З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет226/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Назар аударыңыз!
Сонымен субъект қалып күйі мынадай құрылымдарда: оған ыңғайлы, қолайлы, ол ауы-
рып тұр, оның ұйқысы келмей тұр, оның жолы болып тұр. Оның (менің, сенің) құлағы бітіп 
қалды, құлағы шыңылдап тұр, басы ауырып тұр, аяқ-қолы қақсап тұр, демі бітіп қалды, жүре-
гі орнына түсті, зәресі ұшты, оның жүрегі айнып тұр. Оған жел тиді/көз. Ол дірілдеп тұр, 
қалшылдап тұр т.б. осы сияқты тіркестермен беріледі.
396-жаттығу. Сөздіктен мына сөздерді қараңыз:
весело
грустно
шумит в голове
звенит в ушах
    
                
удобно
больно
нездоровиться
кому
заложило уши
ломит руки
на сердце легко
у кого
 
  
 


161
кого
знобит
лихорадит
укачивает
продуло
тощнит
рвет
397-жаттығу.  Сөйлемді  толықтырыңыз.  Субъектінің  қалып-күй  себептерін  жазыңыз. 
Анықтама материалдарын пайдаланыңыз.
Үлгі: Мен мұнарадан төмен қарап едім, биіктіктен басым айналып тұр.
Қолым қақсап тұр. Басым дыңылдап кетті. Шекем солқылдап тұр. Оның көзі қарауытып 
тұр. Аузым құрғап тұр.
Анықтама үшін: шөлден, суық судан, қатты музыкадан, шаршағандықтан, қорыққаннан.
398-жаттығу. Диалогты толықтырыңыз. Әңгімелесушінің сұрағына аталған қалып күй-
ді сипаттау арқылы жауап беріңіз.
Үлгі: - Саған қайдан суық тиген? (простудился?)
- Есік те, терезе де ашық тұрған. Мүмкін, суықтап қалған шығармын. Маған ... ылғи мұңлы 
болатын.  Оған  ...  қорқынышты  болды.  Оған  ...  ыңғайсыз  болды.  Маған  ...  оңай  болмады. 
Маған ... көңілімді көтерді.
Анықтама үшін: қараңғыда орманмен жүру; жақын адамдармен қоштасу; өзінің қатесін 
мойындау; рухани жақын адамдарды табу; менің жұмысымның конкурстан өткенін білу; 
қатты диванда ұйықтау; таныс емес адамға өтінішпен бару.
399-жаттығу. Диалогты оқыңыз, қалып күй конструкцияларын атаңыз.
1. – Мен сені көптен бері көрмедім, көрінбейсің ғой.
     - Жан-жаққа қыдыруға, қарауға мұршам болмай жүр, әкем ауырып жүр.
2. – Сен неге тым ерте тұрдың? Ұйықтай тұрмадың ба?
3. – Маған ұйқы қайда қазір. Әлі сынаққа бір нәрселер алуым керек.
4. – Менің сенімен кеңескім келеді.
     - Кешір, дәл қазір мұршам болмай тұр.
     - Досыма бірдеңе болған сияқты, мен соған барамын.
400-жаттығу. Диалогты толықтырыңыз.
1. – Сен мен берген журналды оқыдың ба?
     - Иә, бастадым, бірақ бір түрлі оқи алмадым.
2. – Ол ылғи жүгіріп жүреді, бір минут отыра алатын емес.
     - Иә, ол бір түрлі, байыз таппай жүр ғой, жүгіріп.
3. – Сен лекция жазып отырсың ба? Қалғып отырсың ғой.
     - Иә, бір түрлі, қалғып отырмын.
4. – Сенесің бе? Біз бір күнде екі емтихан тапсыра аламыз ба?
     - Жоқ, бір түрлі сенбеймін.
5. – Сендер демалыс үйінде көңілді тұрдыңдар ғой.
     - Иә, көңілді болдық.
401-жаттығу. Диалогты толықтырыңыз. Фразеологиялық сөз тіркесін пайдаланыңыз.
1. – Дастан қайда, кешікті ғой? Әлі жоқ қой.
     - Ол асықпайды, өгіз аяңмен келе жатқан шығар.


162
2. – Ол мына жаңалықты естіді ме?
     - Жоқ, әлі қаннен қаперсіз, жайбарақат жүр.
3. – Немереңіз қатты қуанған шығар, кеше мен оған бір сүйкімді күшік әкеліп беріп едім.
     - Иә, төбесі көкке жетті, күні бойы күшікпен ойнап жүр
4. – Мына мәліметтерді білесің бе?
     - Иә, мына цифрларға қарап он ойланып, мың толғанып тұрмын.
402–жаттығуда
 берілген фразеологиялық тіркестерді пайдаланып, сөйлем құраңыз: ерні 
кезерді, таңдайы кепті, тілі аузына сыймады, қара сорпа болды, пора-порасы шықты, бебеу 
қақты, жаны көзіне көрінді, тісі тісіне тимеді, дірдек қақты, құты қашты, сай сүйегі сырқы-
рады, таңды көзімен атырды, тұяқ серппей ұйықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет