З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Қоршаған орта мен адамның қалып-күйінің берілуі



Pdf көрінісі
бет225/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

19. Қоршаған орта мен адамның қалып-күйінің берілуі
(обозначение состояния лица и окружающей среды)
• Адамның эмоциялық және физикалық қалып күйінің берілуі.
392-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Қалып-күй конструкциясын көрсетіңіз.
Жеңіс күні әскери шеруді көрдік. Балалар таң-тамаша қалды. Қаладағы баласынан бір 
ай болды хат жоқ, ата-аналар уайымдап жатыр. Оқытушының көңіл-күйі жақсы, емтихан 
бірқалыпты тыныш өтті. Күйгелектеніп жүріп (в растерянности) ол қағаздарды ақтарып 
тастады, бірақ керегін таппады. 


160
393-жаттығу. Берілген сөйлемдерді шағын мәтінге пайдаланыңыз. Қалып-күй себептерін 
түсіндіріңіз. Анықтама материалдарын пайдаланыңыз.
Ауыл түгел үрейленуде. Біздер не істерімізді білмей, сасқалақтап қалдық. Мен екі ойлы 
жағдайда қалдым. Ауыл тұрғындары қуануда. Әкем қатты ашуланды.
Анықтама материалдары:
а) Ауыл сыртында қасқырлар пайда болды деп айтады. б) Іздеген дәрімізді таба алмадық. 
в) Сессия әлі біткен жоқ. г) Каналға су жіберілетін болды.д) Ол жаңа ғана баласының оқуды 
тастап кеткенін білді.
394-жаттығу. Диалогты оқыңыз, ондағы адамның қалып-күйін білдіретін фразеология-
лық тіркесті атаңыз.
1. – Мүмкін, сен келгенде бәрі ұйықтап жатқан шығар?
     - Жоқ, бүкіл үй аяғынан тік тұрған.
2. – Сенің мазаң болмай тұр ғой? – Ертең қалай сөйлейсің?
     - Ештеңе етпейді, кішкене ұйықтап алсам, сақадай сай боламын.
3. – Айдана, бір ән айтшы. – Жо-жоқ, бүгін даусым жоқ, даусым шықпай тұр.
4. – Сәуле біздің жоспарымызды көріп таң қалған шығар?
     - Иә, қуанғаны сонша, төбесі көкке жетті.
5. – Кеше Алмастың үйінде көңілді болды ма?
     - Жоқ, құлаққа ұрған танадай, тып-тыныш.
     - Иә, ауыл хабарын естіп, жаным жадырап қалды.
395-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз, субъектінің қалып-күйін білдіретін сөздерді көрсетіңіз.
Самолет қона бастағанда, менің құлағым бітіп қалады. Ауру кісі қалтырап, қалшылдап жа-
тыр, жылы көрпе жабу керек. Ащы бұрыштан аузым жанып тұр. Орманға кіргенімде, мүлгіген 
тыныштықтан маған қорқынышты болды. Жаным жай таппай тұр. Мына жер оған қолайлы, 
ыңғайлы екен, жайлы ұйықтап жатыр. Жайсыздау хабарды естіп, төбе шашым тік тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет