Үлгі: Есептің бір ғана шешімі бар. Бұл есепті тек былай ғана шығаруға болады. - Иә, бұны
тек қана осылай шығаруға болады. Басқаша шығаруға бола ма екен. Жоқ, басқаша шыға-
руға болмайды.
1. Мына металл жоғары қысымда ғана балқиды. Осы металды жоғары қысымда балқы-
туға бола ма? Ал төмен қысымда оны балқытуға бола ма?
2. Мына элемент тек оттегімен реакцияға түсе алады. Осы элемент азотпен реакцияға
түсе алар ма екен? Ал оттегімен ше?
3. Мына зат тек спиртте ғана ериді. Осы затты спиртте ерітуге бола ма? Оны суда ерітуге
бола ма?
357-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған құрылымдардың қолдануын түсін-
діріңіз. Өзіңіз де сөйлемдер қосыңыз.
1. «Кез келген теорияны ойлап табуға болады, бірақ фактіні ойлап таба алмайсың».
2. Маңызды деген жұмысты кейінге қалдыруға болмайды.
3. Рентген сәулесіне көптеген минералдар жарқылдай алады.
4. ....................................................................................................
5. .................................................................................................
358-жаттығу. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Сұйық ауаны оттегімен байыта отырып, қайнау температурасын көтеруге ... .
2. Құрғақ көмір төмен температура кезінде газды жақсы сіңіре ... .
3. Ауадан алынған азотты азот қышқылын, тыңайтқыш, жарылғыш заттарды алу үшін
пайдалануға ... .
4. Термометрді еріп жатқан суға батырып, мұздың еру температурасын анықтауға ... .
Достарыңызбен бөлісу: |