Зайсан ауданының әкімі С. З. Зайнулдиннің 2012 жылдың қортындысы бойынша есепті баяндамасының тезистері Құрметті жерлестер!



Дата23.02.2016
өлшемі294.7 Kb.
#6275
Зайсан ауданының әкімі С.З.Зайнулдиннің 2012 жылдың қортындысы бойынша есепті баяндамасының тезистері

Құрметті жерлестер!

Өздеріңізге белгілі тарих қойнауына кеткен 2012 жыл өте жауапты саяси науқан Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісінің және барлық деңгейдегі маслихаттар сайлауынан бастау алып, жыл көлемінде қазақ елінің даңқын арттырған, бүкіл әлемге паш еткен тарихи оқиғаларға толы болды. Жыл соңында Еліміздің Тәуелсіздігінің 21 жылдығына байланысты 14 желтоқсанда өткен салтанатты жиында Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалаптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын арнап, Мәңгілік ел болудың 2050 жылға дейінгі межесін айқындап, ең жоғары дамыған 30 елдің қатарына кіру міндетін қойды.

Осыдан 21 жыл бұрын Елбасы Н.Ә. Назарбаев егемендігін енді алған халқын асқарлы да сындарлы белестерге батыл бастады. Ұлт Көшбасшысын қапысыз таңдаған туған елі бүгін әлемдік қоғамдастықтың бел ортасындағы беделді мемлекет болып танылды. Өркениет жолында талай істерді тындырған Қазақстан татулық пен бірліктің, береке мен ырыс-құттың ордасына айналды. Мемлекетіміздің қалыптасу кезеңін Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын 1997 жылы елдің 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген болатын. Онда алға қойылған міндеттердің барлығы осы кезеңдерге дейін мерзімінен бұрын жүзеге асырылды. Еліміз дамудың қазақстандық үлгісін қалыптастыра отырып, беделі биік, абыройы жоғары қуатты мемлекетке айналды. Сондықтан Қазақстан бірқатар елдермен бірге, өзінің де ұзақ мерзімді даму стратегиясын жариялады. Құжатта Елбасымыз 2050 жылға дейін Қазақстан қаншалықты деңгейде дамуын, еліміздің алдында қандай мақсаттар тұрғанын, кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын нақты белгілеп берді.

Осы міндеттер аясында ауданымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігін, әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін саралай отырып, ағымдағы 2013 жылдың даму бағыттарын айқындап алуымыз керек.

Өткен жылдың басындағы Елбасының «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы, оны нақтылай түскен «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы біздің жұмысымызға бағыт-бағдар берген басты құжаттың бірі болды. Елбасымыздың, облыс әкімінің тапсырмаларын орындауда ауданымыздың дамуының барлық салаларында айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Ауданда өткен 2012 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, ол төмендегідей.

Аудандағы бір қала, сегіз ауылдық округтердегі 37 елді мекендерінде 37,9 мың адам тұрады. Оның ішінде зейнеткерлер 3880, оқушылар 6103, мектеп жасына дейінгі балалар 2372, экономикалық белсенді халық 18865. Миграциялық сальдо 2011 жылдан оң болды, табиғи өсім 385 адам болса, 2012 жылы 436 адам болды.

Ауданымызда өндірілген ішкі жалпы өнімінің көлемі 12,9 млрд тенгеге жетті.

Оның ішінде өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2 млрд 180,9 млн тенге болып, ішкі жалпы өнімнің 16,9 пайызын құрады. 2012 жылы 68,2 мың тонна көмір өндірілді. 281 мың литр минералды және әртүрлі сулар, 7,2 мың литр әртүрлі сусындар, 360 тонна нан тоқаш өнімдері, 432 тонна ұн, 24 тонна сүт өнімдері өндірілді. Аудан экономикасында газ, мұнай, көмір өндіруге байланысты өнеркәсіп өнімдерінің үлесі ұлғая түсті. 81,5 шақырым газ құбыры тартылды. Таяу жылдары жылына 500 млн текше метр көлемінде табиғи газ өндіріліп, өнеркәсіп өнімдерін өндіру жетекші салаға айналады. Бұл ауданның әлеуметтік экономикалық дамуын жаңа сатыға көтеріп, халқымыздың тұрмыс тіршілігін айтарлықтай жақсартады.

Ауыл шаруашылығы

«Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген басты бағыттардың бірі азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Елбасы тапсырмасы негізінде ауданымыздың ауылшаруашылғы саласын дамыту, жұмысымыздың басты бағыты болып қала береді. 2012 жылы өндірілген ауылшаруашылығының өнімдерінің көлемі 10 млрд 737,3 млн тенге болды. Немесе 2011 жылмен салыстырғанда табиғи көлем индексі 3,3 пайызға артты. Ауданымызда мал дәрігерлік есеп бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына 61 мың 263 бас ірі қара, 132 мың 347 бас қой-ешкі, 13 мың 130 бас жылқы бар. 2011 жылмен салыстырғанда барлық түліктер бойынша өсімге қол жеткізілді.

Ауылшаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес 2012 жылы ауданда бұл саланы қолдау жөнінде үлкен шаралар іске асырылды. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 34 жеке тұлғаға 30 млн. теңгенің, «Зайсан-Несие» ЖШС арқылы өз құрылтайшылары 22 шаруа қожалығына 31,5 млн. теңгенің, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 11 шаруа қожалығына 84,7 млн. теңгенің, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 24 азаматқа мал сатып алып, өсіруге 63,5 млн. теңге несиелері берілді. Жиыны 209,7 млн тенгенің несиесі беріліп, мал шаруашылығын дамытудағы шаруа қожалықтарына 71,6 млн. теңгенің қайтарымсыз субсидия көмегі төленді. Малдардың жұқпалы ауруларының алдын алу іс шараларына аудан бюджетінен 53 млн 687 мың тенге бөлініп, іс шаралар толықтай атқарылды. 2011 жылмен салыстырғанда көбейіп, биылғы жылға 87 млн 474 мың тенге бөлініп 2010 жылмен салыстырғанда екі жарым есе көбейді. Бұл мал иелеріне мемлекет тарапынан жасалынып отырған үлкен көмек. 2012 жылы шаруа қожалықтары жаңадан 5 малшы үйін, 5 мал қораларын салды. Осы жылдан бастап қой шаруашылығына субсидиялар берілмек, бұл ата кәсібімізбен айналысатын кәсіпкерлер үшін үлкен жақсылық, қолдау.

Жылма-жыл ауданымызда егістік көлемі артуда, 2012 жылы оның көлемі 15 мың 670 гектарға жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 11 пайызға артты, немесе 1 мың 563 гектар егіндік жер артық игерілді. 5497 гектарға дәнді астық, 3270 гектар жерге күнбағыс, 2270 гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа есеппен 13 центнерден өнім алынып, барлығы 6 мың 768 тонна астық жиналды. 731 гектар жерге егілген көкөністің әр гектарынан орташа есеппен 148,2 центнерден, 1408 гектар картоптың әр гектарынан 106 центнерден, 131 гектар бақшалық дақылдардың әр гектарынан 145 центнерден өнім жиналды. 126 мың тонна шөп, 600 тонна пішендеме дайындалды. Көп жылдан бері алғаш рет 124 гектар жерге жүгері егіліп, әр гектарынан 22 цн жүгері дәні алынды. Өсімдік шаруашылығын дамытуда да мемлекет тарапынан үлкен көмектер жасалуда. Өсімдік шаруашылығымен шұғылданатын шаруа қожалықтарына 17,6 млн.тенгенің субсидиясы берілді. 11,0 млн. теңгеге жаңа ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды. Республикалық бюджет есебінен 3100 га алқапқа шегірткеге, 1,5 мың гектарға кекіреге, 200 га картоп егістігіне колорада қоңызына қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Егін шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде өткен жылы құны 1 млрд 200 млн тенгелік Р-1, Р-2 магистралды каналдарының құрылысы жүргізілді, ол 2013 жылы аяқталады. Бұл төрт жарым мың гектар жерді тұрақты түрде сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Суармалы жерлерді дамыту жөнінде мемлекет тегін үлкен бағдарлама қабылдап отырған жоқ. Өткен жылы еліміз көлемінде қатты құрғақшылық болды. Биылғы жылы ол жалғасуы мүмкін. Сондықтан суармалы егіншілікті, соның ішінде тамшылатып суаруды дамыту жөнінде бізге үлкен тапсырмалар беріліп отыр. Оның ішінде ұсақ шаруашылықтарды ірілендіріп, пайдаланылмай жатқан жерлерді іске қосып, агротехникалық шараларды қайтадан қалпына келтіріп, ауқымды егіс алқаптарын жасау жөнінде үлкен жұмыстар атқаруымыз керек. Жер мемлекет байлығы, ол бос жатпай, жыл сайын құнарлығын арттыру жөнінде жұмыстар жүргізіліп, дақылдар егіліп, халық игілігі үшін жұмыс істеуі керек. Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуы тиіс.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясында ауылшаруашылығын дамытуда осы мәселелер өзекті мәселелер ретінде айқындалған.



Шағын және орта кәсіпкерлік

Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауларында және «Қазақстан 2050» Стратегиясында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мән беріліп отыр. Шағын кәсіпкерлік саласында 1081 кәсіпкер жұмыс істейді. Халыққа қызмет көрсетудің барлық түрлерімен кәсіпкерлеріміз шұғылданып, халық сұранысын өтеуде. Бөлшек сауда айналымы 2 млрд 587 млн 700 мың тенге болды. Зайсан қаласында бірнеше толайым сауда орындары жұмыс істеп оңтүстік аудандардың сауда орталығына айналып келеді. Бағаны тұрақтандыруға байланысты аудан әкімінің жанынан аудандық штаб құрылған. Ол аудан кәсіпкерлерімен бағаны қымбаттатпау жөнінде жұмыстар жүргізуде. Азық-түлік, өндірістік тауарлардың, көкөністің, жанар-жағар май өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, үстеме бағаны 10%-дан асырмау туралы 230 меморандумдар жасалып, орындалуы қадағалануда. Нан бағасын 48 теңгеден асырмай дүкендерге босату туралы наубайхана иелерімен меморандумдар жасалды.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары

Аудандағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, транспорт, байланыс, жолаушылар тасымалдау қызметі үнемі аудан әкімдігінің назарында. Бұл салаға аудан бюджетінен 2012 жылы 146 млн 277 мың тенге қаражат жұмсалды. Қала, ауыл округтеріндегі ауыз су жүйелері тоқтаусыз жұмыс істеді. Зайсан қалаішілік автобустарын жүргізу шығындарын қосымша өтеуге аудандық бюджеттен 10 млн тенге жұмсалды. Биылғы жылы осы мақсатқа 12 млн тенге қаржы бөлініп отыр. Қала көшелерін жөндеуге 110 млн 257 мың тенге, аудандық маңызы бар жолдарға 26 млн 20 мың тенге аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, игерілді. Жалши ауылының орталық үлкен көшесі асармен жөнделді. Кәсіпкерлеріміз Өскемен, Семей, Астана, Алматы қалаларына жайлы автобустармен кестеге сай тоқтаусыз жолаушыларды тасымалдауда. 2013 жылы Зайсан - Өскемен бағыты бойынша әуе қатынасы жалғасуда. Зайсан-Алматы бағыты бойынша әуе қатынасы ашылмақ. Бюджеттік, жекеменшік мекемелер, аудан халқы қыс мезгілінде сапалы көмірмен тоқтаусыз қамтылды. Көмірден тапшылық, электр энергиясымен қамту, телекоммуникация, почта байланысы жүйелері, газбен қамту қызметтері тарапынан іркіліс болған жоқ. Зайсан қаласын табиғи газ жүйесіне қосу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Онан кейінгі кезекте Қарабулақ, Қаратал ауылдары тұр. Газ құбыры желісі қасынан өтетін ауылдар табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Халыққа Зайсан қаласында төрт ірі банк филиалдары, банкоматтарымен қызмет жасап отыр. Интернет, телевидения жұмыстары жақсарып, «Отау ТВ» жүйесін аудан халқы пайдалануда.



Құрылыс

Соңғы жылдары аудан елді мекендерінің көркіне көрік қосып, ел игілігі үшін қызмет ететін жаңа құрлыс нысандарын салу, күрделі құрылыс жөндеу жұмыстары қарқын алып келеді. Құрылыс саласындағы кәсіпкерлердің құрылыс базалары жыл сайын нығайып, жаңа құрылыс технологияларын игеруде.

2012 жылы 4 млрд 898,8 млн.теңгеге жуық құрылыс монтаж, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан көлемінде 523 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл ретте мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша ауданымызда үлкен жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы 4204 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. Зайсан қаласындағы бұрын әскери казарма болған ғимарат, пәтерлік типтегі жатаққананаға айналдырылып 143 млн 136 мың теңгенің күрделі жөндеу және инженерлік жүйелерін салу жұмыстары жүргізіліп, 27 отбасыға пайдалануға берілді. Сметалық құны 339 млн теңгелік алпыс пәтерлі үйдің құрылысы басталып, биыл пайдалануға беріледі. Көпшілік болып жұмылып Зайсан қаласында үйсіз отырған, жағдайы төмен бір жанұяға бюджет қызметкерлері, кәсіпкерлер көмегімен жаңадан үй салынып берілді. Сондай-ақ, 25 жеке меншік үйлердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Оның сыртында Майғапшағай кеден бекетінің қызметкерлеріне арналып 4 екі пәтерлі, 3 жатақхана үйлерінің құрылыстары жүргізілуде. Құны 286 млн тенгелік балалардың демалыс спорт сауықтыру комплексі пайдалануға берілді. Мұндай комплекс облыс, тіпті Республика көлемінде санаулы.

Мемлекеттік «Ақбұлақ -2020» бағдарламасы бойынша Зайсан қаласының ауыз су жүйелерін күрделі жөндеуге 332,3 млн теңгенің, Айнабулақ ауылының су жүйелерін салуға 112,5 млн теңгенің құрылыс монтаждау жұмыстары атқарылды. Биылғы жылы Айнабулақ ауылының су жүйесінің құрылысын аяқтауға 161,7 млн тенге, Дайыр ауылының су жүйесі құрылысына 324,7 млн тенге қаражат бөлінді. Аудандағы үлкен проблемалардың бірі ауыз су жүйелерімен бірге, ескірген кәріз жүйелерін де жаңалау қажет. Әсіресе бұл мәселе Зайсан қаласында өткір тұр. Сондықтан да биылғы жылы Зайсан қаласының кәріз жүйесін, тазалау қондырғысымен салуға 555 млн 556 мың теңге қаражат бөлінді. Зайсан қаласын аббаттандыру көркейтуде үлкен жұмыстар атқарылуда. Орталық алаң жөнделіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлері –батырлар алаңы, Жастар аллеясы, Бейбітшілік алаңы балалар ойнайтын кортымен, карусельдерімен пайдалануға берілді. Абай, Победа, Н.Мәукенұлы, Байытов көшелері асфальтталып, су арықтары салынды. Шегіров, Баитов, Н.Мәукенұлы, Желтоқсан көшелері жарықтандырылды. Мөлтек аудан абаттандырылып, балалар ойнайтын алаң салынды. Зайсан қаласының кіре берісіне С.Спамбетов атындағы саябақ суландыру жүйесімен бірге салынып, ағаштар егіліп гүлзарлар жасалынды. Қаланың төрт көше қиылыстарына бағдаршамдар орнатылды. Желтоқсан көшесінің бойына ыдыстарға гүл егілген стендтер қойылды. Жалпы соңғы екі жылда Зайсан қаласында ғана 7 сквер, аллеялар салынды. Көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстарына аудандағы барлық мекемелер, қалың жұртшылық жұмылдырылды. Қала, ауылдарымыздың көшелері гүлге оранып, келген қонақтарымыз ауданымыздың көркіне тамсанды. Менің тапсырмаларымды қолдап, осындай жұмыстарға шын пейілдерімен ат салысқан мектеп ұжымдарына, мекеме қызметкерлеріне, жеке адамдарға алғысымды білдіремін.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында ауданымыздағы Дайыр, Сарытерек, Қаратал ауылдарына тірек ауылдары статусы беріліп, құрылыс жұмыстары қарқын алды. Әсіресе Сарытерек ауылында бұл жұмыстар жұртшылықты жұмылдыра отырып қарқынды жүргізілді. Онда балалар бақшасы жаңа заманға сай күрделі жөндеуден өтіп, жаңа құрал жабдықтарымен пайдалануға берілді. Хоккей корты, балалар саябағы пайдалануға беріліп, бір көшесі асфальтталып, бір көшесі жарықтандырылды. 1374 метр қоршаулар жаңаланды. Шағын монша іске қосылды. Конкурс қортындыларында облыстағы 147 тірек ауылдарының ішінен алдыңғы қатардан көрінді.

Дайыр ауылында хоккей корты, балалар ойнайтын алаң салынды, бір көше жарықтандырылды. Қаратал ауылында жастар саябағы, хоккей корты, балалар ойнайтын алаң салынды, бір көше жөнделіп, бір көше жарықтанды. Жіңішкесу ауылына баратын жол ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Тірек ауылдарынан басқа ауылдар да назардан тыс қалған жоқ. 4 миллион тенгеге Қарабұлақ ауылының мәдениет үйінің төбесі жөнделіп, қоршауы жаңаланып, бір көшесі, Мұқашы ауылы жарықтандырылды. Кеңсай ауылына сметалық құны 6 млн 470 мың тенгелік стадион салынды.

Ауданның 16 білім беру нысандарында 162 млн 405 мың тенгенің күрделі және ағымдағы құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ Х.Мустафина, Қаратал орта мектептеріне, Мукарама атындағы мектептің интернатына ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары, Сартерек, Көгедай, Орманбетов атындағы мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Абай мектебінің су және канализациясы жүйелері жөнделді. Амангелді, Кеңсай, Қазақстан, Көгедай, Жарсу, Мукарама мектептерінің бір бір жылу қазандықтары, Қайнар мектебінің төбесінің шатыры, есіктері ауыстырылды. Қаладағы №3 бала бақшаның қоршауы жаңадан салынды.



Білім

Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың тікелей көмегімен Зайсан қаласында көптен күткен 300 орындық интернатымен 600 оқушыға арналған мектептің құрылысы басталды. Бұл білім саласына жасалып отырған үлкен қамқорлық. Жалпы білім саласына бөлінетін қаражат жыл сайын артуда. Аудан бюджетінен 2012 жылы 1 млрд 841 млн 338 мың тенге қаражат бөлініп, немесе бір баланы оқытуға 294 мың тенге жұмсалды. Аудан мектептерінде 6269 оқушы өткен оқу жылын 58 пайыз сапамен аяқтады. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға артық. Орта мектепті 555 түлек бітірді. Соның 516 түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, орташа балл 73 болды, немесе облыстық деңгейден 2,9 баллға артық. ҰБТ қорытындысы бойынша «Алтын белгі» аттестатына 13 түлек білімін бекітті. 2012 жылы 2 химия, 1 медициналық, 1 мультимедия кабинеттері алынды.

Зайсан қаласындағы мектеп интернатта, Мукарама, Шілікті мектептерінің жанындағы интернаттарда жиыны 187 бала оқиды.Оларға барлық жағдай жасалған.

Ауданда 3 км қашықтықтан артық орналасқан, мектебі жоқ елді мекендерден (Жанабаз, Шалқар, Октябрь №2) екі мектепке күнделікті тасымал ұйымдастырылған.

Мектеп автобустарын жаңарту мақсатында мектеп-интернатқа автобус (4 млн 500 мың тенге), Шілікті мектебіне УАЗ, (2 млн 400 мың тенге), саз мектебіне Газель автокөліктері (2 млн 690 мың тенге) алынды.

Ауданда мектеп жасына дейінгі балалардың 97,7 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 2011 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артты. Зайсан қаласында «Балапан» бағдарламасы бойынша жекеменшік 50 орындық балабақша пайдалануға берілді.

Жаз кезінде балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруға барлық мүмкіндіктер жасалды. Биылғы жылы салынған Сартерек ауылының жанындағы «Бәйтерек» демалыс,спорт сауықтыру кешенінде аудан оқушыларының жазғы демалысын жоғарғы деңгейде өткізуге барлық жағдай жасалған.

2011-12 оқу жылы 5659 оқушы (93%) ыстық тамақпен қамтылса, оның 2178 бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз қамтылды. 2012-2013 оқу жылында оқушылардың 93,3 пайызы, оның ішінде бастауыш сынып оқушылар 100 пайызы ыстық тамақпен қамтылған.

Мукарама, Қазақстан, Кеңсай мектептерінің тәжірибесі жалғасын тауып, Ю.Гагарин, М.Әуезов, Абай атындағы орта мектептер жылыжайлар ұйымдастырып, балалардың тамағына қыс айлары мен ерте көктемде көкөніс бере бастады. Жылыжайлар жұмысын облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев жоғары бағалап, облысқа 6 мектептің іс-тәжірибесі таратылды.

Жаңа оқу жылында аудан ұстаздарының қатары жас кадрлармен толықты. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында аудан бюджетінен өткен жылы 16 әр жас маманға 113 мың 260 тенгеден көтерме ақы және 7 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 15 млн 628 мың тенге бюджеттік кредит берілді.

2012 жылдан кәсіптік-техникалық мектеп лицейге айналдырылып, онда 295 оқушы 8 мамандықтар бойынша білім алуда. 2012 жылы кәсіптік-техникалық мектеп 25 ветсанитар,17 аспаз, 20 электрик, 22 тракторист машинист, 20 тігінші дайындады.

Мәдениет және тілдерді дамыту

Ауданда мәдениет пен өнерді насихаттауда, аудан халқының демалысын ұйымдастыруда біршама жұмыстар атқарылуда. 2012 жылы аудандық бюджеттен мәдениет саласын қолдауға 152 млн 766 мың тенге жұмсалды. Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб жұмыс істейді. Екі халықтық театр, халықтық ұлт аспаптар оркестрі, халықтық екі ән-би ансамблдері, төрт балалар би топтары, «Бәйтерек» ардагерлер және әжелер ансамблі халыққа қызмет көрсетуде.

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Туған ел -алтын бесігім» атты акциясына орай Зырян ауданында Зайсан ауданы күні жоғары деңгейде өтті.

«Айнакөл» ән-би ансамблінің жетекшісі М.Донбаев Республикалық «Ортеке» байқауына қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталса, А. Сүлейменова жетекшілік ететін «Халық театры» облыста өткен бірінші халық театрлар сайысында Бас жүлдені жеңіп алды.

«Еңлік» бүлдіршіндер би ансамблі «Қазақстан» телеарнасының «Айгөлек» байқауында екінші турдан өтіп, ақтық мәреге дейін жетсе, Саз мектебінің «Гүлдер» бүлдіршіндер би тобы республикалық байқауда жеңімпаз атанып, Германияға концерттік бағдарламамен барып қайтты. Аудандық мәдениет үйіне 4 млн. 500 мың теңгеге автобус сатып берілді. Дайыр ауылында мектеп интернат ғимаратындағы акт залы клуб үйі болып ашылды.

Ауданымыздағы бір аудандық, сегіз ауылдық кітапханада 106 мың 625 дана кітап қоры болса, оның 46 мың 996 данасы ана тілімізде. 2012 жылы аудан кітапханалары 4068 дана кітаппен толықтырылды. Оның тоқсан пайызы ана тіліміздегі кітаптар.

Биылғы жылы трек ауылдарын қолдау көрсету мақсатында Дайыр. Қаратал ауылдарының кітапханалары интернет жүйесіне қосылып, барлық қажетті құралдармен қамтамсыз етілді.

Халықты ақпаратпен қамтамасыз етуде, ауданның тыныс-тіршілігін әйгілеуде аудандық «Достық» газетінің ұжымы біршама жұмыстар атқаруда. Аудандық «Достық» газетінің таралымы 2010 жылы 3300 дана болса, қазір 5300 данаға жетіп отыр.



Денсаулық

Еліміздің ұзақ мерзімді Стратегиялары мен Елбасының жыл сайынғы жолдауларында халыққа дәрігерлік қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде үлкен міндеттер қойылған. Аудан халқына бір қалалық, 8 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, бір аудандық аурухана дәрігерлік қызмет көрсетеді. Аудандық аурухана құрамында терапия, хирургия, реанимация, перзентхана, балалар, әйелдер бөлімі, жұқпалы аурулар және жүйке аурулар бөлімдері бар 150 төсектік стационар, 35 төсектік күндізгі емдеу және дәрігерлік амбулаторияларда 47 төсектік күндізгі емдеу стационарлары қызмет көрсетеді.

Сонымен бірге 2012 жылдың 25 сәуірінен бастап құны 85 млн 500 мың теңге тұратын хирург, окулист, ЛОР, акушер-гинеколог, стоматолог, терапевт, дәрігер - соннолог қабылдайтын жаңа заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жылжымалы медициналық комплекс және жылжымалы ФЛГ қондырғысы арнаулы кесте бойынша ауылдарды аралап халыққа дәрігерлік қызмет жасауда. Бүгінгі күні облыс орталығына ауыр халдегі науқастар және жүкті әйелдер медицина қызметкерлерінің жолсеріктігімен жаңадан алынған «Реомобиль» автокөлігімен жеткізілуде.

2012 жылы ересек тұрғындарға 25 млн 680 мың теңгенің тегін және жеңілдетілген дәрі-дәрмегі, балалар мен жүкті әйелдерге 3 млн 738  мың тенгенің тегін дәрі-дәрмегі берілді.

Медициналық бірлестіктің клиникалық-диагностикалық бөліміне қарасты жаңа заманғы медициналық құрал жабдықтарымен жабдықталған кіші диагностика орталығы ашылып халыққа қызмет көрсетуде. 3 жас маман дәрігерге 113 мың тенгеден көтерме ақы, 2 жас маман дәрігерге үй сатып алуға 4 млн 757 мың тенге бюджеттік кредит берілді. 2 жас маманға жаңа пәтер берілді.

Өкінішке орай кейінгі кездері денсаулық саласында халыққа дәрігерлік қызмет көрсетуде кемшіліктерге жол беріліп, халық тарапынан орынды наразылықтар туындауда. Осыдан қортынды шығаруға тиістіміз.



Денсаулық

«Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» дегендей, халықтың денсаулығын жақсартуда денешынықтыру мен спортты дамытудың маңызы ерекше . 2011 жылдан бастап спортқа бөлінетін қаражат бес есе ұлғайтылды. 2012 жылы спортты дамытуға аудан бюджетінен 30 млн 622 мың тенге жұмсалды. Ауданда 1 стадион, 23 спорт зал, 4 мылтық ату тирі, 4 хоккей корты, 41 жаздық нысандар, 1 ашық суға жүзу бассейні, 1 спорт «Модулі», 1 сауықтыру спорт базасы жұмыс істейді. Аудан спортшылары 2011 жылы облыстық жазғы он бесінші халықтық спорт ойындарында бесінші орын алса, 2012 жылы маусым айында Өскемен қаласында өткен облыс әкімі жүлдесіне арналған ХVІ-халықтық спорт ойындарында, 290 ұпай жинап, жалпы командалық есепте 19 аудан, қала командалары ішінен ІІІ-орынға ие болды. Соңғы екі жылдың ішінде он бірінші орыннан үшінші орынға көтерілді.



Қоғамдық тәртіп

Саламатты өмір салтын ұстап, спортпен қызығушылықпен айналысу жастар арасында тәртіпті нығайтуға, көшеде бұзақылықты, қылмысты болдырмауға үлкен ықпалын тигізеді. 2012 жылы ауданда тіркелген қылмыс саны 248, немесе 2011 жылмен салыстырғанда 9,5 пайыз азайған. Қылмыстың ашылуы 72,6 пайыз. Аз мөлшерде есірткі сақтағаны үшін 17 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, есірткі затын көп мөлшерде сақтағаны үшін бір азамат 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 8 адам нашақор есебінде наркологиялық диспансерде есепте тұрады. 2012 жылы 2739 әкімшілік құқық бұзушылықтар болды. 614 адамға 3 млн 804 мың 830 тенгенің айыппұлдары салынып, 98,2 пайызы өндірілді. Жол жүру ережесін бұзу фактілері 1585 болып, 2011 жылмен салыстырғанда 7,6 пайыз азайды. Жол көлік оқиғалар саны 20. Мал ұрлығын азайту жөнінде 2012 жылы ауыл тұрғындарымен жиындар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта жұмыстарды жақсарту жөнінде аудандық ішікі істер бөліміне қатаң талап қойылды. Нәтижесінде мал ұрлығы қылмыстары азайды. Дегенмен бұл бағытта жұмысымыздың пәрменділігін арттыра отырып, халықтың қырағылығын арттыру жолында жұмыстарды жандандыруымыз қажет.

Қылмыспен, оның ішінде мал ұрлығы қылмысымен, Сыбайлас жемқорлықпен күресте «Нұр Отан» ХДП ның бастамашылығымен барлық қоғамдық, мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіруміз керек. Ауданымызда Ардагерлер кеңесі, Мүгедектер қоғамы, жастар ұйымы тағы басқа көптеген қоғамдық ұйымдар,төрт аудандық кәсіподақ комитеттері, саяси партиялар өкілдіктері жұмыс істейді. Аудан әкімдігі осы ұйымдармен үнемі кездесулер өткізіп, бірлесе жұмыс істеуде. Бұл қоғамдық ұйымдар ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына өзіндік үлестерін қосып, қолдау жасауда.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

Ауданымызда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыссыздықты азайту, тұрмысы төмен, аз қамтылған жанұяларға қолдау көрсету, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қамқорлық жасап, әлеуметтік қорғауды жақсартуға баса назар аударылып келеді.

2012 жылы аз қамтылған 200 отбасыға 28 млн 129 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленсе, 2011 жылы 271 отбасыға 26 млн 769 мың теңге төленген, немесе атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 24 %-ға азайды.

2012 жыл көлемінде 763 отбасындағы 2087 балаға 29 млн 489 мың теңге балалар жәрдемақысы берілді.

Табысы аз 98 отбасыға 2 млн 100 мың теңге тұрғын үй көмегі көрсетілдіі.

Аз қамтылған, тұрмысы нашар, әлеуметтік көмекті қажет ететін 286 адамға 4 млн 182 мың теңге біржолғы материалдық көмек берілді, оның ішінде туберкулезбен ауыратын 92 адамға қосымша тамақ пен жол ақысына 2 млн 445 мың теңге, осы аурумен ауыратын 50 балаға санаторийге емделуге бару үшін 250 мың теңге қаражат бөлінді.

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілгендерге, Чернобыль апаттының, радиациялық апаттар мен ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған 126 адамға коммуналдық шығындарын өтеу үшін 5 млн 778 мың теңге материалдық көмек берілді.

Аз қамтылған отбасыларынан шыққан мектеп түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқып жүрген 82 студенттің оқуына 51 млн 410 мың теңгенің материалдық көмегі төленді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша қосымша 46 мектеп бітірушілер арнаулы орта оқу орындарына жіберілді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» игерлеріне, Батыр аналарға, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар, 1542 көп балалы аналарға 15 млн 400 мың теңгенің біржолғы материалдық көмегі төленді.

Үйде оқып-тәрбиеленетін 53 мүгедек балаларға жергілікті бюджеттен 3 млн 828 мың теңге материалдық көмек бөлінді.

2013 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздардың саны 152 адам болып, экономикалық белсенді халықтың ішінен жұмыссыздардың үлес салмағы 0,8%-ды құрады. 2012 жылы 610 жұмыссыз әртүрлі жұмыстарға орналастырылды немесе жұмысқа орналасу деңгейі тіркелген жұмыс іздеушілердің 82,9 пайызын құрады. 2011 жылы 173 жаңа жұмыс орны ашылса, 2012 жылы ол көрсеткіш 263 болды.

Жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жастар іс-тәжірибесіне 35 жас қатысып, оларға республикалық, аудандық бюджеттерден 3 млн 832 мың теңге қаражат төленді. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 533 адам жіберіліп, оларға 16 млн 300 мың теңге қаражат төленді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам жұмысқа жіберілді, бұл шараға аудандық бюджеттен 375,3 мың теңге жұмсалды. Оның сыртында республикалық бюджет есебінен аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 92 адам жіберілді.

Жұмыссыздықты азайтудың бір бағыты кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып табылады. 2012 жылы 39 жұмыссыз оқытылды, оған 1 млн 180 мың теңге қаражат жұмсалды. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 63 адам қайта даярлаудан, 36 адам біліктілігін артырудан өтіп, жұмысқа орналастырылды. 32 адам 83 млн тенгенің несиесін алып өз кәсіпкерліктерін бастады.

«Уба» демалу-сауықтыру орнында 42 адам, Көкшетаудағы «Бура» сауықтыру орнында мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасы негізінде 4 мүгедек емделіп, демалып қайтты.

Зайсан қаласында 50 адам, ауылдық округтерде 61 адам, жиыны 111 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетуде.

2012 жылы менің тапсырмаммен «Қайырымдылық айлығы» өткізіліп, 10 млн 834 мың теңгенің қайырымдылық көмегі жасалды. Зайсан қаласы бойынша мекеме басшылары өздеріне бекітіліп берілген аз қамтылған отбасыларының тұрмыс-жағдайларымен танысып, 98 жанұяға 878 мың теңгенің ақшалай, азық-түлікпен, отын-көмір мен киім-кешекпен көмек көрсетті.

Ауданда еңбек келісім шартымен және квота бойынша келген 1629 жанұя оралмандар 7100 адам есепте тұрады. олар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оның ішінде ауылшаруашылығын өркендетуге, шағын кәсіпкерлікті дамытуға өзіндік үлестерін қосуда. Жалпы өткен 2012 жылы әлеуметтік қамту бағытында аудан бюджетінен 242 млн 689 мың теңге мақсатты жұмсалды.



Аудан бюджетінің орындалуы

Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы аудан бюджетінің әлеуетіне байланысты екендігі белгілі. Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына байланысты біздің сұраныстарымызды үнемі қолдап, зор көмек жасауда. 2013 жылға арналған аудан бюджетінің шығыстары 4 млрд 405 млн 532 мың болып бекіді. Салыстырмалы түрде алсақ 2010 жылдың басында бекітілген бюджеттен 2,4 есе артық. Екі жылдың ішінде аудан бюджетінің осындай екі жарым есеге жуық көбеюуі бұрын соңды аудан тарихында болмаған. Сонымен бірге аудан бюджетінің өз түсімдерін арттыруда үлкен жұмыстар атқарылды. 2012 жылдың басында жоспарланған аудан бюджетінің өз кірістері 74,4 млн тенгеге артық орындалды. Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 99,9 пайыз орындалды. Аудан бюджетін қалыптастырған кезде аудандық мәслихат депутаттарының сайлау алды бағдарламалары, халыққа берген уәделері негізге алынады. Аудандық мәслихат депутаттарының сайлау алды бағдарламаларындағы 123 басым бағыттың 27 орындалды, 57 орындалуда, 39 келесі жылдардың еншісінде.



Қорытынды

2012 жыл көлемінде аудан әкіміне 1202 өтініш келіп түсті, оның 698 қанағаттандырылды, 504 не түсінік берілді. Жыл көлемінде 29 қабылдау өткізіліп, оған 667 адам келді. 286 адамның өтініші қанағаттандырылды, 381 адамға түсінік берілді.

Халықа қызмет көрсету орталығы арқылы 16573 өтініш қабылданып 16427 дайын құжат берілді.

Мемлекет басшысының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2005 жылғы сәуірдегі №1546 Жарлығын іске асыру мақсатында 2012 жылғы 15-20 ақпан және 23-25 шілде аралығында қала, ауылдық округтер әкімшілік – аумақтарында есептік кездесулер өтті. Есептік кездесулерге елді мекен дердің 6413 тұрғындары қатысып 88 адам сөйледі. Жарыссөзге шығып сөйлеушілерден 113 ұсыныс-пікірлер түсті. Мазмұны жағынан экономикалық, әлеуметтік сипатта. Халықпен кездесуге байланысты қойылған жәшіктерден кездесу барысында ауызша және жазбашы 43 сұрақ түсті. Сұрақтарға аудан әкімі кездесу үстінде жауап берді. 31 жазбаша өтініштер заңдылыққа сәйкес орындаушыларға жолданып, жауаптары мерзімінде берілді.

Кездесу барысында берілген сұрақтар мен түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, лауазымды тұлғаларға арнайы тапсырмалар берілді. Бүгінгі күні 63 ұсыныс-пікір орындалып, 48-не түсінік жұмыстары жүргізілді. 2 ұсыныс-пікір бақылауда. Олар: Үлкен Қаратал, Қаратал, Шілікті ауылдарының «Ауыз су» және Қуаныш ауылы мен Көкжыра ауылдары арасын бөліп жатқан Жарлы өзеніне жаяу көпір салу мәселелері.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясында көзделген жаңа саяси бағыттың табысты басталуын қамтамасыз ететін 2013 жылғы бірінші кезекті міндеттерді атай отырып, үкіметке шұғыл түрде «2013 жылға арналған жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын» әзірлеу туралы тапсырма берді. Стратегияның жалпы сипатын баяндағанда Президент экономикада бүгінгі көзқарастар мен ұстанымдарда түбегейлі өзгерту қажеттігін атады. Соның ішінде, ауылшаруашылық өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайындағы басты міндеттерді айқындай отырып 2013 жылдың өзінде үкіметке ел агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасын әзірлеуді, осы мерзімге ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4,5 есе арттыруды тапсырды.

Онда ең жаңа агротехникаларды қолдануға бағытталған орта және ірі тауарлық ауылшаруашылық өнірістерін құру, игеру қолға алынбаған жерлерге салық мөлшерлемелерін көтеру, егістік алаңын ұлғайту, оның түсімін жаңа технологиялар негізінде көтеру, ылғалды үнемдеу технологиясына кешенді түрде ауысу міндеттерін қойды.

Сондай-ақ Елбасы экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу, ұлттық экономиканың жетекші күші кәсіпкерлікке жан- жақты қолдау көрсету, жаңа әлеуметтік үлгілерді, білім беру мен денсаулықты сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкерлілігін арттыруды айқындап, міндеттеді.



Алда тұрған міндеттер

Осынау ауқымды міндеттер аясында 2013 жылы ауданымыздың әлеуметтік экономикалық, дамуында саяси үрдісте үлкен міндеттер тұр. Қала, ауыл әкімдерінің сайлауы өткізіледі. Қала, ауыл әкімдері саяси мемлекеттік қызметшіден, әкімшілік қызметшіге ауысады. Оларға үлкен өкілетіктер беріліп жұртшылықпен бірлесе отырып, қаланың, ауылдардың әлеуметтік, экономикалық мәселермен тікелей шұғылданатын болады. Барлық қала, ауыл әкімдері 2012 жылы жаңа автокөліктермен қамтамасыз етілді. Елбасымыздың саясатын нақтылы іске асыру, Жолдауларында саралап көрсетілген міндеттерге байланысты облыс әкімінің тапсырмаларын орындауда 2013 жылы алдымызда үлкен жұмыстар тұр. Зайсан ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес бесжылдық жоспардың үшінші жылында көрсетілген барлық көрсеткіштерді асыра орындау үшін жыл басынан бастап жұмысымызды ширатуымыз керек. Ол үшін:

1. Ауыл шаруашылығы саласында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді 7 пайызға арттыру, ауылшаруашылығына салынатын әртүрлі ивестицияларды, субсидияларды көбейту,суармалы жерлерді игеруді, оның ішінде Үйдене су жүйесі желісі бойында егіс алқаптарын көбейту. Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді одан ары ұлғайту. Тамшылатып суаруды кеңінен игеру. Мал басын көбейту, оның өнімділігін арттыру,тұқымын асылдандыру жөніндегі жұмыстарды одан ары жалғастыру міндеттері тұр.

2. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруді айтарлықтай ұлғайту жөнінде пәрменді жұмыстар атқару, оны өндіруде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа резервтерді игеру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жақсарту.



3. «Жұмыспен қамту-2020» бағарламасына сай,тірек ауылдарын ары қарай дамыту. Сонымен бірге басқа ауылдарды назардан тыс қалдырмай әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында олардың дамуына жұмыс істеп, төмендегідей күрделі жөндеу құрылыс жұмыстарын жүргізу міндеттері тұр:


р/с

Атқарылатын құрылыс жөндеу жұмыстары

Сомасы (мың теңге)

1

Зайсан қаласында 600 оқушыға арналған 300 орындық интернатымен орта мектеп құрылысы

50000

2

Зайсан қаласында 140 орындық бала бақша салу

55000

3

Зайсан қаласында канализация жүйелері және тазалау қондырғысы құрылысын салу

555556

4

Зайсан қаласында 60 пәтерлі коммуналдық №2 тұрғын үй құрылысын салу

162744

5

Зайсан қаласындағы 60 пәтерлі коммуналдық №2 тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы мен абаттандыру жұмыстары

35268

6

Айнабұлақ ауылының ауыз су құбыры жүйесін және оларға құрылыстарды қайта жаңғырту

161666

7

Дайыр ауылының ауыз су құбыры жүйесін және оларға құрылыстарды қайта жаңғырту

324487

8

"Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыру

60000

9

Қаратал мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу

39221

10

Х Мұстафина атындығы мектептің ескі ғимаратын күрделі жөндеу

26592

11

Мукарама мектебінің ғимаратын ағымдағы жөндеу

65601

12

Айнабұлақ мектебінің ғимаратын ағымдағы жөндеу

35439

13

Биқадамов атындағы мектептің ғимаратын ағымдағы жөндеу

1980

14

Зайсан қаласында Рысқұлбеков атындағы скверді абаттандыру

25168

15

Зайсан қаласының Желтоқсан көшесінің аяғына сквер салу

1253

16

Зайсан қаласында спортсмендер аллеясын салу

3200

17

Зайсан қаласында Головченко, Спамбетов, Ибраев көшелерін жарықтандыру

4487

18

Жамбыл ауылын жарықтандыру

2280

19

Көгедай ауылын жарықтандыру

719

20

Қайнар ауылын жарықтандыру

1320

21

Жаңатұрмыс ауылын жарықтандыру

911

22

Қуаныш ауылын жарықтандыру

1601

23

Бақасу ауылын жарықтандыру

983

24

Саржыра ауылын жарықтандыру

985

25

Айнабұлақ ауылында балалар ойнайтын алаң салу

1216

26

Айнабұлақ ауылында саябақ салу

2578

27

Айнабұлақ ауылында хоккей алаңын салу

1176

28

Қарабұлақ ауылында спорт алаңын салу

9280

29

Қарабұлақ ауылында балалар алаңын салу

2105

30

Қарабұлақ ауылында хоккей алаңын салу

1176

31

Шілікті ауылында саябақ салу

2130

32

Қаратал ауылында спорт алаңын салу

9283

33

Сартерек ауылында спорт алаңын салу

9283

34

Дайыр ауылында спорт алаңын салу

9283

35

Сартерек ауылының су жүйесін жөндеу

7240

36

Біржан ауылындағы 5 пәтерлі тұрғын үйді жөндеу

18100

37

Қаратал ауылындағы мәдениет үйін жөндеу

20226

38

Шілікті ауылындағы мәдениет үйінің төбесін жөндеу

3957
4. Тиісті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізе отырып халыққа медициналық, білім беру, спорт, туризм, мәдениет қызметтерін көрсетуді жақсартып, жоғарғы көрсеткіштерге жетуіміз керек.

5. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметін осы бағытағы жаңа мемелекеттік саясатқа сай жұмысын жақсартып, кондоминиумдарды жасауды көбейту, «Термомодернизация» бағдарламасын іске асыру арқылы ауқымды жұмыстар атқару.

6. 2013 жылдан бастап іске асырылатын «Қазақстан Республикасының жергілікті өзін өзі басқару туралы тұжырымдаманы» орындау мақсатында жұртшылықпен, қоғамдық, мемлекетттік емес ұйымдармен жұмыс пәрменділігін арттыру.

7. Аудан экономикасының барлық саласында шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі дамыту.

Өткен 2012 жылғы еліміздің, Елбасымыздың тағы бір үлкен жеңісі - ЕXPО көрмесі 2017 жылы Астана қаласында өтетінін білесіздер. 1993 жылы Американың Чикаго қаласында өткен көрмеде Зайсан балы бірінші орын алған. Жеріміздің асты да, үстіде байлыққа толы.Қолынан іс келетін, патриот, жаңалыққа құмар кәсіпкерлеріміз Зайсан өнімдерін Қазақстандық брендке айландыра алады. Тек мақсат қойып алдыға ұмтылуымыз керек.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы бізден осындай ұмтылыстар мен жарқын істерді талап етеді. XXI ғасыр бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болатынына сенім білдірген Мемлекет басшысы, Қазақстан халқын жарқын болашаққа жол бастайтын еңбексүйгіштік пен ерік-жігер, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырды. Бұл қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат.

Ел болашағы жастар. «XXI ғасыр – Қазақстанның алтын ғасыры»атты басымдықтарды ойдағыдай жүзеге асыру, әсіресе қазақстандық жастарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Оларды патриоттыққа тәрбиелеуде және өндіріске бейімді етіп білім алуына нақты жұмыс істеуіміз керек. Бұл ретте, Елбасының жастарға жасап жатқан қамқорлығы мен қолдауы айрықша екендігі баршамызға аян. Оған дәлел откен 2012 жылдың қараша айында «Арман! Еңбек! Сенім!» деген атаумен өткен «Жас Отан» жастар қанатының Республикалық 2 съезі, онда қабылданған «Жастар Отанға 2020» Стратегиясы.

Аудан әкімі мен «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы аудандық «Бастау Зайсан» жастар ұйымымен, «Жас Отан» жастар қанатымен, басқа да қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып аудан жастарына барынша қолдау жасау міндетіміз.



Осыған орай, аудандық мәдениет үйінің жанынан «Жастар орталығы ашылды» Бұл орталық «Қазақстан 2050» Стратегиясы аясында мемлекетіміздің мәңгілік ел болу жолындағы бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастық жолындағы ұлы істерді өз қолымен жасауға жігерлендіретін орталық болуы тиіс.

Құрметті жерлестер! «Қазақстан - 2050» Стратегиясында айқындалған алғашқы 2013 жылдың міндеттерін орындау, ұзақ мерзімді басымдықтар жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Халқымыздың бір туар Президенті Н..Ә. Назарбаев нұсқаған бағытқа береке-бірлікпен, белсенділікпен бет алу баршамыздың басты парызымыз деп білемін.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет