126
ды жақсы тапсырды.
265-жаттығу. Екі жай сөйлемді себеп-салдарлы күрделі сөйлемге айналдырыңыз. (сон-
дықтан, себебі жалғаулықтарын пайдаланыңыз)
Үлгі: Солтүстікте табиғат жағдайы қатал, сондықтан, онда қалалардың өсуінен көпте-
ген мәселелер пайда болады.
Солтүстікте табиғат жағдайы қатал. Онда қалалардың өсуінен көптеген мәселелер пайда
болады. Жерорта теңізі суының тұздылығы мұхитқа қарағанда жоғары. Жерорта теңізі суы
қатты буланады. Эксперимент күрделі. Оны дайындау ерекше ұқыптылықты қажет етеді.
Бірқатар елдерде автомобильмен тасымалдау құны өсті. Бұл – мұнай өнімдеріне бағаның
өсуімен байланысты.
266-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған конструкцияларға сұрақ қойыңыз.
Оларға қысқаша жауап беріңіз.
Жарықтың әсерінен ақ фосфор қызылға айналады.
Күн энергиясының әсерінен өсімдікте
күрделі химиялық реакциялар болады.
Қоғамдық пікірдің арқасында Үкімет өзінің шешімін
өзгертті. Металл, ағаш, табиғи тастар
судың әсерінен біртіндеп өзінің беріктігін жоғалтады.
Салмақтың әсерінен дене өзінің формасын өзгертеді.
267-жаттығу.
Оң жақта берілген ақпараттарды пайдалана отырып,
ненің әсерінен, ненің
арқасында себеп конструкцияларын және тағы басқаша құрылымды қолдана отырып,
сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Металдар неге (неліктен) бүлінеді?
2. Жердің үстіңгі қабаты неге өзгереді?
3. Өсімдіктердің өсуі неліктен жылдамдайды.
4. Дененің құлау жылдамдығы неліктен
кемиді?
5. Өсімдік жапырағы неге сарғаяды?
Металдарға зиянды газдар әсер етеді.
Жердің үстіңгі қабатына сыртқы және
ішкі күштер әсер етеді.
В6 витамині өсімдіктерге әсер етеді.
Құлап келе жатқан денеге ауаның қар-
сылығы (сопротивление) әсер етеді.
Радийдің көзге көрінбейтін сәулелері
өсімдік жапырақтарына әсер етеді.
268-жаттығу. Берілген сөйлемдердің мазмұнын бір нәрсенің әсері, бір нәрсенің әрекетінен
сияқты себептік конструкцияны пайдаланып айтыңыздар.
Өзендер мен көлдердегі толқындардың пайда болу себебі – жел. Мұхиттардағы судың
сууы мен қайту себептері Ай мен Күннің тартылысынан (притяжение).
269-жаттығу. Оң жақта және сол жақта берілген сөйлемдерді салыстырыңыз. (арқасын-
да, себепті, себебімен, нәтижесінде, ...бола жалғаулықтарының пайдалануын түсіндіріңіз).
Жаңбырға бола
(из-за) (жаңбыр жауған-
дықтан) құрылыс бүгін тоқтап тұр.
Қажетті материалдың жоқтығына (жоқ-
ты ғынан) бола, жұмыс орындалмады.
Жалқаулығына (жалқаулықтан) бола та-
бысқа жете алмады.
Жолдасымызға бола біз театрдан кешіктік.
Жаңбырдың нәтижесінде (благодаря)
мол егін алдық.
Еңбектің жаңа әдістерін қолдану нәтиже-
сінде өнім шығару ұлғаюда.
Еңбекқорлығының арқасында ол жақсы
нәтижеге жетті.
Жолдасымның арқасында мен ауырған
кезде топтан қалмадым.