2- сурет. Сызықтардың түйіндерін қондыру
Бөліп белгіленген түйінде қисық сызықтың сегменттерінің жанасуы бастапқы нүкте болып суреттеледі. Ол экранда қарамен боялған квадраттардың штрихты сызықпен қосылған түйін түрінде көрсетілген. Бұл штрихты сызықтар қисық сызықты сегменттердің түйіндермен жанасуымен дәл келеді. Бастапқы нүкте түйіннен анағұрлым қашықта орналасса, қисық сызықты сегменттің түйінмен жанасуы соғұрлым бәсең ауысады. Түйінді бөліп белгілеу барысында, қисық сызықты сегментті екіге бөлетін, әрбір сегменттің екі жағында экранда төрт бастапқы нүкте суреттеледі.
Түйіннің типтері (ол жолақта суреттеледі) олардың бастапқы нүктелерімен өзара орналасу мүмкіндігімен анықталады.
Сындыру нүктелері. Егер де түзу сызықты екі жанама сегменттер бұрыш жасап, бір түйінде түйісетін болса, онда ол сынық нүктесі деп аталады.
3 – сурет. Сындыру нүктелері: а) түзу сызықты сегменттермен түйіскен жағдайда; б) түзу сызықты және қисық сызықты сегменттермен түйіскен жағдайда; в) екі қисық сызықты сегменттермен түйіскен жағдайдағы нұсқасы.
Егер де бір түзуде жанама екі сегменттер түйісетін болса, онда ол тегістелген түйін деп аталады. 4 - суретте тегістелген түйіндерге мысалдар келтірілген.
4 – сурет. Тегістелген түйіндер: а) түзу сызықты және қисық сызықты сегменттермен түйіскен жағдайда: б) екі қисық сызықты сегментпен түйіскен жағдайдағы нұсқасы
Симметриялы түйін. Симметриялы және тегістелген түйіндер бастапқы түйіндер деп аталады. Симметриялы түйіндердің сынық нүктелер мен тегістелген түйіндерден айырмашылығы олар айтарлықтай сирек қолданылады. Симметриялы түйіндерге 5 – суретте мысал келтірілген.
5 – сурет. Симметриялы түйінге келтірілген мысал
Сызықтар және Freehand инструменті
Freehand инструменті (еркін қисық) тышқан тетігінің көмегімен траекторияны қисыққа өзгертеді. Сол үшін сызықтардағы түйіндер мен сегменттер Freehand инструментінің параметрлерімен сәйкес автоматты түрде қалыптастырылады, олардың параметрлерін тек ерекше қажет болған жағдайда ғана өзгертуге болады. Freehand (еркін қисық) инструментімен салынған сызықтар келесі түзетулерді қажет етеді. Өзіміздің көзімізді жеткізу үшін және осы инструментпен жұмыс жасауды меңгеру үшін келесі жаттығуларды орындаймыз
Сызықтар және Bezier инструменті. Bezier (Безье қисық сызығы) инструментімен қисықты салу қисықтың әрбір түйіндерімен жұмыс жасау реттілігі болып табылады. Циклді орындау инструмент көрсеткішімен түйіннің орналасу нүктесін көрсетуден басталады. Сосын тышқан тетігін басып ұстау арқылы, бастапқы нүктенің орнын нақтылап алып (бірінші түйіннен сосын –оның айналасынан), оларды тышқан тетігімен созып тарту керек.
Автоматты түрде симметриялық түйіндер жасалады, бірақ егер де пайдаланушы тышқан тетігін жіберіп, оның орнына түйіннің модификатор-клавишаларын пайдаланса, онда тегістелген түйін немесе сынық нүктесі жасалады.
Тышқан тетігін жіберу кезінде түйіннің типтері мен бастапқы нүктенің орны, сонан кейін келесі түйін циклі анықталады. Циклдан шығу үшін бос орынға тышқан тетігін басу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |