Заманауи педагогикалық технологиялар


Мәселелі жағдайлар құру қағидалары



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата06.09.2023
өлшемі348.68 Kb.
#476731
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СОВР-ПЕДТЕХ-КАЗАХ

Мәселелі жағдайлар құру қағидалары 
 
Оқушыларға іс-тәжірибелік немесе теоретикалық тапсырма беріледі, оны орындау 
білімді ашуды және жаңа машықтарды меңгеруді талап етеді.
 
Тапсырма оқушының зияткерлік мүмкіндіктеріне сай болуға тиіс.
 
Мәселелі тапсырма жаңа материалды түсіндіргенге дейін беріледі.
 
Мұндай тапсырмалар мыналар: меңгеру, сұрақты қалыптастыру, іс-тәжірибелік 
әрекеттер.
 
Бір мәселелі жағдай әртүрлі тапсырмалардан туындауы мүмкін.
Оқытудағы мәселелік деңгейлері
 
Мұғалім мәселені (міндетті) өзі көтереді және оны оқушылардың белсенді зейіні 
мен талқылауы арқылы шешеді (дәстүрлі жүйе).
 
Мұғалім мәселені көтереді, оқушылар өз бетімен немесе оның жетекшілігімен 
шешімін табады; ол шешу жолдарын өз бетімен іздейді (жекелей-ізденушілік әдіс).
 
Оқушы мәселені көтереді, оқытушы оны шешуге көмектеседі, оқушының мәселені 
өз бетімен тұжырымдау қабілеттілігі тәрбиеленеді (зерттеушілік әдіс).


 
Оқушы мәселені өзі көтереді және өзі шешеді (зерттеушілік әдіс).
Мәселелі оқытуда зерттеушілік әдіс басты орын алады, мұнда оқу жұмысы оқушылар 
білім алудың ғылыми әдістерімен танысатын, ғылыми әдістер элементтерін меңгеретін
жаңа білімді өз бетімен алу машықтарын игеретін, ізденуді жоспарлайтын және өзі үшін 
жаңа тәуелділікті немесе заңдылықты ашатын деңгейде ұйымдастырылады.
Мұндай оқу үдерісінде оқушылар логикалық, ғылыми, диалектикалық, шығармашылық 
тұрғыдан ойлануға машықтанады; олар алған білім дәлелдерге айналады; олар тереңнен 
қанағаттанушылық, өзінің мүмкіндіктері мен күштеріне деген сенім сезімін басынан 
өткереді; өз бетімен алған барынша мықты.
Алайда, мәселелі оқыту үнемі оқушыға қиындық тудыратын дүниелермен тығыз 
байланысты, ойлану мен шешу жолдарын іздеуге дәстүрлі оқытумен салыстырғанда 
барынша көп уақыт кетеді. Педагогтар жоғары педагогикалық шеберлік талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет