З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет146/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

213-жаттығу. Екі сөйлемнен бір сөйлем құрастырыңыз.
Үлгі: Студенттер каникул кезінде Балқашқа барады. Олар онда бір апта болады.
- Каникул кезінде студенттер Балқашқа бір аптаға барады.
1. Апта соңында біздің отбасымыз саяжайға барады. Біз онда демалыс күндері демала-
мыз.
2. Атам тағы да ауылға барады. Ол онда бір апта болады.
3. Сенің мына бейнефильмді алуыңа болады, екі күн қарауыңа болады.
4. Таңғы ас ішкің келсе, бутербродты микротолқынды пешке қой. Оны тек қана бір минут 
жылытуға болады.
5. Біздің театр гастрольге Чехияға барады. Олар онда бір ай болады.
214-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ауылға қанша уақытқа келдіңіз?
2. Пәтерді қанша уақытқа жалдадыңыз?
3. Студенттер тағылымдамаға қанша уақытқа келді? Студенттер сіздің курсыңызға қан-
ша уақытқа келеді?
4. Апаңыз демалыс үйіне қанша уақытқа кетті?
5. Сіздің досыңыз шетелге қанша уақытқа кетті?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет