Зертханалық жұмыс №3 Сызықтар мен мәтінді пайдаланып сурет жасау



бет2/6
Дата23.11.2022
өлшемі405.55 Kb.
#465540
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Зертханалық жұмыс CorellDraw

Сабақтың көрнекілігі:компьютерлер, интерактивті тақта.



Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі: Аудиторияның тазалығын тексеру,студенттерді түгендеу.___
2.Зертханалық жұмыс


Теория

CorelDRAW –да сызықтар үлгісіне негізінен екі ұғымқалыптасқан: түйін және сегмент. Түйін деп – бейнелеу жазықтарында сегменттің бастапқы және ақырғы орнын көрсететін нүктені атайды


Сегмент деп – көршілес екі түйіндерді қосатын сызықтардың бөлігін атайды. Түйіндер мен сегменттер бір - бірімен тығыз байланысты: тұйықталған сызықтарда қанша түйін болса, сонша сегменттер болады, ал тұйықталмаған сызықтарда бір түйін артық болады.
«Сызықтар» терминімен қисықтар (curve) класына қатысты объектілерді атауға болады.
CorelDRAW –да барлық сызықтар түйіндер мен сегменттерден тұрады, және олардың барлық операциялары сызықтармен орындалады. Сегменттің түрін толығымен түйін анықтайды, сондықтан тұйықталмаған сызық үшін шеткі екі түйіннің бастапқысын, ал тұйықталған сызық үшін – сызықтардың бағытын (сағат тілі бойынша немесе оған қарсы) білу керек. Сегменттердің түрлері бойынша түйіндерді үш түрге: тұйықталмаған қисықта бастапқы түйін, сонымен қатар түзу сызықты (line) және қисық сызықты (curve) түйіндер деп бөледі.
1 – суретте 1- аралық түйін және түзусызықты сегмент - ақырғы түйін, 2 - аралық түйін – қисықсызықты сегмент көрсетілген.
Қисық үшін жолақтың ортаңғы бөлігінде объектінің класы Curve on Layer1 (1 қабаттағы қисық), ал оның сол жағында – қисық түйіндерінің саны белгіленіп жазылады.

1 – сурет. Сегменттер және сызықтардың түйіндері

Егер де қисықты бойлай орналасқан түйіндерді алдын - ала Shape (Форма) инструментімен бөліп белгілеп, түйіндерді белгілемесе де, түйіндердің барлық компоненттері 2 – суреттегідей экранда суреттеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет