Қалай-қалай құлайды су айдынға
Бұрқылдай,
Сарқырай,
Сылдырап,
Былдырлай,
Шыр айналып,
Қосақталып,
Шошақтанып,
Жалтылдап,
Еркелеп, алқындап,
Жылыстап, кірігіп,
бөлініп, бірігіп,
өбектеп, шаншыла, шаттыға,
ойнақтай, асыға, аптыға,
жарқылдап, шашырай, бұлғақтап,
жиырылып, толқындап, сырғақтап,
аспандап, сыңғырлап, уілдеп,
тарсылдап, үйіріліп, гуілдеп,
атқақтап, көпірініп, гүрілдеп, дауылдап,
дірілдеп, төгіліп, күлімдеп, мылжыңдап,
сырғанап, қашқақтап еркіндеу кеуектің алдында,
осылай құлайды әр сулар ақжарқын айдынға.
Р. Саунти (ағылшын ақыны)
( қазақшалаған Т. Рахман)
406-жаттығу. Өз еліңіздегі өзен, сарқырамаға сипаттама жазыңыз.
Өзендеріңіз қалай ағады?Жазық жердегі өзен ағысы мен таудан басталған өзен ағысын
салыстырыңыздар. Сарқырамалар туралы жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |