З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Бірдейлікті білдіретін құрылымдар



Pdf көрінісі
бет160/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Бірдейлікті білдіретін құрылымдар
250-жаттығу.  Диалогты  оқыңыз.  Бірдейлікті  білдіретін  мағынадағы  салыстыру  кон-
струкцияларына назар аударыңыз.
- Бізге бүгін қазақ тілінен қандай тапсырма берді?
- Кешегі сияқты.
- Немене, бір нәрсені оқи береміз бе?
- Жаттап алғанша.
- Жаңа мәтін болды ма?
- Жоқ, соның өзін талдадық.
- Ал ертең жаңасы болады, бірақ осындай қиын.
251-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Үлгі: Ертең қайда жиналамыз? – 1) Сол, бұрынғы жиналып жүрген жер.
Ертең қай уақытта жиналамыз? Осы жазда қай ауданға практикаға барамыз? Бүгін сен 
қандай  қате  жасадың?  Сіз  жаңа  тақырыппен  жұмыс  істеп  жатырсың  ба?  Бүгін  біз  жина-
лыста қандай сұрақты талқылаймыз.
252-жаттығу. 
а)  Бірдейлікті,  айырмашылықты,  ұқсастықты  (дәл  сондай,  сол  сияқты, 
сол тәрізді, ұқсайды, айнымайды, өзгеше) білдіретін конструкцияларды пайдалана отырып, 
сұрақтарға жауап беріңіз.


123
Қазіргі үлкен қалалардағы жаңа аудандар бірдей, бір-бірінен айнымайды десе де болады. 
«Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен» лирикалық композицияның сюжеті осыны бей-
нелейді. Фильм кейіпкері ескі жылды Мәскеуде шығарып салып, жағдайдың ретімен жаңа 
жылды Санкт-Петербургте Мәскеудегі сияқты дәл сондай үйде, дәл сондай пәтерде қарсы 
алады. Көше атауы да дәл сондай. Бірақ бұл сол үй емес, сол пәтер емес, сол көше емес. б) 
Осыған ұқсас жағдаятқа мысал келтіріңіз.
253-жаттығу. 
а) Әлем картасын пайдалана отырып, өз еліңізді өзіңіз жақсы білетін ел-
мен  салыстырыңыз.  Әр  түрлі  салыстыру  құралдарын  пайдаланыңыз.  ә)  Әлем  картасын 
пайдалана отырып, Қазақстанды шекаралас елдермен салыстырыңыз. Тапсырманы орын-
дай отырып, салыстырудың әр түрлі құралдарын пайдаланыңыз: 1) елдің территориясын, 
олардың географиялық жағдайын; 2) қазба байлықтарын және табиғи байлықтарын; 3) өн-
діріс және ауыл шаруашылығы.
254-жаттығу. Өзіңіздің көзқарасыңыз бойынша:
1) Қазақстандағы ең жақсы мұражай, театрды;
2) Ең көп танымал жазушыны, ғалымды, қоғамдық және саяси қайраткерді;
3) Танымалдау сәулет ескерткіштерін атаңыз. Аталған объектілерді сізге белгілі басқа 
объектілермен салыстырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет