Заголовок слайда



бет5/6
Дата08.09.2024
өлшемі1.39 Mb.
#503462
1   2   3   4   5   6
Гистология срс

Гаструляция

  • Гаструляция (gaster-асқазан) ұрық денесінде күрделі химиялық және морфогенетикалық өзгерістермен қатар, жасушалары көбейіп, өсіп орындарын ауыстырып, дифференцияланады. Осының нәтижесінде ұрық жапырақшалары пайда болады;эктодерма, мезодерма және энтодерма. Ал, бұлар болса ұрықтың тіндері мен мүшелері дамитын ең негізгі биіктік бастамалар болып табылады.
  • Адам ұрығының гаструляциясы екі жолмен жүреді: біріншісі ұрық түйінінің деляминациясы немесе ыдырауы (ажырауы, 7 тәулікте жүреді) екіншісі имиграция (жасушалардың көшуі, 14-15тәуліктерде жүреді) немесе орын ауыстыруы.
  • .

Гаструляциядан соң гистогенез бен органогенез процессі яғни тіндер мен мүшелердің дамуы жүреді. Соның ішінде жыныс жүйелерінің дамуына тоқталып өтсек, яғни аталық және аналық жыныс жүйесінің дифференциялануына:

  • Гаструляциядан соң гистогенез бен органогенез процессі яғни тіндер мен мүшелердің дамуы жүреді. Соның ішінде жыныс жүйелерінің дамуына тоқталып өтсек, яғни аталық және аналық жыныс жүйесінің дифференциялануына:

Жыныс жүйелері:

  • Жыныс жүйелері (гонадалар) ағзада репродуктивті қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы. Жүйенің құрамына жыныс жасушаларын түзетін, гормондар бөлетін жыныс бездері немесе гонадалар мен қосымша мүшелер жатады. Аталықжыныс жүйесіне: ен, тұқым немесе ұрық жүретін жолдар, көпіршікті бездер, қуық безі т.б. жатса ал, аналық жыныс жүйесіне: аналық жыныс безі мен қосымша мүшелері: жатыр,жатыр түтігі мен қынап жатады. Әйел адамдарда сүт безі жыныс жүйесімен тығыз байланысты. Жыныс жүйесінің ерекшілігі жыныстық хромосомаларында; ер адамдарда XY болса, ал әйел адамдарда XX болады. Аталық жыныс жасушаларының дамуы сперматогенез, төрт сатыдан тұрады, ал аналық бездерінде аналық жасушаларының дамуы овогенез үш сатыдан тұрады.

Дамуы. Жыныс жүйелерінің дамуы зәр шығару жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Алғашқы пайда болған жыныстық жасушалар гонобласттар ұрықтың 3-аптасында сарыуыз қапшығының қабырғасында білінеді де, ізінше соңғы бөлігінің қабырғасындағы қан тамырлары арқыры қанмен жыныс бездерінің бастау алатын жеріне келіп қоныстанады. Аналық жыныс безінің бастамасында алғашқыда фолликулярлы жасушалары, ал аталық безе тіректік жасушалары немесе сустентоциттер дамиды. Жыныс бездеріндегі тіректік жасушалары жыныстық жасушалардың пісіп жетілуіне демеуші болып табылады. Ал, эндокринді немесе интерстициальді жасушалары гормональді қызмет атқарады. Мезенхимадан пайда болған жыныс безінің бастамасы біртіндеп жыныс жіпшелері түрінде, ал одан кейін эпителиальді жасушалар тізбегіне айналады.Жыныс жасушаларының адам ұрығындағы жіктелуі эмбриогенездің 6-аптасынан басталады.

  • Дамуы. Жыныс жүйелерінің дамуы зәр шығару жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Алғашқы пайда болған жыныстық жасушалар гонобласттар ұрықтың 3-аптасында сарыуыз қапшығының қабырғасында білінеді де, ізінше соңғы бөлігінің қабырғасындағы қан тамырлары арқыры қанмен жыныс бездерінің бастау алатын жеріне келіп қоныстанады. Аналық жыныс безінің бастамасында алғашқыда фолликулярлы жасушалары, ал аталық безе тіректік жасушалары немесе сустентоциттер дамиды. Жыныс бездеріндегі тіректік жасушалары жыныстық жасушалардың пісіп жетілуіне демеуші болып табылады. Ал, эндокринді немесе интерстициальді жасушалары гормональді қызмет атқарады. Мезенхимадан пайда болған жыныс безінің бастамасы біртіндеп жыныс жіпшелері түрінде, ал одан кейін эпителиальді жасушалар тізбегіне айналады.Жыныс жасушаларының адам ұрығындағы жіктелуі эмбриогенездің 6-аптасынан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет