Назар аударыңыз!
Бір белгісіздік есімдігі сын есімдермен, зат есімдермен жиі қоланылады: бір қызық ай-
тайын, бір тәтті нәрсе, бір мұңлы ән, бір ащы, бір сұмдық, бір ой, бір кем дүние т.б.
426-жаттығу. Берілген белгісіздік есімдіктерімен сөйлем құраңыздар.
Біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әлдене, әркім, кімде кім, бір, қайсыбір, кейбір, әр,
қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әрқашан.
Белгісіздіктің , болымсыздықтың берілуі, еселенген болымсыздықтың берілуі
1) Белгісіздіктің берілуі
Түсініктеме: белгісіздік құрылымы белгісіздік есімдігімен байланысты
Белгісіздік есімдіктері: біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әлдекім, әлдене, кімде-кім, бір,
бірнәрсе, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әл-
деқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан.
Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар:
1. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді бел-
гісіздік есімдіктер зат есім орнына жұмсалады.
2. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір деген сөздер сын есім орнына жұмсалады.
Мысалы: Кейбір жігіт жүреді мақтап сөйлеп.
3. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан деген белгісіздік есімдік-
тері үстеу мәнінде мезгіл, мекен мағыналарын білдіреді. Мысалы: Көкшетау, оның маңын-
дағы калың орман әлдеқашан артта қалған.
427-жаттығу. Қажетті белгісіздік есімдігімен толықтырыңыз.
Үлгі: Өкінішке қарай, мен вокзалға қалай жетерімді білмеймін.
- Басқа біреуден сұраңыз, мен де білмеймін.
1. Аспирантураны бітірген соң, қай институтта жұмыс істейсіз?
- ... ғылыми зерттеу институттарына баратын шығармын деп ойлаймын.
2. Сен бұл мәселе бойынша ... кеңестің бе?
3. Бүгін гүлдерге ... су құйды ма?
4. Менің қарным ашып тұр, сен .... дайындашы.
169
428-жаттығу. Көп нүктенің орнын тиісті белгісіздік есімдігімен толтырыңыз.
1. Аудиторияға ... кірді, бірақ мен кім екенін байқамадым.
2. Өкінішке орай, менде бұл оқулық жоқ, мен ... берген едім.
3. Ол достарының .... хабарласты.
4. Мен бұл кітапты ... студенттерден сұрармын.
429-жаттығу. Көп нүктенің орнын толтырыңыз.
1. Мен дүкенге барып келдім. Саған да .... алдым.
2. Бір минут тоқтай тұршы, саған .... айтайын деп едім.
3. Менің сендерге ... сыйлығым бар.
4. Алдағы емтихан туралы ... анықтап алайын деп едім.
430-жаттығу. Қажетті белгісіздік есімдіктерімен толықтырыңыз.
1. Сіздің ағаңыз үйде болмаған кезде, оған сіз білмейтін, танымайтын жас жігіт келді.
Ағаңызға қалай айтар едіңіз? Саған ... жас жігіт келді.
2. Сіздің әпкеңіз оған біреудің телефон шалатынын біледі. Ол жұмыстан келгенде не ту-
ралы сұрайды? - Маған .... телефон шалды ма?
3. Сізден Жанаттың қайдан келгені сұрады. Сіз оның оңтүстікте тұрғанын ғана білесіз.
Қалай жауап бересіз? - Оңтүстіктің ... ауылынан келген сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |