Зертханалық жұмыс №3 Сызықтар мен мәтінді пайдаланып сурет жасау



бет4/6
Дата23.11.2022
өлшемі405.55 Kb.
#465540
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Зертханалық жұмыс CorellDraw

Artistic Media инструменті және сызықтардың енінің ауыспалылығы
Artistic Media (Суперсызық) инструментінің көмегімен «суперсызықтар» класының құрама объектілері салынады. Бұл объектілердің әрқайысысы екі бөлімнен – басқарушы объектінің ролін атқаратын және тұтастай құрама және бағынушы объектілердің негізгі параметрлері мен бөлшектерін анықтайтын сызықтардан тұрады. Бағынушы объектінің ролін тұйықталған қисық сызық немесе CorelDRAW-дың еркін объектілері, суперсызықтарды тұрғызуға дейін жасай алады.
Artistic Media (Суперсызық) инструменті өте кең спектрде бірнеше тәртіп бойынша суперсызық объектілерінің соңғы құрылымдық құрамымен емес, олардың бір-бірінің құрылымдық тәсілдерінің айырмашылықтарын жүзеге асыруда жұмыс істей алады.
Artistic Media (Суперсызық) инструментінің жұмыс тәртібі атрибуттар панелінің көмегімен орындалады, ол инструментті таңдап алғаннан кейінгі нүсқасы 6 - суретте көрсетілген.

6 – сурет. Artistic Media инструментінің атрибут панелі (Суперсызықтар)
Тапсырма №1. Artistic Media құралын пайдаланып түрлі формадағы сызық сызуды орындаңыз.

  1. Аспаптар панелінен  құралын таңдап алыңыз.

  2. Сызық түрін таңдаңыз.

  3. Суперсызық салуды орындаңыз.

  4. Әр түрлі құюды пайдаланыңыз.



Тапсырма №2.
Шырша жапырағын салуды орындаңыз.


Жұмыстың орындалу әдістемесі



  1. контур

  2. градиентпен құю

  3. жапырақтың шашырап тұрғанын ету

  4. эллипстің әр түрлі размердегі клонировать ету керек.

Жоғарыда жазылғандағыдай:
Бір жапырақты салғаннан кейін және көшіру = тоқтату функциясы арқылы көбейтуге болады. Фонның үстіне шырша жапырағын орналастырамыз (қармен толықтыруға болады). Шырша жапырағының үстіне шарик орналастырамыз. Қарларды керекті жерлерге толықтырамыз.



Corel Draw мәтіннің екі типі бар:
1. фигуралық мәтін - artistic
2. қарапайым-paragraph. Қарапайым мәтіндердің форматталуы өте жоғары деңгейде. Мәтіндік абзац жолына 32000 символға дейін жазуға болады, ал жолдардың саның кез келген санымен алуға болады.
Фигуралық текстте графикалық объектілердің қасиеттері бар. Графикалық мәтінге әртүрлі фигуралық эффектілерді қолдануға болады. Көпшілік жағдайда фигуралық мәтінді шағын мәтін жазу үшін пайдаланылады.
Мәтінді түзету үшін тікелей Corel Draw редакторында немесе Текст менюінен ашылатын Edit Text диалог терезесінде немесе атрибуттар панеліндегі () көмегімен жөндеуге болады. Атрибуттар панелінің көмегімен мәтіннің параметрлерін өзгертуге болады.
Фигуралық мәтіннің атрибуттары. Әрбір анықталған белгілердің атрибуттары төменде келтірілген.

  • Гарнитура (font). Гарнитура деп – шрифттарды дизайнердің көмегімен өңдеген, алфавит символдарының суреті аталады. Әрбір гарнитуралардың өздеріне тиісті нөмірлері болады.

  • Кегль (size). Кегль деп – пункттердегі мәтін символдарының биіктігі аталады. Кейде гарнитура мен кегль үйлесуі шрифт деп аталады. Фигуралық мәтіннің сыртқы түріне әсері 1 - суретте көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет