З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет175/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

13. Болымсыздықтың берілуі
(выражение отрицания)
295-жаттығу. Диалогты оқыңыз. Болымсыздық мағыналы конструкцияның мағынасын 
айтыңыз.
І. – Дастан менің хатымды Айнұрға бердің бе?
    - Жоқ, бүгін ол лекцияда болмады.
    - Ол ауырып қалған жоқ па? Оған кіріп шығу керек.
    - Мен үйіне барғанмын, ол үйде де жоқ.
ІІ. – Астана қаласының қандай көрнекі жерлерінде болдың?
     - Президент жанындағы мұражайда болдым. Ұлттық кітапханада болдым. Ал «Думан» 
ойын-сауық отауында әлі болмадым.
296-жаттығу. Сұрақтарға жауап бере отырып, аталған жерлерде әлі болмағаныңызды 
айтыңыз.
Үлгі: Бүгін лабораторияға бардыңдар ма? – Мен бүгін әлі лабораторияға барған жоқпын.
Бүгін сіз оқу залына бардыңыз ба? Сіз асханаға бардыңыз ба? Сіз К.Байсейітова атындағы 
театрға бардыңыз ба?
297-жаттығу. 
Диалогты  толықтырыңыз.  Сол  сәтте  айтылған  адамның  аталған  жерде 
болмағанын хабарлаңыз.
Үлгі: - Сіз бүгін лекцияда Айжанды көрдіңіз бе?
   - Жоқ, ол бүгін лекцияда болмады.
Кеше  кешке  сен  үйде  болдың  ба?  Сіз  бүгін  кафедрада  өзіңнің  ғылыми  жетекшіңізді 
көрдіңіз бе? Сен театрда Мақпалды кездестірмедің бе? Ол сонда барамын деген. Жазда сіз 
демалыс кезінде Алматыда қалдыңыз ба? Дастан мен Дәурен экскурсияда болды ма? Олар-
дың барғысы келгенін білемін.
298-жаттығу. 
Сөйлемдерді болымсыздық конструкциясын пайдалана отырып, аяқтаңыз.
Үлгі: 1) Өкінішке қарай, мен ешқашан Ақтауды көрмедім... - Өкінішке қарай, мен ешқашан 
Ақтауды көрмедім, Мен Ақтауда болмадым. 2) Кеше Рахия менің үйіме келіпті, бірақ ... . – 
Кеше Рахия менің үйіме келіпті, бірақ мен үйде болмадым.
1. Мен бұл мұражай туралы ештеңе айта алмаймын ... 2. Мен бүгін Мақпалды оқу залында 
көрмедім, ... . Бүгін менің кафедра меңгерушісімен кездесудің сәті түспеді, ... Менің К.Байсей-
ітова атындағы театрдың спектакльдерімен танысқым келеді, ...


133
299-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Болымсыз тұлғадағы етістіктерге назар аударыңыз.
1. Дәптер орнында жоқ болып шықты. Қорқынышты ештеңе болмады. Сұраққа жауап 
болмады. Бүгін жауын-шашын болмайдыАпат болмады, оны тоқтатудың сәті түсті. Шығар-
маны  тексеруге  уақыт  қалмады.  Ешкімнен  оқулық  табылмады,  кітапханаға  баруға  тура 
келді.
300-жаттығу.
 
Сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған сөздерге назар аударыңыз. Бұл сөй-
лемдер қандай мағына беріп тұр?
Жексенбіде менің оқитын ештеңем болмады. Мен бәріне өзім кінәлімін, менің ешкімге 
өкпем жоқ. Ақылдасатын ешкім жоқ, шешімді өзімнің қабылдауыма тура келді. Залда орын 
болмады, отыратын жер жоқ. Сұрақ түсінікті, оған нақтырақ тоқталудың реті жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет