З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Іс-әрекеттің бір мезгілділігінің берілуі



Pdf көрінісі
бет155/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Іс-әрекеттің бір мезгілділігінің берілуі
(обозначение одновременности действий)
Қашан? Қай уақытта?
Жұмыс кезінде, жұмыс уақытында, сабақ барысында, оқыту үрдісінде.
Біздің бала кезімізде, үзілісте, каникулда.
Атом ғасырында, компьютер дәуірінде, Абылайхан тұсында.
Жаңбырда, қар көшкінінде, дауылда.
Коммунизм тұсында, капитализм кезінде.
Түскі тамақта, шай ішкенде.
Күн батқанда, таң атқанда.


118
Назар аударыңыз!!!
Іс-әрекеттің  бір  мезгілділігін  білдіру  үшін  мезгіл  үзінділерін  білдіретін  сөздер, 
ауа райы жағдайын білдіретін, оқиғаны білдіретін, тарихи кезеңдерді, осы кезең-
дерге қатысты тарихи тұлғаларды білдіретін сөздер (для обозначения одновремен-
ности действий служат предложно – падежные сочетания и конструкции, в которых 
вместо сушествительгого со значением отрезка времени- таких как минута, час, день, 
месяц, неделя используется слова обозначаюшие действия, погодные условия, собы-
тия, исторические этапы и личности, определяющие эти этапы,) қолданылады:
1) операция жасау кезінде, зерттеу барысында, оқу үрдісінде;
2) кезеңді білдіретін зат есімдер: үзілісте, түсте, каникулда, он тоғызыншы ғасырда;
3) ауа райы мағыналы зат есімдер + жатыс септігі: тұманда, жаңбырда, дауылда 
және т.б.
4) тарихи кезең мағыналы немесе жеке тұлғадағы зат есім + жатыс септігі: Абы-
лайхан тұсында, капитализм кезінде және басқа айналысулар.
5) трапеза мағыналы зат есім + жатыс септігі: түскі аста, кешкі аста, шай ішкенде, 
әңгімелескенде.
6) күннің бату, шығуына қатысты сөздер + жатыс септігі: Таң атқанда ол тұрды.
237-жаттығу. Сөйлемді сол кезде болған ақпараттармен толықтырыңыз (сол күні, сол 
жылы, сол ғасырда).
Үлгі: Мен Астанаға 2006 жылы келдім. – Келген күні мен көптеген таныстарымды кездес-
тірдім.
1. Біз жаңа пәтерге өткен сенбіде көштік.
2. Олардың баласы әскерден өткен жылы келді.
3. Жердің алғашқы ғарышкері Юрий Гагарин ғарышқа 1961 жылы ұшты.
238-жаттығу. Сіздіңше:
а) дауылда;    
 
 
в) жаңбырда;
ә) тұманда;   
 
 
г) ыстықта;
б) аязда;     
 
 
д) көк тайғақта;
         
 
 
 
ж) күн ашықта не істеуге болады, не істеуге болмайды?
239-жаттығу. Мына сөздермен сөйлемдер құраңыз:
Кездескенде (при встрече), айырылысқанда, (при расставани) талқылағанда, салыстыр-
ғанда, дайындалғанда, орындағанда 
240-жаттығу. Сөйлемдерді сәйкес мезгілдік конструкциямен толықтырыңыз. 
(таңғы ас кезінде, таң атқанда, жаңбыр ......., осы сапарда, әңгімемен).
1. ... саяхатшылар жолға шықты.
2. Ол жазда Көкшетауға барды, ол ... өзінің болашақ күйеуімен танысты.
3. Біз жол бойы әдебиет туралы сөйлестік. ... біз үйге келгенімізді байқамай қалдық.


119
4. ... үйде кітап оқығанды жақсы көремін.
5. ... әкем газеттерді шолып шығатын.
241-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріп көріңіз.
 Егер сізде уақыт машинасы болса, әлемдік тарихтың қай кезеңіне оралғыңыз келеді? 
Неге? ( Если бы у вас была машина времени, в какой период всемирной истории вы хоте-
ли бы попасть?) Өткен ғасыр адамдарына көрсету үшін сіз жаңа ғасырдың кандай 5 затын 
өзіңізбен бірге алып кетер едіңіз? 
Уақыт машинасымен сіз болашақтың қай жылына барғыңыз келеді? Болашақтан нені 
көргіңіз келеді?
242-жаттығу. Шағын тест. Өзіңізді тексеріңіз. Дұрыс нұсқасын табыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет