З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Анықтама  үшін  материалдар



Pdf көрінісі
бет119/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Анықтама  үшін  материалдар:  өте,  мардымсыз,  күшті,  жоғары  дәрежеде,  мүлдем, 
тым, толықтай, мейлінше, барынша, түпкілікті.
138-жаттығу. Асты сызылған сөздерге мағынасы жақын сөздерді пайдаланып көріңіз.
Хаттың кейбір жолдарын оқып отырып, ол қатты толқыды. Дәурен - өте әділ адам. Бұл 
өте маңызды ескерту. Ол ылғи қысқа сөйлейді. Сұрақ толық түсінікті. Студент емтиханға 
жеткілікті дайындалған жоқ, сондықтан нәтижесі жақсы болмады.
139-жаттығу. Әрекеттің сын-сипатын, интенсивтілігін білдіретін сөздерді, сөз тіркесін 
пайдаланып, диалогты рөлге бөлісіп, оқыңыздар.
1.  - Дәурен, саған мына әңгіме ұнады ма?
     - Соншалықты ұнаған жоқ.
     - Қызықты емес деп ойлайсың ба?
     - Жоқ. Маған әңгіменің басты кейіпкері онша ұнамады. Ол шынайы сөйлемейді.
2.  - Дастан, қай фильм туралы әңгімелеп отырсыңдар?
     - «Гауһар тас» туралы.
    - Бұл фильм Кеңес дәуіріндегі қойшылардың өмірін шынайы бейнелейді.
    - Иә, осы фильмдегі Салтанаттың бейнесі жақсы сомдалған. Актриса өте жақсы ойнаған.
    - Қайыркен бейнесін де актер барынша сомдай білген.
    - «Гауһар тас» қазақ фильмдерінің алтын қорына енген.
3.  - Сәуле, философиядан лекция оқитын лектор материалды түсінікті айта ма?
    - Иә, нақты, қарапайым түсіндіреді. Маған ұнады.
140-жаттығу. 139-жаттығуға ұқсас өздеріңіз диалог құрастырыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет