Заголовок слайда



бет2/6
Дата08.09.2024
өлшемі1.39 Mb.
#503462
1   2   3   4   5   6
Гистология срс

Аталық жыныс жасушалары:

  • Сперматозоидтардың саны адамда өте көп. Сперматогониядан пісіп жетіліп, түрлену мерзімі 72 тәуліктей. Сперматозоидтардың ұзындығы шамамен 70мкм, құрамында басы, мойны және құйрығы бар.Қозғалысы құйрығының көмегімен жүзеге асады. Адамда орташа жылдамдығы 30-50мкм/сек. Бұл қозғалысы хемотаксис және реотаксис(сұйыққа және химиялық қоздырғышқа қарсы қимыл жасау) қасиеттеріне байланысты өтеді. Сперматозоидтар жатырға30-60 минутта, ал 1,5 және 2 сағатта жатыр түтігінің дистальды бөлігіне өтіп аналық жасушасын ұрықтандырады. Ұрықтандыру қасиеті 2-тәулікке дейін сақталады.

Аналық жыныс жасушалары:

Овоцит (ovum-жұмыртқа) -пісіп жетілгендердің саны сперматозоидтарға қарағанда аз. Әйелдерде жыныстық циклі 24-28 тәулікте, жыныс жасушасы пісіп жетіліп отырады. Бұл процесті овуляция деп атайды. Аналық безден жарылып шыққан овоцит жатыр түтігінің дистальды бөлігіне өтіп, әрі қарай пісіп жетілу кезеңін аяқтайды. Овоциттің диаметрі =130мкм. Цитоплазмасы мөлдір және фолликулярлы қабықтармен қоршалған. Ядросында гаплоидты хромосомасы бар, ядрошығы жақсы көрінетін жасуша. Овоциттердің сары уыздың мөлшеріне байланысты бірнеше түрлері болады. Оларға: цитоплазмасында сары уызы жоқ- алецитальді, сары уызы аз олиголецитальді, сары уызы орташа мезолецитальды, сары уызы көп полилецитальды жатады.

Эмбриогенез

Омыртқалы жануарлардың эмбриогенезінің жалпы даму заңдары сияқты, адам ұрығының дамуы да соған ұқсас кезеңдерден өтеді. Бірақ адам ұрығының дамуының өзіне тән бірқатар ерекшеліктер бай

Адам ұрығының құрсақта дамуы орта есеппен тәулікке 280 10 созылады да бұл үш кезеңнен тұрады:

-бірінші немесе бастапқы кезі (бірінші апта)

-екінші немесе ұрықтық кезеңі (2-8 апта аралығында )

-үшінші немесе нәрестелік (9 аптадан туу мерзіміне дейін) кезеңі.

Эмбриогенездің ұрықтық кезеңінің соңында ұрықтың денесінде тіндер мен мүшелердің бастамалары да пайда болады және оның адамға тән белгілері білінеді. Бұл кезеңде адамның ұрығының ұзындығы 40мм, массасы 5г болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет