З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Іс-әрекетке рұқсаттың бар / жоқ екендігінің берілуі



Pdf көрінісі
бет217/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Іс-әрекетке рұқсаттың бар / жоқ екендігінің берілуі
Егер рұқсат немесе тыйым салу біреуге, топқа қатысты болса мына құрылым қолданы-
лады:
Қимыл есімі + барыс септігі + кімге болады; қимыл есімі + кімге болмайды. 
Қимыл есімі + барыс септігі + кімге болады / болмайды құрылымы тек қана рұқсат неме-
се тыйым салуда қолданылады. 
Егер рұқсат немесе тыйым салу кеңес , ұсыныс сипатында болса, тек қана қимыл есімі + 
барыс септігі + кімге болады / болмайды құрылымы қолданылады. 
Мысалы: Дастан жақында тұмаумен ауырды. Оған тек қана жақсы ауа райында қыдыруға 
боладыОған далаға бас киімсіз шығуға болмайды
371-жаттығу. Берілген ақпаратты пайдалана отырып, кеңес беріңіз.
Үлгі: Ол темекіні тым көп шегеді. - Саған темекіні көп шегуге болмайды.
1.  Ол ұйықтауға тым кеш жатады.


155
2.  Ол сабаққа тым көп дайындалады, шаршайды.
3.  Ол күні бойы теледидар көреді.
4.   Ол күнұзаққа компьютерде отырады. 
372-жаттығу. Сұхбатты толықтырыңыз. Аталған іс-әрекет міндетті емес, оны жүзеге 
асыруға болатыны хабарлаңыз.
Үлгі: Мына кітапты сатып алу керек пе? – Жоқ оны сатып алмаса да болады. 
1. Бақылау жұмысын қайта көшіру керек пе? 2. Сабаққа анықтамалықты әкелу керек пе? 
3. Мына есепті шығару керек пе? 4. Мына тамақты мұздатқышқа қою керек пе? 5. Мына 
приборды өшіру керек пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет