З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет91/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Назар аударыңыз!!!
Егер төл сөзде етістік өткен шақта болса, төлеу сөзде өткен шақ есімшеге тәуелдік 
жалғауы, табыс септігі жалғанады.
Төлеу сөзде: 
Үлгі: Шешем: «Шешем жұмыстан қашан келдің?»- деп сұрады.
І жақта берілуі
ІІ жақта берілуі
ІІІ жақта берілуі
Шешем  менің  жұмыстан  қа-
шан келгенімді сұрады.
Шешем сенің жұмыстан қашан 
келгеніңді сұрады.
Шешем оның жұмыстан қашан 
келгенін сұрады.
Есіңізге түсіріңіз!
Есімшенің тәуелденуі:
І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
Менің оқыған+ым
Сенің оқыған+ың,
Сіздің оқыған+ыңыз
Оның оқыған+ы
Көпше түрі
Біздің оқыған+ымыз
Сендердің оқыған+дар+ың
Сіздердің оқыған+дарыңыз
Олардың оқыған+ы
       Менің жаз+атын+ым
       Сенің жаз+атын+ың
       Сіздің жаз+атын+ыңыз
       Оның жаз+атын+ы
       Біздің жаз+атын+ымыз
       Сендердің жаз+атын+дарың
       Сіздердің жаз+атын+дарыңыз
       Олардың жаз+атын+ы
55-жаттығу. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.
Нобель өсиет хатында: «Барлық қаржысын марапаттау қорына қалдырамын», – деді. Ар-
вин Нобельдің өсиет хатын оқығаннан кейін: «Ақшаның бәрі қор құруға жұмсалады», – деді. 
Арвин: «Залдағы тыныштықты қара сюртуктегі кісі бұзды», – деді. Ол Нобельдің туысы еді. 
Нобель өсиет хатында «Табыс жыл сайын ғылымның бес саласына бөлінеді», – деді.


71
56-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Объектілік қатынастағы сөйлемдерге назар аударыңыз.
Өткен жылға қарағанда, А.Нобель тынымсыз еңбек етті. Соңғы кезде оны бір ғана ой ма-
залады: «Маңдай термен, бейнетпен (добытое адским трудом) жиған-терген байлығы кімге 
қалады? Мүмкін осы жиған-тергеніне жеке бақытын құрбан еткен де болар. Бауырларына 
ма? Туыстарына ма? Кімге қалдырады? Ақшаны еңбекпен табу керек, сонда ғана оның күші 
мен бағасын білесің. Аспаннан түсе қалған байлықтың қадірін ешуақытта да білмейсің. Ең-
бекпен тапқан нан тәтті». Көп ойланып, ол қор құру туралы шешімге келді.
Көп  ойланудан  кейін  жазған  өсиеті  оның  жанын  жадырата  түсті.  Өмір  дәмін  басқаша, 
жаңаша  сезді.  Енді  оған  өлім  де  қорқынышты  емес  сияқты.  Абзал  адамзат  оның  есімін 
ғасыр дан ғасырға жеткізетініне сенді.          
                (Нобель, Интернеттен)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет