З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Ауылға дейін ... жүру керек



Pdf көрінісі
бет143/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

1. Ауылға дейін ... жүру керек.
А) үш сағат
В) үш сағатта
С) үш сағат сайын
Д) үш сағат кейін
2. Жаңа спорт сарайын ... салды.
А) үш жылда
В) үш жыл сайын
С) үш жылмен
Д) үш жыл
3. ... ... біздің қаламыз өзгерді.
А) Соңғы он жылда
В) Соңғы он жыл
С) Соңғы он жылмен
Д) Соңғы он жылға
4. Мен мұндай тестіні ... орындаймын.
А) бес минутта
В) бес минутқа
С) бес минуттан
Д) бес минутпен
5. Балалар ... ұйықтау керек.
А) сағат сегізде
В) сегіз сағатқа
С) сегіз сағат
Д) сегіз сағаттан
6. Спортсмендер он километрді .... жүгірді.
А) жарты сағатта
В) жарты сағат
С) жарты сағатқа
Д) жарты сағаттан
209-жаттығу. Мәтінді оқыңыз.
Көне рим календары
Тарихта  көне  рим  календары  туралы  нақты  мәліметтер  сақталмаған.  Біздің  эрамызға 
дейін ҮІІІ ғасырда римдіктер 10 айдан тұратын 304 күн ғана бар календарды пайдаланға-
ны белгілі. Қалған кезеңді олар айға бөлмеген, тек қана көктемнің келуін күткен. Олардың 
біріншісі соғыс құдайы Марстың құрметіне аталған март болған. Әрі қарай апрель (латын-
ның aprerire – ашу), себебі бұл айда ағаштар бүршік жарған. Үшінші ай – Меркурийдің анасы 
Майе құдайдың құрметіне аталған – май. Төртінші ай – Юпитердің әйелі Юнон құдайдың 
құрметіне июнь деп аталған. Келесі айлар санды, санауда реттілікті білдірген, кейбірі осы 


109
мағынасын бүгінгі күнге дейін сақтаған: сентябрь (жетінші), октябрь (сегізінші), ноябрь 
(тоғызыншы),  декабрь  (оныншы)  көне  рим  күнтізбесі  көптеген  реформаларды  басынан 
кешірді.
Біздің эрамызға дейінгі ҮІІ ғасырда бүл күнтізбеге екі ай: январь (өткенді және бола-
шақты көре білетін Янус құдайдың құрметіне), февраль (жер асты патшалығының құдайы 
Фебруустың құрметіне аталған) қосылды. Біздің эрамыздың Ү ғасырға дейін тағы да ре-
форма жасалды: жыл сайын қосымша ай қосылып отырды. Бұл айдың ұзақтығын рим абыз-
дары белгіледі, тиімсіздеу күнтізбе болды.
Біздің  эрамызға  дейінгі  46    жылы  реформа  қарсаңында  рим  күнтізбесінің  хаостық 
жағдайын өткір ойлы Вольтер былайша сипаттаған: «Рим әскербасылары әрқашан жеңіп 
отырды, бірақ олар бұның қай күні болғанын ешқашан білген емес», - деді.
Көне  рим  күнтізбесіне  дұрыстау  өзгерістер  Юлий  Цезарьдің  басқару  кезінде  енгізілді: 
оның жүйесінің негізі – 365 күнге, төрт жыл сайын – 366 тәулікке созылатын күндік жүйе 
болды. Осылайша Юлиан календарі дүниеге келген.
(И.А.Климишина мақаласынан ықшамдалып алынды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет