З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


б) сұрақтарға жауап беріңіз



Pdf көрінісі
бет209/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

б) сұрақтарға жауап беріңіз.
Машина жүргізе аласыз ба?


151
Бір шет тілінде еркін сөйлей аласың ба? 
Ән айта аласыз ба?
Компьютерде жұмыс істей аласыз ба?
Шахмат ойнай аласың ба?
Мына жұмысты бүгін бітіре аласың ба?
Бағдарлама құра аласың ба?
Домбыра тарта аласың ба?
Гитарада ойнай аласың ба?
360-жаттығу.
 Іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндіктің жоқтығы мағынасын білдіретін 
сөйлемдердің құрылымына назар аударыңыз. Мысал жазыңыз.
Біз  оқу  үшін  қазір  төлей  алмаймыз.  Мұнда  дайындалу  мүмкін  емес,  студенттер  шулап 
отыр.  Біз  әлі  интернет  жүйесіне  шыға  алмаймыз.  Студенттер  алмасу  жуық  арада  мүмкін 
емес, себебі құжаттар әлі түгел емес. Пікір-таласты жалғастыру мүмкін емес, шешім қабыл-
данып қойды. Бала әлі жүре алмайды.
Ол емтиханды тапсыра алмайды, себебі көп ауырды. Ол лабораториялық жұмысты орын-
дап үлгермеді. Мен бүгін саған хабарласа алмаймын.
Менің бүгін ата-анама барып келудің мүмкіндігі болмады (сәті түспеді, не удалось). Бөлме 
сондай ыстық, демалу мүмкін емес.
Мұнда темекі тартуға болмайды. Бөлмеге кіруге болмайды. Басқа біреудің хатын оқуға 
болмайды. Оқу залынан кітапты алып кетуге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет