Заголовок слайда



бет6/6
Дата08.09.2024
өлшемі1.39 Mb.
#503462
1   2   3   4   5   6
Гистология срс

Аталық жыныс жүйесі:

  • Ен немесе аталық жыныс безі(testis) аталық жыныс жасушасы мен аталық безінің гормоны тестостеронды түзуге қатысады.
  • Дамуы. Біріншілік бүйректің үстіңгі бетіненен алғашқыда еннің дәнекер тінді қабығы ақ қабық пайда болып, одан алдымен жіпше түрінде, ұрық түтікшелері дамиды. Ұрық түтікшелері біртіндеп еннің торын түзеді. Пайда болған ұрық түтікшелердің ішінде біразы гонадоциттер түрінде көбейеді де, ал қалғаны эпителиальді тіректік жасушалар түрінде сақталады. Бездің онтогенезінде генеративті қызметінен эндокринді 8-10 аптасында тестостеронның синтезі білінеді, ал белокты андрогендер одан да бұрынырақ синтезделіне бастайды.

Аналық жыныс жүйесі:

  • Аналық жыныс жүйесіне аналық жыныс бездері мен қосымша жыныс мүшелері (ұрық жолы, жатыр, қынап, сыртқы жыныс мүшелері) жатады.
  • Аналық безі жұп мүше. Бұл без аналық жыныс жасушаларын қалыптастырумен қоса эндокриндік (жыныс гормондарын синтездеп) қызметтерді де атқарады.
  • Дамуы. Эмбриогенездің 7-8 аптасының соңына қарай бездің бастамасы біліне бастайды. Аналық бездің құрамындағы мезенхимасының ұрық дамуы алғашқы бүйрек денесінен бастау алады. Ұрықтың 6-аптасының басына қарай бездің мезонефронынан бөлінуі мен аналық бездің тамырлы аяқшасының қалыптасуы басталады. 6-8 апталық ұрықта аналық бездің қыртысты заты біліне бастаса, ал боз заты бұдан кейінірек дамиды.

Эмбриогенездің 3-4 айында бездің алғашқы жасушалары немесе овогонийлердің жылдам көбеюінің нәтижесінде жыныс жасушаларының мөлшері үдемелі түрде ұлғаяды. Нәрестелік дамудың 3-ші айынан соң овогонийлердің тең жартысын мейоздың үздіксіз фазасында орналасқан біріншілік овоциттерге жеткізіледі. Нәрестенің дүниеге келу сәтіне қарай овогонийлердің саны кемиді де, ал бірақ өсу кезеңіне өткен біріншілік овоциттер саны көбейеді. Нәрестенің дүниеге келу мезгілінде бездегі жыныс жасушаларының саны 300-400мыңдай болады, мұны біріншілік овоциттер дейді. Жаңа туған қыз баланың бойында жыныс бездерінің әрі қарай дамуы жалғаса береді. Аналық бездердің эндокриндік қызметі қыз баланың кәмелетке толған кезінде байқалады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлінетін фолликулин гормонының әсерінен аналық жыныс жасушаларының шапшаң, әрі қарқынды түрде өсуі байқалады.

  • Эмбриогенездің 3-4 айында бездің алғашқы жасушалары немесе овогонийлердің жылдам көбеюінің нәтижесінде жыныс жасушаларының мөлшері үдемелі түрде ұлғаяды. Нәрестелік дамудың 3-ші айынан соң овогонийлердің тең жартысын мейоздың үздіксіз фазасында орналасқан біріншілік овоциттерге жеткізіледі. Нәрестенің дүниеге келу сәтіне қарай овогонийлердің саны кемиді де, ал бірақ өсу кезеңіне өткен біріншілік овоциттер саны көбейеді. Нәрестенің дүниеге келу мезгілінде бездегі жыныс жасушаларының саны 300-400мыңдай болады, мұны біріншілік овоциттер дейді. Жаңа туған қыз баланың бойында жыныс бездерінің әрі қарай дамуы жалғаса береді. Аналық бездердің эндокриндік қызметі қыз баланың кәмелетке толған кезінде байқалады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлінетін фолликулин гормонының әсерінен аналық жыныс жасушаларының шапшаң, әрі қарқынды түрде өсуі байқалады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BC%D0%B1%D1%80%D0%B8%D0%BE%D0%BD
  • https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81
  • http://rmebrk.kz/bilim/saparov-citologia.pdf
  • Аяпова Ж.О. 2 бөлім 2022 жыл 242-252 беттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет