З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет165/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

261 (в) –жаттығу. Ұқсамайтын факт, құбылыс, оқиғалардың салыстыруларына назар ау-
дарыңыз.
 Солтүстік жарты шарда қыс болса, оңтүстік жарты шарда жаз болады. Бұқаралық ақпа-
раттың электронды құралдары елдегі әлемдегі оқиғаларды әп - сәтте хабарласа, баспа ұй-
ымдары ақпаратты тек ертеңіне хабарлайды. Егер сөздер тілдік жүйенің лексикалық негізін 
құрайтын болса, онда сөз тіркестері және сөйлемдер синтаксистік негізі болып табылады.
11. Себеп-салдарлық қатынастың берілуі
262-жаттығу.
 Бағананың оң жағында және сол жағында берілген сөйлемдерді салысты-
рыңыз. Себеп-салдарлық конструкцияда нәтижесінде, салдарында сөздерінің қолданылуы-
на назар аударыңыз (нәтиже беретін әрекет себебі және зат сапасынан, қасиетінен немесе 
әрекеттен туындайтын қорытынды ретіндегі себеп).
Организмдегі 
әлдебір 
клетканың                                
бұзылуы  нәтижесінде  тірі  организмде 
ауру пайда болады.
Солтүстіктен суық ауа массасының келуі 
нәтижесінде орталық аймақтарда темпе-
ратура төмендеді.
Реакция нәтижесінде бір заттың ыдыра-
уынан екі немесе бірнеше жаңа зат пайда 
болады.
Организмдегі 
әлдебір 
клетканың                                
бұзылуы салдарынан тірі организмде ауру 
пайда болады.
Солтүстіктен суық ауа массасының келуі 
салдарынан  орталық  аймақтарда  темпе-
ратура төмендеді.
Жоғары химиялық белсенділіктің салда-
рынан оттегі көптеген заттармен бірігеді.
263-жаттығу. Екі жай сөйлемді себеп-салдар конструкциясымен бір сөйлемге айналды-
рыңыз. (нәтижесінде, сондықтан жалғаулықтарын пайдаланыңыз)
1.Жер үсті күндіз қызады, түнде салқындайды; Температураның тәуліктік ауытқуы бола-
ды. 2.Венера атмосферасының тығыздығы жоғары; Ол күн сәулесінің бір пайызға жуығын 
ғана өткізе алады. 3. Уран (U) атомдары ыдырайды; Радий (Ra) пайда болады. 4. Инфрақы-
зыл сәулелер бұлт пен тұманнан өте алуға қабілетті; Инфрақызыл сәулелер көмегімен алы-
стағы заттардың анық суреттерін түсіреді. 5. Қала ауаса шаңмен, түтінмен, машина газда-
рымен ластанған; Қалада жер үстіне ультракүлгін сәулелер өте аз түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет