Назар аударыңыз!!!
Салыстыру-салғастыру мәнді сөйлемдер негізгі топты құрайды:
Тілмен көбірек айналысқан сайын, оны оқу соғұрлым қызық бола түсті.
Мәтінді топта оқығаннан гөрі өз бетімше оқығанда, оны жақсырақ түсіндім. Ол
жүзуден гөрі гимнастикамен айналысқанды жақсы көрді. Күні бойы үйде отырғаннан
гөрі кино немесе театрға барған артығырақ. Көбірек дайындалсаң, соғұрлым нәтиже-
ге тез жетесің. Көбірек оқыған сайын, мен олардың мәдениетін, адамдарын көбірек
түсіне бастадым. Сенің ұсынысыңнан гөрі мына ұсыныс жақсырақ, немесе тағы да
басқаша ойластырайық. Біз ойлағанымыздан гөрі әңгіме мүлде басқаша болды.
258-жаттығу. Айырмашылықты салыстыруға назар аударыңыз!
Неғұрлым тауға көтерілген сайын, ауа суығырақ бола бастады. Балам неғұрлым үлкей-
ген сайын мен оның болашағына соғұрлым алаңдай түстім. Ештен кеш жақсы. Құлдықта
өмір сүргеннен өлген артығырақ.
259-жаттығу. Мына сөйлемдердің құрылымдарына назар аударыңыз. (Сонша көмекші
сөзін сондай көмекші сөзіне алмастырып көріңіз).
Әкемнің тым кеш келгені сонша, біз ұйықтап қалдық. Аурудың әлсіздігі сонша, төсегінен
тұра алмады. Аудармашы болып жұмыс істейтіндей, мен әлі қазақ тілін сонша жақсы біл-
меймін. Мәтіннің қиындығы сонша, мен оны аудара алмадым. Әкемнің жұмысының көптігі
сонша, ол менімен әңгімелесуге уақыт таба алмады.
260-жаттығу. Сөйлемдердегі салыстырылу құрылымы қандай сөздермен берілгенін
анықтаңыз.
Қанша талап етілсе, сонша жұмыс істейміз. Балалар қанша алып кете алса, сонша кітап
алды. Қанша керек, сонша зат алыңыз. Қанша еңбектенсең, сонша нәтижесін көресің. Тау-
дай талап бергенше, бармақтай бақ бер. Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл. Көп
Достарыңызбен бөлісу: |