Статистикалық жұп. Мұнда қалауы бойынша екі оқушы біріктіріледі, олар
рөлдермен алмасады: «мұғалім» мен «оқушы». Осылай өзара психологиялық
үйлесімділік жағдайында екі әлсіз, екі мықты, мықты және әлсіз оқушы жаттыға
алады.
Динамикалық жұп. Төрт оқушы таңдалады және оларға төрт бөліктен тұратын
тапсырма беріледі; оқушы тапсырманың өзіне берілген бөлігін орындағаннан және
өзіндік бақылаудан кейін тапсырманы үш рет талқылайды, яғни әрбір әріптесімен,
әр кезде оның баяндау логикасын, екпінін, қарқынын және т. б. ауыстыру керек,
яғни жолдастарының жеке ерекшеліктеріне бейімделу тетігін іске қосу керек.
Вариациялық жұп. Мұнда топтың төрт мүшесінің әрқайсысы өз тапсырмасын
алады, оны орындайды, мұғаліммен бірге талдайды, қалған үш жолдастарымен
сызба бойынша өзара оқытуды жүргізеді, нәтижесінде әрқайсысы оқу мазмұнының
төрт үлесін меңгереді.
Ұжымдық өзара оқыту технологиясының басымдықтары:
үнемі қайталанып отыратын жаттығулардың нәтижесінде логикалық ойлау және
түсіну дағдылары жетіледі;
өзара араласу барысында жадысы іске қосылады, алдыңғы тәжірибе мен білімді
жұмылдыру мен өзектендіру жүреді;
әрбір оқушы өзін емін-еркін сезінеді, жеке қарқында жұмыс істейді;
тек өзінің жетістіктері үшін ғана емес, сонымен бірге ұжымдық еңбектің
нәтижелері үшін жауаптылығы артады;
сабақ қарқынын ұстап тұру қажеттілігі жойылады, бұл ұжымдағы шағын ортаға оң
әсерін тигізеді;
тұлғаның адекватты өзіндік бағасы, өз мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін,
артықшылықтары мен шектеулерін бағалауы қалыптасады.
Бір ақпаратты бірнеше ауыспалы әріптестермен талқылау ассоциациялық байланыстар
санын арттырады, сәйкесінше, барынша мықты меңгеруді қамтамасыз етеді.
Ынтымақтастық технологиясы
Шағын топтарда оқуды білдіреді. Ынтымақтастықта оқудың басты идеясы – бір-бірін
көмектесіп қана қоймай, бірге оқу, өзінің жетістіктері мен жолдастарының жетістіктерін
ұғыну.
Ынтымақтастықта оқуды ұйымдастырудың бірнеше нұсқасы бар. Шағын топтардың
жұмысын ұйымдастырудың барлық нұсқасына тән негізгі идеялар – мақсаттар мен
міндеттердің ортақтығы, жеке жауаптылық және жетістіктің тең мүмкіндіктері.
|