Заманауи педагогикалық технологиялар


Барлық іскерлік ойындар технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата06.09.2023
өлшемі348.68 Kb.
#476731
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СОВР-ПЕДТЕХ-КАЗАХ

Барлық іскерлік ойындар технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады.  
 
Дайындық. Сценарий әзірлеу – жағдайды және объектіні шартты белгілеу. 
Сценарийге сабақтың оқу мақсаты, мәселенің сипаттамасы, алға қойылған міндетті 


негіздеу, іскерлік ойынның жоспары, рәсімнің сипаттамасы, қатысушы 
тұлғалардың мінездемелері кіреді.
 
Ойынға кіріспе. Ойынға қатысушылар, ойынның шарты, сарапшылар, басты 
мақсаты хабарланады, мәселенің көтерілуі мен жағдаятты таңдау негізделеді. 
Материалдар дестесі, нұсқаулықтар, қағидалар, ұстанымдар айқындалады.
 
Ойын барысы. Ол басталғанда ешкімнің араласуға және оның барысын өзгертуге 
құқығы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушылардың іс-әрекеттерін түзете алады, егер 
олар ойынның негізгі мақсатынан ауытқып кетсе.
 
Ойынның нәтижелерін талдау және бағалау. Сарапшылардың сөз сөйлеуі, пікір 
алмасу, оқушылардың өз шешімдері мен тұжырымдарын қорғауы. Қорытындыда 
мұғалім жеткен нәтижелерді баяндайды, жіберілген қателіктерді атап өтеді, 
сабақтың соңғы қорытындысын тұжырымдайды.
Мәселелі оқыту технологиялары
Мұндай оқыту оқушылардың қалыптастырылушы мәселелі жағдайларда теоретикалық 
және іс-тәжірибелік міндеттерді шешу барысында жаңа білім алуына негізделген.
Мұның әрқайсысында оқушылар шешімді өз бетімен іздеуге мәжбүр, ал мұғалім оқушыға 
жай ғана көмектеседі, мәселені түсіндіреді, оны тұжырымдайды және шешеді. Мысалы, 
мұндай мәселелерге физика заңын, емле ережесін, математикалық формуланы, 
геометриялық теореманы дәлелдеу тәсілін және т. б. өз бетімен шығаруды жатқызуға 
болады. Мәселелі оқыту мына кезеңдерден тұрады:
 
ортақ мәселелі жағдайды түсіну;
 
нақты мәселені талдау, тұжырымдау;
 
шешім (болжамдарды ұсыну, негіздеу, оларды ары қарай тексеру);
 
шешімнің дұрыстығын тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет