  берілген  ақпараттарды  пайдалана  отырып,  айтылған  ойды 
растаңыз. Диалог түрінде орындаңыз.
Үлгі: Қала салу үшін жерасты кеңістігін игеру өте маңызды. – Иә, маңыздылығы сонша, 
оған ешкім күдіктенбейді.
1.  Шетелде,  Францияда,  АҚШ-та,  Жапо-
нияда қала салу үшін жерасты кеңістігін 
пайдалану шешімі өте қызықты.
2.  Қала  салу  аймақтарының  ішінде  ең 
маңыздысы орталық аймақ болып табы-
лады.
3. Жас ғалым өте тыңғылықты жұмыс істеді.
Мамандарының  бұларды  зерттеуіне 
тұрады.
Қала  салушылар  бұған  ерекше  көңіл 
бөледі.
Ол қысқа мерзімде жоғары нәтижеге жетті.
144-жаттығу. Берілген сөйлемдердің мазмұнын өзгертіңіз.
Есеп сондай күрделі болды, біз оны әрең шығардық. Лаборатория сондай тар, оған тағы 
бір  құрал-жабдық  қою  мүмкін  емес.  Құрал-жабдықтар  сондай  ескі,  онымен  жұмыс  істеу 
мүмкін емес. Транспорт қозғалысы сондай көп, көшенің арғы бетіне өту мүмкін емес.
145-жаттығу. Екі жай сөйлемнен күрделі сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемнің басты бөлі-
гінде іс-қимылдың интенсивтілік, белгі дәрежесін білдіретін сөздерді пайдаланыңыз.
Үлгі: Байкалдан Амур өзеніне дейінгі кеңістік өте үлкен. Оған бірнеше еуропалық мемле-
кет сияды. – Байкалдан Амурға дейінгі кеңістіктің үлкендігі сонша, оған бірнеше еуропалық 
мемлекет сияды.
1. Қазақстан дәрігерлері нақты ғылым өкілдерімен өте белсенді жұмыс істейді. Нәтиже-
сінде биофизикада жаңа бағыт құрудың сәті түсті.
2. Астана орталығында жер тапшылығы өте жоғары. Биік мекемелер салуды қарастыра-
тын шаралар қабылдау қажет.
3. Қазақстанның Солтүстік аудандарында құрылыс салудағы көптеген қиындықтар ауыр 
емес. Оларды жеңуге болады.
146-жаттығу.  Сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған конструкцияларға назар аударыңыз. 
Әрекеттің интенсивтілік дәрежесі қалай берілгенін анықтаңыз.
а) Емтиханда студенттердің жақсы жауап бергені сондай, олардың табысына тек қана қу-
ануға болады. Спектакльдің мені қатты толқытқаны соншалық, мен әлі өз әсерімді ұмыта 
алмай жүрмін. Әннің керемет айтылғаны соншалық, бәріміз қуандық. Сабақтың нәтижелі 
өткізілгені сондай, студенттер де, оқытушылар да риза болды.
б)  Әңгімелегені  соншалық,  тыңдағаны  сондай,  қуанғаны  сондай,  күлгені  сондай,  уайым-
дағаны соншалықты сөз тіркестерін сөйлемнің бірінші бөлігінде пайдалана отырып, сөй-
лем құраңыздар.


89
147-жаттығу. 
а)  Сөйлемдерді  оқыңыз.  Асты  сызылған  конструкцияларға  назар  ауда-
рыңыз. Конструкция қандай құралдармен берілген?
Математикалық модельдеу әдісі өзге әдістерден тиімділігі сонша, көпке танылды. Ком-
пьютерлік ойындардың әдеттегі ойындардан тартымдылығы сонша, оны балалар да, үл-
кендер да ойнайды. Қазіргі уақытта тұрмыстық техниканың жетілгені сонша, автоматтық 
режимде жұмыс істей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет