Ұзақ мерзімді активтер есебі Негізгі құралдар есебі №16 «Негізгі құралдар»



бет2/4
Дата15.06.2022
өлшемі43.16 Kb.
#459269
1   2   3   4
лекция 9

Пайдалануда болған, ақы төлеп сатып алынған объектілер бойынша сатып-алуға, жеткізуге байланысты шығындар және алынатын объектілердің тозу сомасын қоса есептегенде сатып-алуға кеткен шығындар (құрастыруды қажет ететін жабдықтар үшін алушының орнатуға кеткен шығындары қоса есептеледі);
Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың бастапқы құны тек мына жағдайларда ғана өзгереді:
1) негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімін ұзартпай немесе қысқартпай, оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткендс, жаңартқанда т.б.) немссе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
2) негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Ағымды құн - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп-беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандагы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымды құны.
Сатылу (енгізілу) құны - бір-бірін жақсы білетін, мәмілеге келүге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауларына мүмкіндік беретін өткізу (сату) құны болып табылады.
Жойылу құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының болжамды құны.
Тозу құны - негізгі құралдардың бастапқы және жойылу құндарының арасындағы айырмашылығы, былайша айтқанда, негізгі құралдардың амортизациялық жолмен есептеліп, өндіріске немесе айналымға жатқызылған шығындары.
Негізгі құралдардың қалдық құны - бұл өндірілген әнімге, орындалған жұмысқа және көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құн. Қалдық құнды анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдар объектісінің қолданыста болу уақыты ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу құнын алып тастайды.
Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен, жолдармен алынуы мүмкін:
1) Нақты ақшаға сатылып алынады.
2) Несиеге алынады.
3) Кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде (акцияларына айырбастау жолымен алынады).
4) Басқа кәсіпорынның, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретіндс тегін алынады.
5) Салу, құру, жасау арқылы алынады.
6) Басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар № НҚ – 1 нысанындағы «Негізгі құралдарды қабылдау, тапсыру актісін» толтыру арқылы алынады. Қабылданган объектінің әрқайсысына жеке инвертарлық нөмір беріліп бекітіледі. Олар тұрақты түрде беріледі. Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектісі бойынша есебі мүліктік инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.
НҚ-дың кәсіпорыннан шығуының есебі. Негізгі құралдар кәсіпорыннан келесі жағдайларда шығады:

  1. басқа жеке және заңды тұлғаларға сатылғанда;

  2. моралдық және физикалық тозу нәтижесінде;

  3. объектілерді жарғылық капиталға салым ретінде салуға бергенде;

  4. табиғи апат, авария және басқа да төтенше жағдайлар нәтижесінде;

  5. басқа субъектілерге айырбастау, сыйға беру келісімі бойынша тапсыру;

  6. бұрын жалға сатып алу құқығымен берілген объектілер бойынша меншік құқығының жалға алушыға көшуі кезінде;

  7. негізгі құралдардың жоғалуы немесе зақымдануы анықталса.

НҚ кәсіпорыннан қандай себептермен есептен шықса да, есептен шыққан күнге дейін олар бойынша амортизация, тозу есептелінеді. Содан кейін бастапқы құны мсн тозу сомасы есептсн шығарылады. Негізгі құралдардың есебі жұмыс шоттар тізбегінің екінші бөліміндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің активті 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралардың айдың басындағы және соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құны көрсетіледі.
Тозу дегеніміз - негізгі құралдардың табиғи және сапалық қасестін жоғалтуы. Негізгі құралдардың тозуын сапалық (моралдық) және табиғи деп екіге бөлінеді.
Негізгі құралдар шаруашылық процесінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына байланысты құндылықтарын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстырып отырады. Оны амортизация деп атаймыз.
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес амортизация дегеніміз активтердің амортизацияланатын құнын олардың пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып отыру және де тозудың ақшалай көрінісі болып табылады. Негізгі құрал объектісінің жалпы өзіндік құнымен салыстырғанда бастапқы құны басым болатын әрбір компоненті жеке амортизациялануы тиіс. Негізгі құралдардың амортизациялық құны жүйелі түрде объектінің пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде есептен шығарылып отырылуы керек.
№16 ХҚЕС сәйкес, амортизация есептеудің 3 әдісі бар:
1) Негізгі кұралдардың құнын бір қалыпты (түзу сызықты) есептен шыгару әдісі.
2) Амортизацияны орындалған жұмыстың көлеміне пропорционал түре есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
3) Кемімелі қалдық әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет