З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет214/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Назар аударыңыз!
Іс-әрекетке бұйырудың үш түрі бар:
• іс-әрекетті жүзеге асыруға бұйыру;
• үзілген іс-әрекетті жалғастыруға бұйыру;
• іс-әрекетті бастауға бұйыру.
367-жаттығу. Берілген сөйлемдерді жоғарыда аталған үш түрі бойынша айқындаңыздар.
Кімге көмектесе аласыңдар, бәріне көмектесіңдер. Маған осы мәтінді аударуға көмекте-
сеңізші. Сөзді мұқият көшір. Менімен отыр. – Не болды? Неге үндемей қалдыңыздар? Ай-
тыңыздар! Айтыңыздар! – Оқылған мәтінді бәріңіз түсіндіңіздер ме? Енді әңгімелеңіздер!
Назар аударыңыз!
Өтініштің де семантикалық категория ретінде үш түрі бар:
нақ өтініш;
• ескерте айтылған өтініш (подчеркнутая просьба) сыпайы өтініш.
368-жаттығу.  Берілген  сөйлемдерді  жоғарыда  аталған  өтініштің  үш  түрі  бойынша 
анықтаңыздар.
- Мына мәтінді оқыңыз.
- Ертең маған шығармаңызды алып келіңіз.
- Бүгін маған хабарласуды ұмытпа!
- Досыңды туған күнімен құттықтауды ұмытпа!
- Сіз маған қазақ тілі оқулығыңызды көрсетесіз бе?
- Көмектессең, жақсы еді, ештеңеге үлгіре алмай жатырмын.
- Бірқатар сұрақтарға жауап беруіңізді өтінемін.
- Сізге бүгін хабарласуға бола ма?
- Сізге өтінішпен бара аламын ба?
- Жылдам жиналсаңыз болмас па екен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет