З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Іс-әрекет сипатының берілуі



Pdf көрінісі
бет227/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

20. Іс-әрекет сипатының берілуі
Іс-әрекет сипаты
Іс-әрекетті сипаттау мынадай тұлғалармен беріледі:
◊ Іс-әрекетті сын есімнен жасалған қимыл сын үстеулері арқылы сипаттау – ескіше, жаңа-
ша, қысқаша бұрынғыша, биылғыша, жаңаша, тез, жылдам, бірқалыпты, теңдей, жақсы, жа-
ман, лезде.
◊ Өздік есімдіктерінен - өзімше, өзімізше
◊ Үстеулерден – зорға, босқа, жатқа, бірге.
◊  Туынды  үстеу  –  шалқасынан,  ,  етпетінен,  кенеттен,  қатеден,  төтеден,  қырынан,  ке-
зекпен, жайымен, ретімен, түйдегімен.
◊  Сөздердің  қосарлануы  арқылы  жасалған  үстеулер  -  әрең-әрең,  қолма-қол,  сөзбе-сөз, 
тектен-текке, бірте-бірте, сөйлей-сөйлей, көре-көре, айта-айта, он-ондап, мың-мыңдап, ан-
да-санда, жылда-жылда, шек-шегімен, топ-тобымен, бостан-босқа.
◊ Туынды сын есімдер арқылы сипаттау: көңілді, көңілсіз, дайындықсыз, үнсіз, ұйқысыз
◊ Күшейтпелі сөздер арқылы: мүлдем, аздап жеткілікті, тіпті.
1. Қимыл-әрекетті сипаттайтын сөздерді табыңыз, сұрақ қойыңыз.
Ол оқиғаны қысқаша баяндады. Кешегі матч тең аяқталды. Соңғы ойында ұпайды теңдей 
бөлісті. Ол қатты қуанды. Осы Жуков тоқтай қалып менің бетіме тіке қарады. Үлкендердің 
алдында байқап сөйлеу керек. 
403-жаттығу. Диалогты оқыңыз. Қимыл әрекетті сипаттаған сөздерді табыңыз.
- Соғыстың соңғы кездерінде жылаған сәттеріңіз болды ма?
- Болды, қарағым. Бір рет тағы да еңіреп тұрып жыладым. Басынан айтайын.
- Иван Михайлович, не болды? – деп, мен оның басын сүйей бердім.
- Бауыржан! Комдив! – деді ол сөздерін үзіп-үзіп әрең сөйлеп. – Соғыстың соңғы сағаты-
ның құрбаны мен-ақ болайын... өзгелер аман болсын...
Осылай деп ол көзін мәңгілікке жұмды. Радист солдат екеуіміз қосыла еңкілдеп жыладық.
 
       
(«Ақиқат пен аңыз» 313-бет)
404-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін талқылаңыздар. Мысал келтіріңіздер.
Тең  аяқталды,  қысқаша  баяндады,  теңдей  бөлісті,  қатты  қуанды,  ерінбей  жалықпай 
орындады, тіке қарады, байқап сөйледі, еңіреп жыладым, қосыла күлдік, қатты күлдік, ой-
лана жауап берді , ұршықтай үйіріліп, кейін бұрылдым, аяғымды дік-дік бастым, қуана құт-
тықтаймын, маңғаз адымдады, жымия қарады, мүдірмей өтті, әрең айтты, жаяу жүгірді.


163
405-жаттығу. Өлеңмен берілген мәтінді оқыңыз. Сарқырама сипатына назар аударыңыз, 
көсемше тұлғалы қанша сөз берілген?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет