Ұзақ мерзімді жоспар тілдік мақсаттар туралы Орта мерзімді жоспар 7



бет26/59
Дата03.12.2023
өлшемі141.87 Kb.
#485304
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59
Оку жоспары Дене шыныктыру 7 сынып (1%

Бұл тараудың тілдік мақсаты
Оқушыларға арналған тиісті ғылыми/мектеп терминологиясы бар тілдік мақсат мысалы оқушыларға осы тараудың пәнді меңгеру мақсаттарына жетуге көмектесу үшін төменде беріліп отыр.

Оқудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

Оқушылар:
әр түрлі ойын контексінде өздерінің қозғалыс дағдыларын және стратегиялық ойлауын талқылай алады.

Мыналарды қамтиды: ұлттық, зияткерлік стратегия, тактика, жүріс
«Тоғызқұмалақ» (құмалақ, тұздық, отау, атсырау), «шахмат», «асық», «қазандық»,
«ақсүйек».
рөлдер: ойыншы, төреші
команда, қарсылас, шабуыл, қорғаныс ереже, бағалау, адал ойын
допты қағып алу, алып жүру және айырылып қалу
«Белбеусоқ», «Көкпар», «Теңге алу»,
«Соқыртеке»

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сендер бұл ойында артықшылық алу үшін қандай шабуылдау стартегияларын пайдалана аласыңдар?
Қандай да бір ойын сендердің әлеуметтік дағдыларыңды қалай дамытады?
Өз қарсыласыңнан айлаңды асыру үшін, Белсеусоқ ойынында қандай тактиканы қолдануға болады?
Ойын күрделірек болу үшін оны қалай өзгертуге болады? Команда бірге жақсы жұмыс істеу үшін, бұған қалай жәрдемдесе аласыңдар?
Командадағы есепті барынша тиімді түрде қалай ұлғайтуға болады?
Сендер команда ішіндегі қарым-қатынасты 5 балл бойынша қалай бағалар едіңдер және неліктен?

Басқа да тілдік оқу мақсаттарын қалыптастыру және оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулар алу әрі ғылыми тілді зерттеу үшін жоғарыдағы
«Тілдік мақсаттар туралы» қараңыз.

Қысқаша шолу

Бұл тарауда оқушылар дәстүрлі қазақ ойындарының шеңберінде бірқатар стратегиялар мен тактикаларды зерделейді, сондай-ақ ережелер,

тактикалар мен дәстүрлер бойынша зерттеулер жүргізеді. Оқушыларға сонымен қатар таңдау ұсынылады, мысалы, әр түрлі рөлдерді кезекпен
қабылдап, сыныптағы ойындар (дәстүрлі немесе жаһандық ойындар): ойыншы, жаттықтырушы, рефери, ұпайларды есептеуші, оператор. Оқушылар адал ойын мысалдарын және бірлескен жұмыс дағдыларын талдайды және бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет