З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет176/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

301-жаттығу. Сұрақтарға болымсыздық есімдігі мен үстеуді пайдаланып, жауап беріңіз.
Үлгі: Театрға бірге баратын адамыңыз бар ма? – Мен ешкіммен бара алмаймын.
Сізге көмектесетін адам бар ма? Хат жазысатын адамыңыз бар ма? Бүгін баратын жер-
леріңіз бар ма? Мына сирек кездесетін кітапты қоятын жеріңіз бар ма? Ғылыми жетекшіңіз-
ден  сұрайтын  сұрақтарыңыз  бар  ма?  Жексенбіде  неге  ешқайда  бармадыңыз?  Маңызды 
істер бойынша кіммен кеңесуге болады? Сіз неге менің адресімді ешкімнен сұрамадыңыз? 
Неге киноға жалғыз бардыңыз?
302-жаттығу. Сұрақтарға болымсыз түрде жауап беріңіз.
Сіз бүгін телефонмен кімге хабарластыңыз? Сіз кіммен хат жазысасыз? Жолдасыңызбен 
не туралы дауластыңыз? Сіз неге ерекше көңіл аудардыңыз? Жолдасыңыз сіздің алдыңыз-
да не үшін кінәлі? Жазда қайда демалдыңыз? Жексенбіде қайда барып келдіңіз? Мәжілісте 
кімнің сөйлеген сөзі ұнады?
303-жаттығу.  Сөйлемдерді  болымсыздық  есімдігі  мен  үстеулерді  пайдалана  отырып, 
аяқтаңыз, жақша ішіндегі етістіктерді болымсыздық мағынада пайдаланыңыз.
Кеше мен күні бойы демалдым, ... (істеу). Маған бәрі түсінікті болды ... (күмәндану). Ол 
бүгін бәрін істеуге тырысады ... (қалдыру). Жаз айларын мен Алматыда өткіздім ... (кету).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет