З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Анықтауыштық қатынастың берілуі



Pdf көрінісі
бет92/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

4. Анықтауыштық қатынастың берілуі
Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты 
(Выражение качественной и количественной характеристики предмета)
1. Сын есім анықтауыш қызметінде және предикаттың есім бөлігінде.
57-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Мұндағы асты сызылған сын есімдер қандай қызмет 
атқарып тұр, анықтаңыз.
1. Көлдің суы таза және мөлдір, суы ғажайып табиғат туристерді өзіне шақырады.
2. Көлдің суы таза және мөлдір болды.
58-жаттығу. Берілген сын есімдермен сөз тіркесін құрастырыңыздар.
Үлгі: Өзекті: өзекті мәселе, өзекті тақырып, өзекті сұрақ.
маңызды: ...; мәселе, мұның бәрі; бұл ескертулер.
күрделі: ...; есеп; шешім; қатынас.
түсінікті: ...; сөз; сіздің тілегіңіз...,
қазіргі: ...; көзқарас; пікір....
жұқа: ...; мұз; тақтай.
кішкентай: ...; бала; мүмкіндік..., аяқ киім.
59-жаттығу. Сөйлемдерді сын есімдерді пайдалана отырып, аяқтаңыз.
Үлгі: Астана ... . Әкем ... . Сәуленің мінезі... . Осы ауылдың адам дары ... . Ертістің төменгі 
ағысы ... . 
            (еңбекқор, тік, қайырымды, терең, әдемі).
60-жаттығу. Сөйлемдерді салыстырыңыз.
1. Бұл өлке – бай.
2. Табиғат мұнда әдемі.
3. Мына жол қауіпті.
4. Ол баласының дені сау, бақытты болып 
өсуін қалайды.
5.  Өзеннің  кеңдігі  сондай,  арғы  жаға 
көрінбейді.
Бұл өлке минералды ресурстарға бай.
Мұнда бәрі әдемі.
Мұхиттың ластануы қауіпті.
Деніңіздің  сау,  аман  болғаныңызды  қа-
лаймын.
Өзен сондай кең, арғы жаға көрінбейді.


72
61-жаттығу. Сөйлемді аяқтаңыз.
Мына жеміс-жидектер ... . Витаминдер денсаулық үшін ... . Тундра өсімдіктерге ... . Көлге 
теңіз жануарларының қайдан келгені ... . Оған түсіндіріп әуре болмаңыз. Бәрібір ... . Жағдай 
..., бір нәрсе істеу керек.
(пайдалы, түсініксіз, кедей, қиын)
62-жаттығу. Мына сұрақтар бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз.
Атом станциясында жұмыс істеу денсаулыққа қауіпті ме? Сіздің елдің климаты ауыл ша-
руашылығына қолайлы ма? Тау ауасы денсаулық үшін пайдалы ма? Сіздің ел табиғат ресур-
старына бай ма? Қандай ресурстарға бай?
63-жаттығу.  Сөйлемдерді  оң  жақтағы  берілген  ақпараттарды  пайдалана  отырып, 
аяқтаңыз.
Ессентуки қаласы ... танымал.
Жазушы Ш.Айтматов ... танымал.
Академик Ә.Марғұлан ... танымал.
Математик Асқар Жұмаділдаев ... белгілі.
онда минералды сулар бар.
ол көптеген шығармалар авторы.
көптеген тарихи еңбектері бар.
оның бірнеше теориялық еңбектері бар.
64-жаттығу.  Өз  өлкеңіздегі  қызықты  жерлер,  белгілі  адамдар  туралы  әңгімелеңіз.                          
Сабақтарда берілген құрылымдарды пайдаланыңыз.
65-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Біз адам мен табиғатты бөлеміз. Менің көзқарасымша бұл ... .
2. Синтетикалық материалдар ... .
3. Судың мұнаймен ластануы теңіз жануарларына ... .
4. Мына дәрі мүлдем ... .
5. Апат кезінде үш жолаушы қайтыс болды, екеуі ... .
6. Ол сондай ... , көшеге шыққанда оған бәрі қарайды.
(әдемі, қате, аман, қауіпті, әдемі, зиянсыз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет