Іс-әрекеттің нәтижесіне жету үшін қажетті мерзім, уақыттың берілуі Қанша уақытта? Үш сағат жиырма минутта
Екі күн ішінде
Үш апта ішінде
Екі жүз жылда
Уақыттың осы кезеңінде
Өткен тоқсанның ішінде
Адамзат тарихында
Жер-жер болғалы
Бір сәтте
Бір сәттің ішінде
Секунд ішінде
Бір минутта
Екі күн ішінде
Бір минутта
Жарты сағатта
206-жаттығу. Сөйлемдерді салыстырыңыз. Мезгілдік құрылым мағынасына назар аударыңыз. 1. Студенттер үй жұмысын екі сағатта орындады. Олар үй тапсырмасын екі сағат орындады.
2. Ғалым диссертациясын екі жыл жазды. Ол диссертациясын екі - үш жылда жазып
бітірді. (Он написал диссертацию за три года).
3. Ербол мақаланы екі сағат аударды. Ол мақаланы екі сағатта аударды.
4. Әже немересіне свитерді екі апта тоқыды. Ол немересіне свитерді екі аптада тоқып,
бітірді.
5. Балалар лагерьде екі апта демалды. Олар екі апта ішінде лагерьде жақсы демалды.
207-жаттығу. Мына құрылымдардың қолданылуын қалай түсіндіруге болады? 1. Үш күнде біз барлық мәселені шештік.
2. Өрт басталып, бүкіл үй 10 минутта жанып кетті.
3. Екі күнде доллар 15 пайызға өсіп кетті.
4. Осы жаттағуларды мен екі жыл жаздым.
5. Осы тақырыпты үш жыл жаздым.
108
208-жаттығу. Шағын тест. Өзіңізді тексеріңіз. Дұрыс нұсқасын таңдай отырып, сөйлемді толықтырыңыз.