141
324-жаттығу. Сұраққа болымды түрде жауап беріңіз. Оң жақта берілген ақпаратты пай-
даланыңыз.
Жұмысыңыз табысты жүріп жатыр ма?
Қазақ тілінде көркем әдебиетті оқу қы-
зықты ма?
Сізге жатаханада тұру ұнай ма?
Сізге Астана қысы ұнай ма?
Көршілеріңізбен тату тұрасыз ба?
Мұражайға бармайсыз ба?
Диссертацияңа өзгерістер енгіздің бе?
Аяқтауға әлі ерте.
Көптеген таныс емес сөздер кездеседі.
Басында көп нәрсеге үйрену керек.
Өте суық.
Біздер әр түрлі адамдармыз.
Уақытым жоқ
Ғылыми жетекші ұсыныстар айтпады.
325-жаттығу.
а) Берілген күрделі сөйлемді оқыңыз. Құрылымына назар аударыңыз.
Менікі дұрыс болмай-ақ қойсын, бірақ сіздің мені тыңдауыңыз керек. Мейлі, жемісін же-
мей-ақ қой, ағаш отырғызу ешқашан кеш болмайды. Саған қауіп төнбей-ақ қойсын, бәрібір
жамандыққа немқұрайды қарауға болмайды. Мейлі, бұл гипотеза, бірақ болашақта шынға
айналады.
б) Сөйлемдерді жалғастырып көріңіз:
Мейлі, сен жеңілсең де, ... маңызды. Мейлі, бұл кеш болса да, бастысы ... . Мейлі, бұл саған
тікелей
қатысты болмай-ақ қойсын, бірақ ... . (Пусть,
тебя это прямо не касается, но ...).
в) Сөйлемнің бірінші бөлігін жазып көріңіз:
..., қазір мен өзімше жасаймын.
..., барлық шындықты естіген жақсырақ (лучше услышать всю правду).
..., мен сізбен келісе алмаймын.
..., мен өз жұмысыммен мақтанамын.
326-жаттығу. Оң жақта және сол жақта берілген сөйлемдерді оқыңыз. Олардың құрылы-
мындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.
Біз қанша даулассақ та, әркім өз пікірінде
қалды.
Біздің тіліміз қанша бай болса да, кейде
әсеріміз бен сезімімізді жеткізу үшін сөз
таппай қаламыз.
Қанша даулассақ та, біз ешқашан келісімге
келмейміз, біздің ойымыз тым алшақ.
Біздің тіліміз қаншалықты бай болса да,
музыканы сөзбен жеткізу мүмкін емес
(невозможно передать музыку словами,
как бы ни был богат наш язык).
Достарыңызбен бөлісу: