Назар аударыңыз!
Мүмкіндік мағынасы әлде бір іс-әрекеттің, оқиғаның, фактінің жүзеге асуы немесе ықти-
малдылығы деп түсіндіріледі.
(Говорящий сообщает в предложении: о наличии у субъекта возможности для соверше-
ния действия, о способности субъекта к реализации действия, о потенциальной возможно-
сти совершения действия, о вероятности действия.)
359-жаттығу.
а) Мүмкіндік мағыналы сөйлемдердің мазмұнын оқып, түсініңіздер,
осыған ұқсас сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ол университетке түсе алады. (Он может поступать в университет). Менің қызым өзінің
достарымен Интернет жүйесі арқылы қатыса алады. Біз емтиханды жақсы тапсыра аламыз.
Сіз тапсырманы орындай аласыз. Мүмкін біз кездесе алатын шығармыз. Менің балам ком-
пьютердің алдында сағаттап отыра алады. Біз жазда оңтүстікке бара аламыз. Біздің лин-
гафон залында дайындалу мүмкіндігіміз бар. Кейбір ата-аналардың балаларын шетелде
оқытуға мүмкіндігі бар.
Тауда жер сілкінуі мүмкін. Сіздің конференцияға баруыңыз мүмкін.
Бұл адам өзін-өзі қорғай алады. Мен саған тек қана кешке хабарласа аламын. Жақсы
дайын далған студент кез-келген сұраққа жауап бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |