Қаламау, қаламағандықтың берілуі
(выражение не желательности)
363-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Қаламағандықты білдірген конструкцияға назар ау-
дарыңыз. Өзіңіз сөйлемдер құраңыз.
Менің сізбен сөйлескім келмейді. Менің мына фильмді көргім келмейді. Сіздің шартта-
рыңызға ол келіскісі келмейді. Сіздің кеткеніңізді қаламаймын. Ол менімен сөйлескісі де
келмеді. Сен ертең келмесең болар еді, менің жұмысым көп.
Назар аударыңыз!
Қаламағандықтың бір түрі қауіптену (одной из разновидностей нежелательности
явлеят ся опасение).
Қауіптенуді білдіру үшін негативті семантикасы бар етістікті синтаксистік конструкция-
лар қолданылады: ұмыту, кешігу, түсіріп алу, ауыру, жоғалту, құлау, қателсу.
364-жаттығу. Қауіптену мағыналы сөйлемдерді оқыңыз. Осыған ұқсас сөйлемдер құраңыз.
Ол өзінің паспортын ұмытып кетпесе екен. Сен поезға кешікпесең екен. Ертең ұйықтап
қалмасаң екен. Бала тым жеңіл киінген, ауырып қалмаса екен. Поезға кешігіп қалмасақ екен.
Мына жер тайғақ: құлап қалмасаңыз екен.
Достарыңызбен бөлісу: |