Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
(Выражение объекта, обозначающего содержание речи, мысли)
52-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Объектіні білдіретін сөздерге сұрақ құрыңыз.
Әпкем ертең суық болатынын, жылы киіну керектігін айтты. Директор кітапхананың
жазғы каникулда жөндеуге жабылатынын айтты. Оқытушы студенттердің курс жұмы-
старын уақытында тапсыратынын білмеді. Кездесу туралы айттық па, айтпадық па, есім-
де жоқ. Біздің топта бүгін жиналыс болатынын білеміз.
53-жаттығу. Сөйлемдерді салыстырыңыз, төл сөздің төлеу сөзге айналуына аударыңыз.
Радиодан: «Бүгін ауа-райы күрт өзгереді», – деп хабарлады. Радиодан бүгін ауа-райының
күрт өзгеретінін хабарлады.
Достарыңызбен бөлісу: |