Қажет болған жағдайда кәсіпорын осы келтірілген типтік номенклатураны толықтыра алады немесе кәсіпорын оларды әрбір экономика саласының ерекшеліктеріне қарап қысқар- туға да , біріктіруге де құқы бар .
Пайыздар бойынша шығысқа – банк несиесі және жабдықтаушылардың берген несиесі бойынша,мүлікті жалға беру бойынша төленетін пайыздар жатады.
Пайыздар (марапаттау) – несие алушының ақша капиталын несиеге алғаны үшін несие берушіге төленетін табыстың бір бөлігі.Пайызды өтеудің көзі қарыз капиталын пайдалану про- цесінен туындайтын құн болып табылады.
Пайыздар бойынша шығатын шығындардың есебі 831 – «Пайыздар бойынша шығындар» деп аталатын шотта жүргі- зіледі.Бұл – активтік , күрделі шот.Пайыздар бойынша шығындардың талдамалық есебі пайыздардың түрлері бой- ынша ведомоста жүргізіледі.
Пайыздардың барлық түрлерін есептегенде 831 – шоты де- беттеледі де,684-«Төлемге арналған проценттер» шоты кре- диттеледі.
Пайыздардың барлық түрлерінің төлемі 684- шотының де- беті және :
-
пайыздар арнаулы шоттардан төленгенде 423-«Банкідегі арнаулы шоттардағы ақша» шотының;
-
пайыздар валюталық шоттардан төленгенде 431,432- шоттарының ;
-
пайыздар нақты ақшалай төленгенде 451- шотының кре- диті бойынша көрініс береді.
Жылдың аяғында 831- шотта есепке алынған пайыздардың сомалары осы шоттың кредитінен 571 шотының дебетіне кө- шіріліп жазылады.
Бұл жазбадан кейін 831- шоты жабылуы тиіс.
Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан түсетін табыстардың (зияндардың) есебі
Төтенше жағдайға басшының шешіміне байланыссыз және субъекті әдеттегі қызметіне тән емес,өте сирек кездесетін операциялар мен оқиғалар жатады.
Бұл оқиға өте сирек болатындығына қарамастан ,ауытқу сипатына ие, сондықтан ол шаруашылық жүргізуші субъек- тінің қаржылық жағдайына мәнді әсер етуі мүмкін.
Кей жағдайда төтенше жағдайды әдеттегі жағдайдан ажы- рату қиынға түседі,өйткені бір кәсіпорынға ол ахуал күтпеген жағдай болып көрінсе, ал екіншісіне ол дәстүрлі жағдай бо- лып табылуы мүмкін.
Егер оның келесі сипттамасы бар болса,операция немесе оқиға төтенше болып саналуы мүмкін:
-
өте сирек болса;
-
жай немесе әдеттегі қызметтің бір бөлігі табылмаса.
Енді біз бір-біріне ұқсас екі мысал келтіріп көрейік.
Бірінші мысал:астықтың басым бөлігін шегіртке жойып жі- берген. Бұл құбылысты төтенше жағдай деуге болады.
Екінші мысал: құрғақшылықтың салдарынан алынатын ас- тықтың басым бөлігі алынбай қалған.Осының салдарынан кәсіпорын күткен табысының орнына зиян шеккен.Дегенмен де ,бұл құбылыс төтенше жағдай ретінде таныла бермейді.
Келесі жағдайларды төтенше жағдай ретінде қарастыруға болмайды , атап айтсақ:
-
валюта бағамының ауытқуы;
-
келісім-шартта көрсетілген бағаға түзетулер енгізу;
-
мүліктерді,құрал-жабдықтарды,инвестицияны сатудан немесе есептен шығарған кездегі алынатын табысты немесе зиянды;
- салық жеңілдіктерін алып тастауды, корпоративтік табыс салықтарының мөлшерлемесінің төмендеуі тағы басқалары.
Тоқтатылған операциялардан және төтенше ахуалдан алынған зиян мен табыстың есебі мына шоттарда жүреді:
861- «Табиғат апаттарынан болған өтелмейтін зияндар» шоты;
862- «Табиғат апаттарынан алынған табысы (зияны)» шоты;
863- «Тоқтатылған операциялардан алынған табыстар (зияндар) шоты;
861- «Басқа да төтенше жағдайлардан алынған табыстар (зияндар)» шоты.
861- Табиғат апаттарынан болған өтелмейтін зияндар шоты .Табиғат апаттарынан болған өтелмейтін зияндар мүм- кіндігінше сақтандыруды қажет етеді,ол үшін кәсіпкерліктің тәуекелділігіне резервтер жасау керек.Бұл жағдайда ,яғни резервтік қор жасалмаса,олар сақтандырушы ұйымдарынан өтемақысын ала алмайды,яғни өтелмейді.
Бұл активтердің (материалдардың,дайын өнімнің,сатып алынған тауарлар-лардың тағы басқалардың) табиғат апатынан жойылуы да жоғарыда келтірілген корреспонденция бойынша көрініс табады.
862- «Табиғат апаттарынан алынған табысы (зияны)» шоты . Бұл шотта табиғат апатынан келген зиян есепке алынады,ал ол кәсіпорын өз мүліктерін толық деңгейде сақ- тандырмағандықтан және кәсіпкерлік тәуекелділіктің де ес- керілмегендігінен пайда болады.
Кей жағдайда бұл сақтандырушының (кәсіпкердің) саналы әрекетінен де болуы мүмкін.
-
шотының дебеті тіркелген активтер,тауарлы-матери- алдық запастар,ақша қаражаттар шотымен корреспон- денцияланып , келген зиянның сомасын көрсетеді.Ал 862 шотының кредиті 334 шотымен ақша қаражаттарының шоттарымен корреспонденцияланып,сақтандыру келісім-шарты бойынша зиянның өтелгендігін көрсетеді .Табиғат апатынан келген зиян бойынша келесі шоттардың операциясы көрініс табады.
Кей кезде кәсіпорын табиғат апатының нәтижесінде табыс табуы мүмкін .
Мысалға,сақтандырушы ұйым жойылған мүліктің толығымен қалдық құнын өтеп берсе,ал кәсіпорын сол жойылған мүліктен запас бөлшектер алып , оны іске жаратса немесе сатса, онда кәсіпорын аз да болса табыс табуы мүмкін .Табиғат апаты- ның нәтижесінде жойылған басқа да активтерді(материал- дар,тауарлар) тап осындай жолмен есептен шығарады. Зиянды немесе табысты 571 шотына есептен шығарғаннан кейін , 862 шоты жабылуы тиіс.
863- «Тоқтатылған операциялардан алынған табыстар (зияндар) шоты .
Кәсіпорын экономикалық,өндірістік немесе сауда қызмет- терінің басты бағыттарында операциялардың тоқтатылуынан немесе қолданыстағы активтерді сатудың нәтижесінен тоқта- тылған (үзілген) операциялардан пайда табуы мүмкін.
Осындай операциялармен байланысты кәсәпорынның қыз- меті,міндеттемесі,таза табысы немесе зияны бухгалтерлік есепте айқындалып,содан соң ол көрініс табады.
Әрбір тоқтатылған(үзілген)операциялар қаржылық есеп бе- руде және түсіндірме жазбасында:тоқтатылған операцияның сипаты;салалақ және географиялық сегменті ;тоқтатылған кү- ні,тоқтатылған операцияның әдісі(сату немесе операцияны жа- сауды тоқтату), табыс пен зиянды өтеу үшін пайдаланған есеп саясаты және табысы мен зияны;есепті кезеңдегі әдеттегі қыз- метінен алынған зияны немесе таза табысы және жалпы та- бысы тағы басқаларын ашып көрсетеді.
Егер де операциялардың тоқтатылуы мемлекеттің араласуы- нан немесе табиғи құбылыстардың әсерінен болса,онда үзіліс- тен алынған жиынтық табысын немесе зиянын анықтау төтен- ше сипатқа ие болады.
Бірақ-та кей кезде кәсіпорын басшыларының шешімімен кәсіпорын өз қызметіне оқтын-оқтын үзіліс жасап отыруы мүмкін, бұл кезде оны төтенше оқиға ретінде санауға болмай- ды.
-
шоттың кредиті табысты,ал дебеті зиянды көрсетеді.
Мысал.Кәсіпорын өзінің қап шығаратын филиалын сатты делік . Оның айналыс балансында сатылған кезеңде : 10,0 млн теңге – активі;5,0 млн теңге шығыны;8,0 млн теңге – міндеттемесі;7 млн теңге – табысы болған.
Филиал сатылғанға дейін жинақталған табысы мен шығы- сын өзінің бухгалтерлік есебінде келесі түрде көрсеткен:
-
табыс сомасына – 863 шоты дебеттеліп, 701 шоты кредит- телген;
-
шығын сомасына – 863 шоты кредиттеліп,801,802 шоттары дебеттелген.
-
Ал филиал сатылғаннан кейін, яғни ол өз қызметін тоқтатқаннан соң,ол келесі түрде көрініс тапқан:
- активтер сомасына – 863 дебеттеліп,121-125,201 206, 208, 221-223 және тағы басқа шоттары кредиттелген;
-
міндеттемелер сомасына – 671,687 және тағы басқа дебеттеліп,863 шоты кредиттелген.
Филиалды сатып алушының төлем сомасы сатылған таза ак- тивтің құнынан өзгеше болуы мүмкін , сондықтан сатушы өз есебінде жасалған мәміле жағдайына қарап сату нәтижесінен алған не табысын,не зиянын көрсетеді:
1 нұсқа. Филиал 3 млн. теңгеге сатылады делік,ол кезде са- тудан түскен жиынтық табыс 1 млн. теңге құрайды[3-(10-8)] және осыған сәйкес 441шоты дебеттеліп және 863 шоты кре- диттеледі.
2 нұсқа.Филиал 1,5 млн.теңгеге сатылды делік, ол кезде кә- сіпорын 500мың теңге зиян алады [1,5-(10-8)]. Бұл алынған зиянды жыл соңындағы жиынтық табысқа (зиянға) жатқыза- ды, содан соң 863 шоты жабылуы мүмкін.
864- «Басқа да» шоты табиғат апатының нәтижесінде не- месе техногендік жағдайдың (газ құбырлары жарылған жағ- дайда және тағы басқа ) салдарынан болған төтенше ахуалдан алынған табыстарды (зияндарды) есепке алуға арналған.
864 шотта ескерілген (немесе есепке алынған)табыстар мен зияндар (залалдар) қаржы- шаруашылық қызметінің нәтиже- лері туралы берілетін есепте бөлек көрсетіледі.Төтенше аху- алдан алынған табыстар салықтың көтерілуіне әкеледі,ал оның шығыстары,керісінше , салықтардың азаюына әкеледі.
Басқа ұйымдардыңқызметіне үлестік қатысудан түскен табыстар (зияндар)
Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан түскен табыстар «Фи- топрепараттар»ФК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Таң» акционерлік қоғамынан 2005 жылы алған үлестік табы- сының сомасы – 17'000'000 теңге.
Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан түскен табыстар мен зиянлардың есебі«Фитопрепараттар»ФК» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінде 871 – «Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан түскен табыс(зиян)» шотта жүргзіледі.
Шот күрделі және оның талдамалы (аналитикалық) есебі әрбір ұйымдар бойынша жүреді,өйткені ол сол ұйымдармен бірлескен қызметін немесе өз капиталын салуын жүзеге асы- руы мүмкін.
Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан алған табыстар (зиян- дар) жыл аяғында 871 шоттан 571 шоттың не дебетіне ,не кредитіне есептеп шығарылады.
Жыл соңында 871 шоты бойынша қалдық қалмауы тиіс.
Шегерімдер
Салық заңнамасына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыс- тарды қоспағанда ,салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуге тиіс . «Фитопрепараттар»ФК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары 2005 жылы 200 951 641 теңге болды.
Салық заңнамасында шығыстарды нормалар шегінде шеге- рімдерге жатқызу жағдайлары айқындалған.
Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді . Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыс- тарын қоспағанда , олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады . Болашақтағы кезеңдердің шығыстары қай салық кезеңіне қатысты болса,сол кезеңде шегерілуге тиіс.
Табиғи монополистер шеккен залалдар Қазақстан Респуб- ликасының заңдарында белгілеген нормалар шегінде шегері- луге жатады.
Егер шығыстардың бірнеше баптарында белгілі бір шығын- дар көзделсе,салық салынатын кірісті есептеу кезінде көрсе- тілген шығындар тек бір рет шегеріледі.
Мемлекеттікбюджетке енгізілуге тиістілерін қоспағанда, жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар , өсімпұлдар,тұрақсыздық айыбы шегеріп тасталуға тиіс.Шегерімдердің түрлері:
-
қызмет бабындағы іссапарлар кезіндегі және өкілдік шығыстар бойынша өтемдер сомалары түріндегі шегерімдер;
-
сыйақы бойынша шегерімдер;
-
төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер;
-
күмәнді талаптар бойынша шегерімдер;
-
резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер;
-
ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер;сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстарды шегеру;
-
табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерімдері;
-
теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуінен шегерім;
-
салықтар шегерімі;
-
тіркелген активтер бойынша шегерімдер;
-
жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерімдер.
Тіркелген активтер амортизацияның шекті нормалары.
Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортиза- цияның мынадай екті нормаларымен топтарға және ішкі топтарға бөлінеді:
№
|
Ішкі топ
№
|
Тіркелген активтердің
Атауы
|
Амортизаци-яның
шекті нормасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
1
|
Үйлер,құрылыстар
Үйлер ,құрылыстар
|
8
|
2.
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
|
Ғимараттар
Мұнай және газ скважиналары
Мұнай-газ қоймалары
Кеме қатынайтын каналдар,су каналдары
Бөгендер ,плотиналар
Өзен және теңіз айлақтық құрылыстары
Кәсіпорындардың темір жолдары
Жағалауды бекітетін,жағалауды қорғайтын құрылыстар
Резервуарлар,цистерналар,бактар және
басқа да сауыттар
Шаруашылық ішіндегі және шаруашылықаралық суару желісі
Жабық тоспа-кәріз желісі
Әуе кемелерінің ұшу-қону белдеулері,
олар жүретін жолдар ,тұратын орындар
Парктер мен хайуанаттар парктерінің
Ғимараттары
Спорт- сауықтыру ғимараттары
Жылыжайлар мен көктемелер
Көпірлер
|
20
10
10
7
7
8
7
8
7
7
8
8
10
10
7
|
|
16
|
Өге құрылыстар
|
7
|
3.
|
1
2
3
4
|
Беріліс құрылғылары
Электр берілісі және байланыс
құрылғылары мен желілері
Ішкі газ құбырлары мен құбыр желілері
Су құбырлары,канализациялық және
жылу желілері
Өзгелер
|
10
8
7
7
|
4.
|
1
2
3
4
5
|
Қуат машиналары мен жабдықтары
Жылу –техникалық құрал-жабдықтар
Турбиналық жабдықтар мен газ турбиналық қондырғылар
Электр двигательдері мен дизель-генераторлар
Кешенді қондырғылар
Өзге де күш машиналары мен жабдықтары (икемді көліктен басқа)
|
15
15
10
8
7
|
5.
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
|
Қызмет түрлері бойынша жұмыс машиналары мен жабдықтары
(икемді көліктен басқа)
Қара,түсті металлургия машиналары мен жабдықтары
Химия өнеркәсібі машиналары мен жабдықтары
Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі машиналары мен құрал-жабдықтары
Мұнай-газ өндіру машиналары мен құрал-жабдықтары
Кен байыту өнеркәсібі машиналары мен құрал-жабдықтары,40 тонна және
одан да ауыр жүк көтеретін карьер автоасмосвалдарын қоса алғанда
Электронды өнеркәсіп құрал-жабдықтары
Құрылыс материалдары өндірісінің
машиналары мен құрал-жабдықтары
Ағаш өңдеу,целлюлоза-қағаз өнеркәсібі
машиналары мен құрал –жабдықтары
Полиграфия өнеркәсібі машиналары
мен құрал-жабдықтары
Жеңіл өнеркәсіп машиналары мен құрал-жабдықтары
Тамақ,балық,ет және сүт өнеркәсібі
құрал-жабдықтары
Сауда және қоғамдық тамақтандыру
машиналары мен құрал-жабдықтары
Көлік,машиналар мен механизмдер
өндірісіне арналған құрал-жабдықтар
Ауыл шаруашылық тракторлары,
машиналары мен құрал-жабдықтары
Құю өндірісіне арналған машиналар мен құрал-жабдықтар,қажақ және алмас өндірісінің құрал-жабдықтары
Коммутациялардың және деректер берудің цифрлы электрондық құрал-жабдықтары,цифрлы жүйелер,хабар беру құрал-жабдықтары,цифрлы өлшеуіш байланыс техникасы
Спутниктік,ұялы байланыс,радиотелефон,пейджинг және транкинг байланысы құрал-жабдықтары
Хабар беру жүйесі коммутацияларының ұқсас құрал-жабдықтары
Киностудиялардың мамандырылған
Құрал-жабдықтары,медициналық және микробиология өнеркәсібі құрал-жабдықтары
Өзге салалардың машиналары мен құрал-жабдықтары
|
20
20
20
15
25
25
20
20
15
20
20
15
20
20
20
20
15
10
15
10
|
6.
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
|
Басқа машиналар мен жабдықтар
(икемді көліктен басқа)
Өнеркәсіптік тракторлар
Металл кесетін құрал-жабдықтар
Компрессорлық машиналар мен құрал-жабдықтар
Ұста-пресс құрал-жабдықтары
Насостар
Жүк көтеру-көлік,жүк тиеу-түсіру машиналары мен құрал –жабдықтары,жер карьер және жол құрылысы жұмыстарына арналған машиналар мен құрал-жабдықтар
Тірек қағу жұмыстарына арналған машиналар мен құрал-жабдықтар,ұнтақтау-үгу,сорттау,байыту құрал-жабдықтары
Су асты техникалық жұмыстарына арналған машиналар мен құрал-жабдықтар
Электрмен дәнекерлеуге және кесуге арналған машиналар мен құрал-жабдықтар
Технологиялық процестерге арналған сауыттардың барлық түрі
Тиын ақша жасауға арналған құрал-жабдықтар
Өзге де машиналар мен құрал-жабдықтар
|
20
15
15
15
20
15
20
20
10
8
20
10
|
7.
|
1
2
3
4
5
6
7
8
|
Икемдік көлік
Жылжымалы темір жол составы
Теңіз,өзен кемелері,балық өнеркәсібі кемелері
Автомобиль көлігінің жылжымалы составы,өндірістік көлік (жеңіл автомобильдер мен таксиден басқа )
Жеңіл автомобильдер мен такси
Магистралды құбыр желілері
Коммуналдық көлік
Әуе көлігі
Өзге ле көлік құралдары
|
15
10
15
10
15
10
15
7
|
7.
8.
|
1
2
1
2
3
4
5
6
7
|
Компьютерлік,перифириялық құрылғылар мен деректер өңдейтін құрал-жабдықтар
Компьютерлер
Перифириялық құрылғылар мен мен деректер өңдейтін құрал-жабдықтар
Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер
Көпжылдық екпелер
Материалдық емес активтер
Офис жиһазы
Құрал-саймандар,өндірістік және шаруашылық саймандар мен заттар
Көшіру-көбейту техникасы
Өлшеу және реттеу аспаптары мен құрылғылары,зертхана құрал-жабдықтары
Басқалары
|
30
25
10
15
10
10
20
15
7
|
Салық міндеттемесін есептеу .Салық кодексінің 24-бабында салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі деп танылады ,оған сәйкес салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықтарды бюджетке есептеуге , салық есептілігін жасауға ,оны белгіленген мерзімде табыс етуге ,салықтарды бюджетке төлеуге міндеттілігі секілді салық міндеттемесін белгілеу көзделген . 2005 жылы берілген кәсіпорынның мемлекет алдындағы салықтар бойынша қарызы – 8 611 164 теңге.
Сондай-ақ 2005 жылы «Фитопрепараттар»ФК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тіркелген активтері бойынша ,соның ішінде негізгі құралдары бойынша амортиза- циялық аударымдары – 23214902 теңге, материалдық емес активтер бойынша амортизациялық а ударымдар сомасы – 1 349 938теңге ,жөндеуге жұмсаған шығындары – 28 496 388 теңге.
Қорытынды , екінші бөлімнің мәліметтері бойынша «Фитопрепараттар» ФК» жауапкершілігі шектеулі серік- тестігінің бухгалтерлік есеп жүргізуінің 2005 жылғы нәтижелері (1-қосымша):
Жылдық жиынтық табыс=28 166 163(тауарларды сатудан түскен табыс )+168 838 261(мүлікті жалға беруден түскен табыс)+36 771 (тіркелген активтер-дің баланстық ішкі топтық құнының өсуінен түскен табыс) +12 582 597(диви-денттер)+810 132(оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі) + 6508905 (басқа да табыстар)=216 942 829 теңге
Жылдық жиынтық табысты түзету нәтижесінде:
Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық салынған,Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасынан алынған дивиденттері – 12 582 597 теңге .
Жылдық жиынтық табыс =216 942 829 – 12 582 597 =204 360 232 теңге
Шегерімдер =28 267 533(сыйақылар) + 101 729 457(тауарларды өткізу бойынша шығыстар) + 182 259(әлеуметтік төлемдер бойынша шығындар) +
+8 611 164(салықтар) + 32 314 902(негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдар)+1 349 938(материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар)+28 496 388(жөндеуге шығындар) =200 951 641 теңге.
Сонымен салық салынатын табыс = 204 360 232 - 200 951 641 =34 085 591 теңге.
Есептелген корпорациялық табыс салығы = 34 085 591 * 30 % = 1 022 577теңге.
Сонымен қарастырылып отырған кәсіпорынның бухгалтерлік қызметі жоғарыда аталған нәтижелермен көрсетілді.Бұл көр- сеткіштер кәсіпорын экономикасының тұрақты дамуын көр- сетеді.
3-тарау.Жылдық жиынтық табыс есебінің аудиті
3.1. Негізгі және негізгі емес қызметтерден түскен табыстар
есебі аудитінің жүргізілу тәртіптері
Берілген кәсіпорынның жылдық жиынтық табысының аудиторлық тексеруін жүргізбес бұрын,аудитті жүргізудің маңызы мен қажеттілігіне тоқталуымыз қажет. Д.О.Абленовтің Аудит кітабында жазылғандай « Аудит - бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын , оның деңгейінің белгілі бір өлшемге сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі».
Оңтүстік Қазақстан облысының республикалық деңгейде маңызы жоғары облыс екендігі белгілі . Ондағы қызмет етуші кәсіпорындардың ішінде берілген кәсіпорынның бөлек орны бар,сондықтан бұл кәсіпорын қызметінің жақсаруы үшін аудиттік тексеруге көңіл бөледі .Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақтылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік ,материалдық-техникалық қамтамасыз етудің , өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді.Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъек- тілердің өзінен басқа мемлекеттік,қаржылық , кредиттік , ве- домстволық, салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін.Бірақ осы буындардың бірде-біреуі салықтық же- ңілдіктер беру, кредит және баға саясатын жақсарту,өндірісті, отандық өнімдердің , жұмыс , қызметті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті басқарудың тиімділігін арттыру үшін қо- лайлы экономикалық жағдай тудыратын мүмкіндіктері мен бе- лгілі бір өкілеттіліктері болса да елеулі көмек көрсете ал- майды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйым- дастыруды жақсартуға ықпалын тигізбейді.
Аудитор аудиторлық тексеруді бастамас бұрын алдымен
бағдарлама жасайды:
-
есеп саясатына қатысты бұйрықтың бар-жоғы тексеріледі,
тауарды (жұмысты,қызметті) өткізуден түскен табысты анық-
тау әдісімен бірге;
-
талдамалық құжаттар, бухгалтерлік есептің құжаттары,
және табыстар мен шығыстардың көрсетілуінің заңдылығы мен ,дұрыстығы және сенімділігі тексеріледі;
-
өткізудің нәтижесінде теңгенің шетел валютасының баға-
мына аударудың дұрыстығын тексеру;
-
негізгі құралдарды және басқа да мүліктерді өткізу кезін-
дегі табысты анықтаудың дұрыстығы;
-
бартерлі негіздегі жасалған келісімдердің дұрыстығы тек-
серіледі;
-
негізгі құралдарды және басқа да мүліктерді тегін беру
кезінде шығындарды көрсетудің дұрыстығы тексеріледі;
-
есепте қаржылық санкциялардың және салықтардың пай-
даның есебінен көрсетілуінің дұрыстығын тексереді;
-
мүліктерді жалға берудің нәтижелерінің есепте дұрыс
көрсетілуінің дұрыстығы көрсетіледі;
-
негізгі емес қызмет бойынша болған табыстар мен шығыстардың дұрыс көрсетілуі тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |