Заңды тұлғалар өзінің қатысушыларынан бөлек салық са- лынуға жатады



бет5/8
Дата29.02.2016
өлшемі0.73 Mb.
#34538
1   2   3   4   5   6   7   8

Аудиторлық тексерудің мақсаты

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық тұрақтылы-

ғы шығарылатын өнімнің өткізу көлемі мен ішкі және сыртқы

нарықтағы сұранысқа тәуелді.

Өнім өткізу шаруашылық құралдарының айналымымен аяқ-

талады.Өнімнің жоспарланған көлемін өткізуді орындау ша-

руашылық жүргізуші субъектіге өндірістік шығындардың

орындарын толтыруға,бюджет алдындағы өзінің міндеттемеле-

рін,банктер алдындағы қарыздар бойынша ,басқа да шаруашы-

лық жүргізуші субъектілердің алдындағы қарыздарды орын-

дауға ,сонымен бірге өндірістің келесі кезекте дамуы және

жетілдіру үшін қажетті таза табысты алуға мүмкіндігі бар.

Аудитті жүзеге асыру барысында ақпарат көздеріне мына-

лар жатады:

1) есеп пен есеп берудің деректері ,оның ішінде ,бухгалтер-

лік ,статистикалық және оперативті техникалық мәліметтер;

2) бекітілген нормалар мен нормативтерде,бизнес-жоспарда

анықтамаларда болатын жоспарлы және нормативті деректер;

3) болып өткен тексерулердің материалдары ,актілері,есеп берулері,қорытынды ,хат ,баяндамалар және анықтамалар;

4)жобалық,техникалық,әлеуметтік және басқа мәліметтерді

(түсіндірме және қызмет жазбалары,қаржы және несие орган-дарымен болған сынақтар) қосқанда есептен тыс ақпарат көз-

дері;


5)клиент контрагенттерінің (банктер,жабдықтаушылар,тұ-

нушылар және басқа серіктестіктер) айғақтары;

6)тікелей және жанама айғақтар;

7)материалдық және метериалдық емес мәлімет көздері және тағы басқалары.

Нарықтық қатынас қатынас жағдайында кез келген шаруашылық субъектінің мақсаты қызметтен табыс алу болып табылады.

Бухгалтерлік есептің 3 «Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытынды есеп» стандартының талабына сәйкес 1996 жылы 13 қарашада жоғарыда көрсетілген үкімет органы бекіткен және 1997 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген,бұл қорытынды есепте табыс бойынша мынандай ақпараттар ашылуға міндетті деп көрсетілген:

1)өнім (жұмыс,қызмет) сатудан табыс;

2)жалпы табыс;

3)негізгі қызметтен түскен табыс;

4)негізгі қызметтен емес табыс;

5)салық алынғанға дейінгі әдеттегі қызметтен түскен табыс;

6)салық алынғаннан кейінгі әдеттегі қызметтен табыс;

7)төтенше жағдайлардан табыс;

8)таза табыс.

Өнім (жұмыс,қызмет) сатудан табыс,қосылған құнға салынған салықты акциздеуді және тағы басқа салықтар мен міндеттемелерді ,сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын,сату шегерімдерін,баға шегерімдерін шегеру арқылы көрсетіледі.

Осы бапта негізгі қызмет табыстарымен қатар,тауарлы-материалдық қорларды сатудан,қызмет көрсетуден,сондай-ақ сыйақы ,пайыздар,дивидендтер,қаламақылар және ренталар, негізгі қызмет түрлеріне байланысты алынуға тиісті басқа табыстар көрсетілуі мүмкін.

Оның көлемі 70 «Негізгі қызметтен табыс» бөлімшесінің шоттарының кредиті бойынша есеп регистрларының мәлеметтерінің негізінде анықтайды.

Қазіргі уақытта шаруашылық сатудан түсімді есептеу әдісі бойынша анықтайды,яғни сату кезеңі деп өнімді (жұмыс,қызмет) артып жөнелту,өткізу және банкке ұсынылған төлем талап тапсырма құжаттарындағы көрсетілген күнін айтса,шоттарға аудару күні қаражаттың келіп түскенін білдіреді.Өнімді сату қаржының айналу шеңберін аяқтаушы соңғы сатысы екені белгілі.Оның көлемі қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесіне айналым және рентабельділік көрсеткіштеріне байланысты.

Сондықтан сату үрдісі өнімді орналастыруға және сатуға байланысты шаруашылық операцияларының жиынтығы ретінде шаруашылықтың әкмшілігінің тұрақты назарында.Оны жоспарлау шаруашылықты тапсырыстармен қамтамасыз етуден басталады.Оның негізінде ,өндіріс үрдісін ұйымдастырудың барысында қалыптысқан номенклатура (тізбек) бойынша жоспар жасалады.Тапсырыстар өнімге тапсырыс берушілермен де ,жабдықтауылармен де келісіледі.Сатып алушылармен шарт жасалып ,нда өнімнің түр-түрін жөнелту мерзімі саны және сапасы,бағасы,есеп айырысу нысандары көрсетіледі.

Аудитор өнімді артып-жөнелтуді және сату операцияларына тексеру жүргізген кезде анықтауға тиісті:

-дайын өнім сатуға шарттың жасалғандығын;

-өнімді артып-жөнелту құжаттарының дұрыс жасалғандығын;

-артылып-жөнелтілген өнімнің бағасын анықтау ережелерінің сақталғандығын және оның құжаттарында дұрыс көрсетілгендігін;

-өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес ,сатушыдан сатып алушыға өнімді жеткізіп беру шығындары ескеріліп ,болсату бағасының дұрыс белгіленгендігін;

-артылып-жөнелтілген өнімдердің құнын төлеуді талап еткен банк мекемелеріне төлемді талапету құжаттарының дұрыс жасалғандығын;

-дайын өнімдердің қоймалық есебінің дұрыс ұйымдастырылғандығын;

-өнімді (жұмыс,қызмет) жөнелту және сатудың аналитикалық және синтетикалық есебінің дұрыс жүргізілгенігін;

-өнімді жөнелту және сату бойынша бухгалтерлік корррепонденцияларының дұрыс белгіленгендігін;

-70 «Негізгі қызметтен табыс» бөлімшесінің шоттары бойынша жазушыларының Бас кітаптағы «Қаржы шаруашылық қызметтің нәтижесі» туралы қорытынды есеп үлгісіндегі жазуларымен сәйкестігін.

Жалпы табыс - өнім (жұмыс,қызмет) сатудың қржылық нәтижесі болып табылып,өнім (жұмыс,қызмет) сатудан табыспен,негізгі өндірістің нәтижесінде сатылған өнімнің(жұмыс,қызмет) сатудан табыспен,негізгі өндірістің нәтижесінде сатылған өнімнің (жұмыс,қызмет) өзіндік құнының арасындағы айырмасы ретінде анықталады.

Негізгі қызметтен түсетін табыс жалпы табыс сомасынан жалпы және әкімшілік шығындардың ,пайыздарын төлеу шығындарын және сату бойынша шығындарын шығарып тастау жолымен анықталады.

Шоттардың типтік жоспары бойынша сатылған өнімнің (жұмыс,қызмет) өзіндік құнының және негізгі қызметтен табыстың есебінің әдістемесі шаруашылықтың толық құнын , өзіндік құнын есептеуге міндетті емес шектеуін көрсетсе,яғни өндірістік шығындар есебінің әдісін қолданудың негізінде «директ костинг» жүйесі бойынша ,оның негізінде өндірістің көлеміне қатынасы бойынша шығындарын тұрақты және айнымалы деп жіктеу жатыр.Бұл жүйенің басты ерекшелігі - өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісі емес ,оны калькуляциялаудың шкетеулі әдісі қолданылады.Тұрақты шығындарға жалпы табыстың көлемін кемітетін кезеңдік шығындар жатады.

Негізгі емес қызметтен түсетін табыс ,өнім өндіру және сату операцияларына тікелей байланысты емес.Олд мынандай қызмет түрлерінен жинақталатын табыстарды қамтиды:

1)материалды емес активтерді сатудан табыс (721 шоты);

2)негізгі құралдарды сатудан табыс (722 шоты);

3)құнды қағаздарды сатудан табыс (723 шоты);

4)акциялардың двиденд және сыйақы түріндегі табыстар (724 шоты);

5)бағамдық айырымнан табыстар (725 шоты);

6)атқарушы үкімет органдарының субсидиялары(726 шоты);

7)басқа да (727);

727 шотта қарыздарын шығысқа шығарудан,алынған мүліктерден табыстар,тауарлы-материалды құндылық- тарды,материалды емес активтерді және негізгі құралдарды түгендеуден алынған табыстар .Есепті жылы анықталған өткен жылдар табыстары роялти және өнім (жұмыс,қызмет) өндірумен және оны саумен тікелй байланысты емес операциялардан басқа да табыстар.

Аудит жүргізу барысында ең алдымен бухгалтерлік баланстың осы бабы бойынша тексеру кезең басындағы және соңындағы қалдықтарды Бас кітаптың 561 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» және 562 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (залалы)» шоттары арқылы және бұл шоттардың кредит бойынша айналымдары көрсетілетін 13 журнал-ордер мәліметтерімен салыстыру қажет.

Сосын бұл шоттардағы шаруашылық операцияларды көрсе- тудің дұрыстығын тексерген жөн. Есептік кезең ішіндегі та- быстың(залалдың) жиынтық сомасы шоттардың бірыңғай жос- парына сәйкес 571 «Жиынтық табыс (залал)»шотында белгіле-неді. Корреспонденцияда бұл шоттың кредиті бойынша 7- «Табыстар» бөлімінің шотымен алынған табыстың жиынтық сомасы, ал дебет бойынша 8- «Шығындар» бөлімінің шотымен алынған шығындардың жиынтық сомасы көрсетіледі.

Дебет 571 және Кредит 80 шоттары;

Дебет 70 және Кредит 571 шоттар;

Дебет 851 және Кредит 631 шоттары;

Дебет 571 және Кредит 851;

Дебет 571 және Кредит 561 шоттары.

571 «Жиынтық табыс (залал)» шоты бойынша дебет кредит айналымдарын салыстыру арқылы 561 «Есепті жылдың бөлін- беген табысы (жабылмаған залалы)» шотына көшірілетін таза пайданың (залалдың) сомасы анықталады.

Егер есепті кезеңде пайда алынса ,онда 571 «Жиынтық та- быс(залал)» шоты дебеттеледі және 561 «Есепті жылдың бөлі- нбеген табысы (жабылмаған залалы)»шоты кредиттеледі,ал зи- ян шексе ,онда керісінше бухгалтерлік жазу түседі,яғни 561 шот дебеттеледі және 571 шот кредиттеледі.

Жоғарыда атап өтілгендей , заңнамалар мен құрылтайшы құжаттарға сәйкес жасалатын резервтік капиталға аударым- дар есепті жылдың бөлінбеген табысы есебінен атқарылады. Есептегі жылдың залалын жабуға бағытталған резервтік капи- тал қаржысы сомасына 55- бөлімшенің «Резервтік капитал» шоттары дебеттеледі және 561 «Есептік жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты кредиттеледі.

Есепті жылдың бөлінбеген табысының едәуір бөлігі серік- тестікке қатысушыларға дивидент пен табыс төлеуге кетеді. Оның қалған сомасы 561 шотынан 562 шотына көшіріледі,сол корреспонденцияда кредит бойынша «Резервтік капиталдың» 55-бөлімше шоттарымен резервтік капиталдың қаржысын кен жылдың залалын жабуға бағыттау көрсетіледі,ал дебет бойын- ша «Қатысушылардың дивиденттері мен табыстары бойынша есеп айырысудың» 62-бөлімше шоты, «Басқалардың» 681 шоты және «Басқа да кредиторлық берешек және есеп айырысу- дың 68-шоттарымен серіктестікке қатысушыларға дивиденттер мен табыс төлеуге өткен жылдың бөлінген табыс сомасын бағыттау көрсетіледі.Тексеру соңында аудитор бөлінбеген та- быстың шамасын бағалау қажет.Бұл осы көрсеткіштің қарқы- нын көріп , оның өзгеру тенденциясын айқындау үшін, өт- кен есепті кезеңдер мен салыстыру жолымен жүргізіледі.Тал- дау үшін әр түрлі ақпарат көздері тартылады, бұған бастапқы құжаттар,бухгалтерлік регистрлер мен соңғы 2-3 жыл ішіндегі қаржылық есептілік формалары да кіреді.

Енді жылдық жиынтық табыстың Корпорациялық табыс салығының декларациясына сәйкес кейбір ерекшеліктерін қа- растырайық :

Декларацияға 1- қосымша 2004 жылғымен салыстырғанда өзгерістерге ұшырады.Өзгерістер 01.01.2005 жылдан бастап ҚР Салық кодексінің 22-3 – тарауындағы 140-7-ден 140-9-ға дейінгі баптарының күшіне енуімен байланысты болып отыр.Бұл тарауда өз өндірісінің ,оның ішінде сертификаттал- ған,қосылған құны жоғары тауарларын өткізетін ұйымдар үшін КТС сомасын 30%-тен 50%-ке дейін кеміту көзделген.22-3- тараудың тиісті баптарында ұйымдардың түрі мен ком- паниялар оларды ұстанған жағдайда КТС сомасын кемітуге құқылы болатын шарттар көрсетілген.



Өткізуден түскен кіріс 1- қосымшаға жанама салықтарсыз (ҚҚС ,акциздер)енгізілуге тиіс.Шоттардың үлгі жоспарына сәйкес негізгі қызметтен алынған табыстар «Дайын өнімдерді (тауарларды,жұмыстарды ,қызмет көрсетулерді)сатудан түскен кіріс» атты 701- шотта көрсетіледі.Жалдаудан түскен табысты

қоспағанда, осы шотта көрсетілген барлық табыстар шоттар- дың үлгі жоспарына 711-713- шоттарында ескерілетін сатыл- ған тауарлардың қайтарылуын ,сатудан шегерімді ескере оты- рып 1- қосымшаға енгізілуге жатады . Табысты түзету атал- ған өзгерістер болған салық кезеңінің қорытындысы бой- ынша жүргізіледі.

100.02.001 – жолға қосымша нысанда,олардың кәсәпкерлік қызметте пайдалануына қарамастан,тұрғын үйлерді,ғимарат- тарды, құрылыстарды өткізуден түскен табыс көрсетіледі.

Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылған тұрғын үйлер , ғима- раттар,құрылыстар бойынша табыс 722-шотта көрсетілген та- быс пен салық есебінің деректері бойынша активтің қалдық құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, демек салықтық ішкі топтарға енгізілмеген тұрғын үйлер , ғимараттар,құры- лыстар бойынша табыс өткізілетін әрбір активке қатысты 722 және 842- шоттар бойынша деректер арасындағы айырма ре- тінде анықталады.

100.02.003- жолға қосымша нысан компаниялар амортиза- циялауға жатпайтын активтерді салық кезеңінде өткізген кезде толтырылады.

Табыс алған кезде бұл сома Жылдық жиынтық табысқа ен- гізіледі, ал залал шеккен кезде салық салу мақсаттарында ескерілмейді . Жиынтық сомаларды есептеп шығарған кезде жекелеген объектілерді өткізуден алынған залал есепке қо- сылмайды.

Амортизациялауға жатпайтын активтерге Салық кодексінің 82-бабына сәйкес жер учаскелері;құрылысы аяқталмаған объектілер;орнатылмаған жабдық салық төлеуші тауарларды өндіруде ,жұмыстарды орындауда ,қызметтер көрсетуде пай- даланбайтын негізгі құралдар мен материалдық емес актив- тер;бағалы қағаздар;кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға,консорциумдарға қатысу үлесі;Қазақстан Рес- публикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған са- лық заңдарына сәйкес бұрын құны толық шегерімге жат- қызылған негізгі құралдар;Салық кодексінің 138 - 140-бапта- рына сәйкес құны шегерімге жатқызылған,инвестициялық жо- ба шеңберінде пайдалануға берілген тіркелген активтер жата- ды.

Өсім қалай анықталады? Жалпы ереже бойынша өсім атал- ған активтерді сату бағасы мен бузгалтерлік есептің деректе- рі бойынша олардың баланстық құнының арасындағы айырма ретінде айқындалады.Бұл ереже мына активтерді өткізуден түскен табысты (залалдарды) есептеп шығарған кезде қолда- нылады:


  • жер учаскелері,

  • құрылысы аяқталмаған объектілер,

  • орнатылмаған жабдық,

  • кәсіпкерлік қызметте пайдалынылмаған негізгі құралдар мен материалдық емес активтер,

- кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлесі.01.01.2000 жылғы дейінгі са- лық заңнамасы бойынша құны шегерімге жатқызылған негіз- гі құралдардыжәне инвестициялық жоба шеңберінде енгізілген тіркелген активтерді өткізген кезде құн өсімі өткізу құнына тең болады.

Қор биржасының «А»және «В» ресми тізімдеріндегі акция- лар(борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда) салық кезеңінде өткізген кезде толтырылады.

Жоғарыда аталған акцияларды өткізуден түскен табыс (залал) өткізу бағасы мен сатып алу құны арасындағы айырма ретін- де анықталады. «А» және «В» ресми тізімдерінің бағалы қағаздарын өткізуден өсім алған кезде Салық кодексінің 91-бабына сәйкес Жылдық жиынтық табысты түзету көзделген.

100.02.006- жолға қосымша нысан,борыштық бағалы қа- ғаздарды қоспағанда ,басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде толтырылады.Бұл ретте табыс алған кезде осы сома Жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады,ал залал шеккен кезде енгізілмейді.Салық кодексінің 124-бабының 2-тармағына сәй- кес ,қор биржасының «А» және «В» ресми тізіміндегі бағалы қағаздарды қоспағанда,басқа бағалы қағаздардыөткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыс есебінен өтеледі.Егер осы залалдар орын алған кезеңіндеөтеле алмайтын болса,олар алдағы уақытқа үш жылға дйінгі мерзімге ауыстырылып,өткізу күніне қор биржасының «А» және «В» ресми тізіміндегі қа- ғаздарды қоспағанда,басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынатын құн өсімінен түскен табыс есебінен өтелуге тиіс.

100.02.07-жолға қосымша нысан,қор биржасының «А» және «В» ресми тізіміндегі облигациялар есепті кезеңде өткізілген кезде толтырылады . Қосымша нысанда мынандай ақпарат көрсетіледі:облигациялардың саны,айналыс мерзімі ,сатып алу құны ,дисконт немесе сыйлықақы сомасы,өткізу құны,өткізу күні,дисконттың немесе сыйлықақының амортизациясы, обли- гацияларды өткізуден алынған табыс (залал).

Келесі кезекте «Мүлікті жалға беруден түсетін табыстарды» қарастырамыз,себебі «Фитопреператтар»ФК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі табыстарының бөлігін құрай- ды.

Барлық заңды тұлғалар ,жалдау шартының қандай мерзімге, қандай мүлікке және қай тараппен жасалатынына қарамастан ,оны жазбаша түрде ресімдеуге тиіс.

Жалдау объектісі уақыт өте келе өздерінің табиғи қасиет- терін жоймайтын,яғни пайдалану барысында тұтынылмайтын мүлік қана бола алады.Мыналар жалдау объектілері бола ала- ды:жер учаскелері;кәсіпорындар мен басқа мүліктік кешен- дер ; үйлер , ғимараттар , тұрғындық және тұрғындық емес үй-жайлар;жабдықтар;көлік-құралдары; құрал-саймандар, ас- паптар , жиһаз , түрлі техника және басқа тұтынылмайтын заттар.Жалпы талаптарға сәйкес жалдау шартында жалдауға берілугетиіс объектінің дербестігін анықтауға мүмкіндік беретін деректер көрсетілуге тиіс.Жалдау шартында оны анық бірегейлендіруге мүмкіндік беретін объекті туралы дерек- тер болмаған кезде,оны (шартты) тараптар келіспеген және тиісінше жасаспаған болып саналады.

Жалгер мен жалға берушінің құқықтары мен міндеттері жалдау шартында барынша көп немесе аз деңгейде нақтыла- нып көрсетіледі.Бұл ретте ескеретін жайт – егер шартта қандай да бір талаптар ескерілмесе,онда даулы жағдайлар туындаған кезде тараптардың құқықтар мен міндеттері аза- маттық заңнамада белгіленген ережелерге орай белгіленетін болады.Жалдау ақысы ақша қаражаттарының төлеу , мүлік, өнім беру , жұмыстар ,қызметтер орындау түрінде белгіленуі мүмкін.

Жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін төлем төлеу мерзімін елулі түрде бұзған жағдайда ,жалға беруші одан төлемді жалға беруші белгіленген мерзімнен бұрын төлеуге талап етуге құқылы(егер жалдау шартында өзгеше көзделме- се).Бұл ретте жалға берушінің төлемді қатарынан екі мер- зімнен астам уақытқа мерзімінен бұрын төлеуді талап етуге құқығы жоқ.

Жалға беруші, егер жалгер шартта белгіленген төлем мерзімі аяқталғаннан кейін жалдау ақысын екі реттен артық енгізбейтін болса,шартты мерзімінен бұзуды талап ете алады.

Жалдау мүлікті белгілі бір мерзімге беруді көздейді,ол тараптардың келісімімен анықталады бір күннен бір жылға дейінгі кезеңді құрауы мүмкін . Егер жалдау мерзімі жалдау шартында белгіленбесе, онда шарт белгісіз мерзімге жасал-

ған болып саналады . Бұл жағдайда тараптардың әрқайсысы шарттан бас тарта алады,бірақ бұл ретте бұл жөнінде басқа тарапқа шартты бұзуға ниет біддірілген күнге дейін кем дегенде бір ай бұрын,ал жылжымайтын мүлік объектісін жалдағанда кем дегенде үш ай бұрын хабарлауға міндетті.

Жалдау жөніндегі операциялардың бухгалтерлік және салықтық есепке алу ережелердің жалдау түріне байланысты болады.

17- «Жалға беру есебі» Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жал қаржыландырылатын,ағымдағы және күші жойыл- майтын (қайтарып алынбайтын)болып келеді. Жалға алынған мүлікті пайдалану құқығына байланысты тәуекел мен сыйақы қандай деңгейде жалгерге ауысатыны немесе жалға берушіде қалатыны негізінде жал сыныпталады.

Күші жойылмайтын (қайтарып алынбайтын) жал – бұл жалды мынадай жағдайда ғана:



  • қандайда бір болжанбаған уақиға болғанда;

  • жалға берушінің рұқсатымен;

  • сол немесе сол сияқты активтерге сол бір жалға беруші- мен жаңа жалгер шартын жасаған жағдайда;

  • егер жалдау мерзімінің бас кезінде жалдауды тоқтату үшін жеткілікті өтем болып табылатын қосымша сома төленсе,үзуге болады.

Қаржыландырылатын жал – активтерді меншіктену құқы- ғына байланысты пайдалар мен тәуекелдердің үлкен бөлігін жалгерге беру. Жалды қаржылық деп санауға болады,егер мына талаптардың бірі орындалса:

жалдау мерзімі жалданған мүлікті ұтымды пайдалану мерзі- мінің 80%-нен астамын құраса;

ең төменгі жалдық төлемдердің дисконтталған құны жалға берілген мүлікті өткізу құнының кем дегенде 90% құраса;

жалдау мерзімінің соңында активтің қалдық құны жалдау шартын жасасқан кезде өткізу құнының 20%-нен кем болса;

жалданатын активке меншіктену құқығы өткен кезде жалгер жалдау мерзімінің басында белгіленген тіркелген баға бой- ынша сатып алу құқығына ие болады.

Қаржыландырылатын жал кезінде активке меншік құқығы- мен байланысты тәуекелдер жалгерге көшеді. Сондықтан қар- жыландырылатын жал объектісі жалгердің негізгі құралдары- ның құрамында көрсетіледі.Жалға берушіде қаржыландырыла- тын жалға берілген мүліктің шартты құны жалгердің дебитор- лық берешегі ретінде көрсетіледі.Жалдық төлемдер шарттық құнды өтеу жөніндегі міндеттемелерден бөлек ескеріледі.

Қазіргі кезде жалдаудың лизингтік нысаны кеңінен қолда- ныла бастады.Лизингтің жалдаудың басқа түрлерінен негізгі ерекшелігі сол , лизингке негізгі құралға жататын, лизинг беруші бұрын пайдаланбаған мүлік емес,лизинг алушыға жалға беру мақсатымен арнайы алынған мүлік беріледі.

Ағымдағы жал – қаржыландырылатын шарттың талаптары- на сәйкес келмейтін кез келген басқа жал.Жалға қатысты «ағымдағы» ұғымы бір жылдық кезеңге қатыссыз пайдаланы- лады.Мерзімі бір күн және бірнеше жыл болатын жал ағымдағы болып санала алады.Ағымдағы жал кезінде активке меншік құқығы болуымен байланысты тәуекелдер мен сыйақы- лар жалға берушіде қалады.Айта кететін жайт – ағымдағы жалға берілген мүлік жалға берушінің бухгалтерлік есебінде де,салықтық есебінде де шығып қалатын активке жатпай- ды.Егер бухгалтерлік есепте ағымдағы жалға берілген мү- лікті Шоттардың үлгі жоспарының 12- бөлімшесінің жеке- леген субшоттарында көрсетуге болса,онда салық есебінде бұл мүлік ещқандай бөлек көрсетілмейді және тіркелген активтердің ішкі тобының құрамында есепте тұра береді.Ол бойынша амортизация есептеу салық есебінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Сондықтан ағым- дағы жал объектісі жалға беруші активтерінің құрамында көрсетіледі.Жалгер ағымдағы жалғ, алынған мүлікті баланс- тан тыс есепке алады.

Ағымдағы жалдан түскен табыс әдетте негізгі емес қыз- меттің табыстары құрамында 727-шотта көрсетіледі.Егер мүлікті жалға беру , тіпті ағымдағы жалға болса да, қыз- меттің негізгі түрлернің бірі болып табылса, онда 701-шот

пайдаланылады.

Жалдың барлық түрлерін жіктеу және есепке алу жалгер тарапынан да ,жалға беруші тарапынан да 17 халықаралық бухгалтерлік стандарттарымен ресімделеді. 17 халықаралық бухгалтерлік стандарттары бойынша әдәстемелік ұсынымдар қаржылық жалдың да,операциялық жалдың да есеп тақыры-

бын егжей-тегжейлі ашып көрсетеді.

Жалгер қаржылық жалды актив пен міндеттеме ретінде бухгалтерлік баланста жалдау мерзімінің басындағы мүлік- тің әділ құнына тең тең сомалар бойынша немесе,егер ол әділ құннан төмен болса, ең төменгі жалдық төлемдердің дис- контталған құны бойынша көрсетіледі . Қаржылық жал шар- тына сәйкес алынған негізгі құралдар ұтымды пайдалану- дың ең аз мерзімі мен жалдау мерзімінің ішінде амортиза- цияланады . Жалға берушіде қаржылық жалда тұрған актив- тер бухгалтерлік баланста жалдық төлемдердің дисконттал- ған құнына тең (жалға салынатын таза инвестицияға тең) сомадағы дебиторлық берешек ретінде көрсетіледі . Операция- лық жалға берілген активтер компанияның бузгалтерлік есебінде жылжымайтын мүліктің,үйлер мен жабдықтардың құрамында көрсетіледі және тозу олар бойынша амортизация әдісіне сәйкес ұтымды пайдалану мерзіміне қарай есептеле- ді.Операциялық жалдан алынатын табыстар құрамында бүкіл жал мерзімінің ішінде біркелкі негізде көрсетіледі.

Салық заңнамасына сәйкес тауарларды,қызмет көрсетулерді өткізу жөніндегі айналым кез келген жұмыстардың орын- далуын немесе қызметтердің көрсетілуін ,оның ішінде өтеу- сіз өткізілуін , сондай- ақ тауар өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген қызметті , соның ішінде мүлікті уақытша иеле нуге және мүліктік жалдау (жал) шарттары бойынша пайдала- нуға беруді білдіреді.



Дебет

Кредит

сомасы

Операция мазмұны

301

701,727

652174

Шарттық құнына

301

633

97826

ҚҚС сомасына

441

301

750000

Ақшаның түсуі

Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналымдарға ҚҚС салынбайды.Жұмыстарды ,қызмет көрсе- тулерді өткізу орны жұмыстарды , қызмет көрсетулерді сатып алушының кәсәпкерлік немесе кез келген басқа қызмет , соның ішінде жылжымалы мүлікті ( көлік құралынан басқа )жалға беру жөніндегі қызмет орны болып табылады.

Сөйтіп,егер жылжымалы мүлік (көлік құралынан басқа) қызметін Қазақстан Республикасының тыс жерде жүзеге асыратын резидент емеске жалға берілсе,онда жалдау ақысына қосылған құн салығы салынбайды.

Сондықтан резидент еместермен жалдау шартын жасаса отырып,жалға беруші жалға берілетін мүлікті пайдалану орнын шартта көрсетуі қажет.Мүлікті жалгердің шын мәнінде пайдалану мақсатымен Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкету фактісін растайтын құжаттардың болуы артық болмайды.

«Дивиденттер» қосымшасы заңды тұлғаның өз қатысушылары арасында бөлетін табыстар қарастырылады.

Дивиденттер:



  • акциялар бойынша төленуге тиісті табыс:

  • қордың басқарушы компаниясыпайларды сатып алған кезде пайлар бойыншатабыстарды қоспағанда,пайлық инвестициялық қордың пайларыбойынша төленуге тиісті табыс;

  • заңды тұлға өз қатысушылары,құрылтайшылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі;

  • заңды тұлғаны тарату кезінде мүлікті бөлуден түскен табыс;

  • құрылтайшының,қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде ,құрылтайшының,қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда,резидент заңды тұлға өз құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып , жарғылық қорды ұлғайтуғабағытталған мүліктен басқа мүлікті бөлу- ден түсетін табыстар.

Әрбір құрылтайшының ,қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып , таза табысты бөлу кезінде резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс дивидент- терге жатпайды.

Демек,егер кәсіпорын акционерлік қоғамының акцияларын ұстаушы болып табылса,серіктестіктің жарғылық капиталын- да үлесі бар болса,онда қаржылық жыл аяқталғаннан кейін оның дивиденттер алуына болады.

Акционерлік қоғамның дивиденттерін төлеу тәртібі «Ак- ционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23,24-баптарында белгіленген.

Орналасластырылмаған немесе қоғамның өзі қайта сатып алған акциялар бойынша дивиденттер есептелмейді.

Қоғамның қарапайым және артықшылығы бар акциялары бойынша дивиденттер төленуіне мына жағдайларда жол берілмейді:

1)өз капиталының мөлшері теріс болған кезде немесе қоғамның өз капиталының шамасы өз акциялары бойынша дивиденттер төлеу нәтижесінде теріс болса;

2)егер қоғам Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздік белгілеріне сай келсе , не аталған белгілер қоғамда өз ак- циялары бойынша дивиденттер төлеу нәтижесінде пайда болса;

3)егер сот немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім қабылдаса.

Банкроттық туралы заңнамаға сәйкес қоғамның төлем қабілетсіздігінің немесе дәрменсіздігінің белгілері бар болған кезде дивиденттер төленген жағдайда ,ондай мәмілелерді кез келген мүдделі тұлғаның талап етуі бойынша жарамсыз деп мойындауға болады.

Акционерлік қоғам дивиденттерді кезек бойынша төлейді . Ең алдымен артықшылығы бар акциялар бойынша диви- денттер төленеді.Солар бойынша қоғамның қаржы нәтижеле- ріне қарамастан төленетін дивиденттердің кепілді шамасы анықталады.Содан соң дивиденттер қарапайым акциялар бойынша төленеді. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақс- тан Республикасының Заңының 23-бабына сәйкес қарапайым акциялар бойынша дивиденттер төлеуді директорлар кеңесінің шешімі бойынша тоқсан,жартыжылдық қорытындылары бойынша жүзеге асыруға болады. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төлеу,Заңның 24-бабына сәйкес, қоғам органының шешімін қажет етпейді,ал артықшылығы бар бір акцияға дивиденттер мерзімі мен шамасы қоғам жарғысымен белгіленеді.

Заңда ақшалай төлемнің түрінің белгіленгенін ескеру қа- жет,сондықтан серіктестіктің табысын басқадай түрде бөлуге және қатысушыларға таза табыстың бір бөлігін басқадай түрде (тауармен немесе мүлікпен) беруге жол берілмейді.

Практика жүзінде көптеген салық төлеушілер серіктестіктің таза табысын әр түрлі негіздер бойынша бөлудің ,таза табыс- ты бөлмей,өндірісті кеңейтуге жұмсауын қатысушылардың артық көрінуінің қажеті жоқ жағдайға тап болады. «Жауап- кершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серік- тестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабындағы 1- тармақта қатысушылардың жалпы жиналысының таза табыстың бір бөлігін қасушылар арасында бөлуден шығарып тастау құқығы көзделген . Мұндай құқық қатысу- шыларға серіктестіктің қаржы жағдайын өз бетінше анықтау ,оның активтерін басқару және таза табысты бөлу туралы оң шешім қабылдамау мүмкіндігін береді.

Салық кодексінің 131,132,135- баптарына сәйкес дивиденттерге төлем көзінен 15 % ставка бойынша салық салынады.

«Бағамдық айырма» шетелдік валютамен жасалатын операциялар бойынша туындайтын айырма.Бағамдық айырма бойынша табыс деп тек қана оң бағамдық айырма сомасы- нан асып кетуі мойындалады және тиісінше теріс бағамдық айырманың оң бағамдық айырмадан асып кетуі ғана шегерімге жатады.

Бағамдық айырма – шетелдік валюта бірліктерінің белгілі бір санын бағам өзгерген кезде бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігі жүйесінде көрсету нәтижесінде пайда болатын айырма.

Бухгалтерлік есепте бастапқыда көрсету кезінде шетелдік валютамен жасалатын операциялар жасалған күнгі валюталар айырбасының рыноктық бағамын қолдану жолымен теңгемен мойындалады.Кейін әрбір есепті күні көрсету кезінде ақша баптары,соның ішінде өз капиталы,негізгі құралдар,тауарлы-материалдық босалқылары,шетелдік валютамен бастапқы құны бойынша бағаланатын материал емес активтер операциялар жасалған күнгі бағамды пайдалана отырып теңгемен көрсе- тіледі(яғни,баланстың ақша емес баптары бойынша бағамдық айырма есептелмейді).Ақшалай баптарды өтеген кезде немесе қаржы есептілігінде ұйымның ақшалай баптарын ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдерде бастапқыда танылғаннан ерекше валюта айырбастаудың рыноктық бағамы бойынша көрсет- кен кезде олардың туындау кезеңінде кіріс немесе шығыс ретінде танылуға тиіс.



1.Есепті күндегі немесе операция жасалған күндегі рынок- тық бағамды білу қажет.

2.Ақша баптары,дебиторлық және кредиторлық қарыз бойынша бағамдық айырманы есепті күні немесе операция жасалған күні шетелдік валютамен есептеу қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет