122
247-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріп көріңіз. Анықтама материалдарын пайдаланыңыз.
Кинофильмдердің қандай жанрларын артық көресіз? Детективтің комедиядан, мелодра-
мадан,
фантастикалық фильмнен, реалистік фильмнен қандай айырмашылығы бар?
Анықтама материалдары:
детективте - өткір сюжет (интрига); комедияда – көңілді,
күлкілі ситуация, мелодрамада – кейіпкерлердің әр қилы тағдыры бар; фантастикалық
фильмде – оқиғалар сенімсіз; триллерде – жағдаят пен кейіпкерлер қорқынышты, құпиялы,
жұмбақ; реалистік фильмде – мазмұны өмірге жақын.
248-жаттығу. Жақша ішіндегі салыстырмалы үстеулерді әр түрлі формасын пайдалана
отырып берілген әрекеттерді салыстырыңыз. (Сравните данные действия, употребляя
различные формы сравнительной степени наречий, приведенные в скобках).
Шашу және жинау
(оңай, қиын) тәжірибе жасау және олардың нәтижесін қорытындылау
(қызық, қиын). Ауызша емтихан тапсыру және жазбаша бақылау жұмысын жазу
(жақсы,
қиын). Оқыту және оқу
(қызық, пайдалы, қиын, жеңіл). Демалыс үйінде демалу немесе рюк-
закпен
саяхаттау (қызық).
249-жаттығу. Ертегіні оқыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген?
Бірде бүркіт қарғадан сұрайды: Қарға құс, айтшы осы, сен неге мына жарық дүниеде үш
жүз
жыл жасайсың, ал мен тек қана отыз үш жыл жасаймын?
- Әкем-ау, ол сенің тірі қанды ішуіңмен, ал менің өлілермен тамақтануыма байланысты.
Бүркіт ойланды: мен де қарға жегенді жеп көрейін. Жақсы. Екеуі де ұша жөнелді. Өлген
атты көріп, үстіне келіп қонды. Қарға шоқи отырып, мақтай бастады. Бүркіт бір шоқыды, екі
шоқыды, қанатын бір сермеді де қарғаға айтқаны: жоқ, қарға інім, үш жүз жыл араммен та-
мақтанғанша, тірі қанға бір рет тойғаным жақсырақ, ары қарай құдайдың бергені болады да!
Достарыңызбен бөлісу: